Теміржолшылар ордасы Мақатта ұрпақ сабақтастығы лайықты жалғасын тауып отыр

ҚТЖ келбеті
30.07.2021, 12:35
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Жалпы, Мақат – теміржолшылар мекені. Сонау 1936 жылы осы жерге тар табанды темір жол төселгеннен бері жүздеген жан теміржолшы кәсібін игеріп, саланың өркендеуіне үлес қосты. Негізгі өндірістік мекеме темір жол болғандықтан, ұрпақтар сабақтастығы жалғасып, бүгінгі күнге дейін бірнеше буын теміржолшы әулеті қалыптасты. Біздің кейіпкеріміз Нұрмұханов Асылбек Сисенғалиұлы – Мақат локомотив пайдалану депосында 30 жылдың үстінде еңбек етіп келе жатқан азамат. Мақаттың төл тумасы, бала кезінен темір жолдың тірлігіне қанып өскен жігіт. 1983 жылы Гурьев темір жол техникумының Тепловоз шаруашылығы бөліміне оқуға түсіп, инженер-техник мамандығы бойынша оқиды. 1985-1987 жылдары Москва маңындағы мотоатқыштар әскери бөлімшесінде Отан алдындағы борышын өтеп келген соң оқуын қайта жалғастырады. Техникумды ойдағыдай бітірген соң Мақат локомотив пайдалану депосында еңбек жолын жөндеушіліктен бастайды. 1990 жылдан тепловоз машинисінің көмекшісі болып он жыл еңбек етеді. Бұл жылдарда пойыздар қозғалыс қауіпсіздігін сақтау, техниканы пайдалану, технологиялық процестерді сақтауды берік үйренеді. Содан соң тепловоз машинисі болды. Әуелі оған 3-ші, сосын 2-ші, кейін 1-ші дәрежелі машинист біліктілігі берілді. Тепловоз машинисінің нұсқаушысы болып та екі жылдай істеді. Бүгінде темір тұлпар тізгінін ұстап, жүк айналымының артуына және жолаушы тасымалының жақсаруына өз үлесін қосып жүр. Нақ қазіргі уақытта Мақат-Атырау, Мақат-Бейнеу, Мақат-Сағыз бағытына қатынайтын жолаушы пойыздары тасымалына қызмет көрсетеді. Өнегелі отбасында өскен Асылбек балаларын да еңбекке баулуда. – Әкеміз мектепте мұғалім болды. Ол кезде мұғалімдер беделі жоғары болды ғой. Сондықтан да бізді анам екеуі үнемі «ұят болады» деп тәрбиелеп, жақсылыққа бағыштап отырды. Отбасыда екі баламыз. Апам Мәншүк те теміржолшы, станция кезекшісі болып істейді. Жолдасымның да аты Мәншүк, ол да темір жолдың жол жөндеу мекемесінде қызмет атқарады. Наурызбек, Айбек, Айдос, Әділжан есімді құдай берген төрт баламыз бар. Осы балалардың жұмыс жасап, қатарға қосылып кеткенін қалаймыз, – дейді Асылбек. Ол Келдібаев Нұрлан, Қалмұханов Қанат сынды ағаларын ерекше ілтипатпен еске алады. Өйткені жас кезінде еңбекке баулып, тепловоздың қыр-сырын үйреткен, ақылшы аға, білікті ұстаз бола білген азаматтар еді.

«Уақыт өтіп, ендігі кезек бізге келді, жастарды үйретіп, жұмысқа бағыттап отыру, тәлім беру – енді біздің міндетіміз», – дейді ол.

Биылғы теміржолшылардың кәсіби мерекесіне орай машинист Асылбек Нұрмұханов «Адал еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталып отыр.

Жаңалықтар
09.01.2026
Байланыс желісіне жоспарлы диагностика жүргізілді
Жолаушылар тасымалы
09.01.2026
Маңғыстау – Ақтөбе: жаңа вагондар жолға шықты
ҚТЖ келбеті
09.01.2026
Үздік вагон қараушы – Шуда
Қауіпсіздік
09.01.2026
Теміржолшылар жасанды интеллект көмегіне жүгінді
Аймақтар
09.01.2026
Маманнан маңызды дәріс
Аймақтар
09.01.2026
Тараздық студенттер теміржол тарихымен танысты
Әлеумет
09.01.2026
Қызыққа толы каникул
Жаңалықтар / Мұрағат
09.01.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №1 09 қаңтар 2026 жыл
ҚТЖ келбеті
08.01.2026
Қырық екі жыл – темір жолда
Жүк тасымалы
08.01.2026
ҚТЖ желісі бойынша астық тасымалдау 2025 жылы 30% өсті
Аймақтар
08.01.2026
Дарынды балалар қолдауға ие
Жүк тасымалы
08.01.2026
2026 жылғы алғашқы Қытай-Еуропа пойызы Сианьнан аттанды
Жаңалықтар
08.01.2026
Магистральдық желі дирекциясы экологиялық бастамаларды жүзеге асыруда
Жолаушылар тасымалы
06.01.2026
ҚТЖ тас жолдардың жабылуына байланысты жолаушыларды тасымалдау үшін электр пойыздарды тағайындады
Жаңалықтар
06.01.2026
ҚТЖ қызметкерлердің санитарлық-тұрмыстық жағдайларын жақсартуда
Әлемде
06.01.2026
Ресейдің Амур облысында жүк пойызының 35 вагоны рельстен шығып кетті
Қауіпсіздік
06.01.2026
Семейде сақтық шаралары күшейтілді
Жаңалықтар
06.01.2026
Теміржолшылар жайлы жаңа телехикая көрсетілімде
Әлемде
06.01.2026
Alstom Мексиканың жаңа теміржол дәліздері үшін 47 пойыз жеткізеді
Жаңалықтар
06.01.2026
ҚТЖ жол шаруашылығы паркі заманауи техникамен толықты