Нұр-Сұлтан станциясының пойыз құрастырушысы «Алғыс хат» алды

ҚТЖ келбеті
30.07.2021, 11:37
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Төл мереке қарсаңында Нұр-Сұлтан станциясының пойыз құрастырушысы Әбілғазы Нағмадин «ҚТЖ» ҰК» АҚ басқарма төрағасының Алғыс хатына ие болды. Теміржолда 13 жылдан бері еңбек етіп келе жатқан Әбілғазы – Сыр өңірінің, соның ішінде Қазалының тумасы. Әкесі өмір бойы локомотив депосында еңбек еткен, қазір оның өзі де, қалған бауырлары да сол әке жолын қуып, тағдырын теміржолмен байланыстырып отыр. Оны бүгінде басшылық кәсіби біліктілігі, төтенше жағдайлар кезінде бірнеше рет қауіпсіздік талаптарының бұзылуының алдын алғаны, қашан да озық білім мен тәжірибені үйренуден жалықпайтыны үшін жоғары бағалайды. Пойыздық және маневрлік жұмыстар кезінде ақаусыз жұмыс істеп, кіреберіс жолдардан вагондарды дер кезінде алып, уақытылы беріп отырады. Тасымалданып келе жатқан жүктер мен вагон паркінің сақталуын қамтамасыз етеді. Осындай еңбегі үшін ол бұған дейін де Еңбек қорғау және техникалық қауіпсіздік бойынша және мерекелерде бірнеше марапаттарға ие болған. Теміржолшылар әулетінде дүниеге келген Әбілғазы мектептен соң Ақтөбедегі теміржол техникумына оқуға түседі. Еңбек жолын елордаға 2006 жылы келіп бастаған, станцияда әуелі белгі беруші, сосын реттеуші болып жұмыс істейді.

– Бір ауысымға үш адамнан түсеміз, 4 бағытта пойыздар шығара береміз. Бір ауысымда 15-17 пойыз шығарамыз. Күнделікті жұмыстағы басты құралдарымыз – рация, жалауша, ысқырық. Маневрлік жұмыстар кезінде машинист және парк кезекшісімен байланысты жұмыс істейміз. Жалпы пойыз құрастырушы дегеніміз – түрлі құрамдардағы пойыздарды құрастыру, тарқату ісімен айналысатын қызметкер. Олар пойыздар қозғалысын басқарады да, әрі сол жұмысты өздері атқарады, – дейді пойыз құрастырушы.

Ұжым Алғыс хат алуға лайықты деп тапқан теміржолшы жетістікке жетуіне компания тарапынан білім жетілдіру шараларының жақсы жүргізілуі сеп болғанын айтады. Станция басшылығы кезекпен Қарағандыға 10 күнге оқуға жіберіп тұрады. Оның техникалық сабақ беретін Ақтоқты Ораққызы мен еңбек қорғау жөніндегі инженер Айымгүл Аубакишеваға айтар алғысы шексіз. «Екеуі де менің бір нағыз ұстазым, тәлімгерім сияқты. Сабақты жақсы үйретеді, жанашыр, тіпті туған әпкеміз, анамыз сияқты болып кеткен. Ұжымда ауызбіршілік мықты болса өз ісіңе деген құлшыныс пен ынта да арта түсері сөзсіз», – дейді ол. Бүгінде екі баланың әкесі Әбілғазы Еділбекұлы ата жолына берік болып, кәсібі мен нәсібін болат жолдан тапқанына риза екенін айтады.

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті