Жол күтімінде инженерлердің де үлесі зор

ҚТЖ келбеті
30.07.2021, 12:43
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Түрксібтің төл туындысы саналатын Шар станциясының тумасы Бақытжан Шинжина Жаңа-Семей жол дистанциясының есігін имене аттағаны кеше ғана сияқты еді. Содан бері, міне, 25 жылға жуық уақыт зымырап өте шығыпты... Алғашқыда техникалық бөлімде техник болды. Жоғары білім алған соң қызметі де, оған сай жүктелетін жауапкершілігі де артты. Бүгінде ПЧ-40 жетекші инженері болып абыройлы қызмет атқаруда. Тек бір ұжымда ғана табан аудармастан еңбек етіп келеді. Жолдың ағымдық күтімін жүргізу, көктем мен күзде комиссиялық тексерулер өткізу – өзіндік қиындығы бар күрделі жұмыс. Дистанцияға келіп түсетін, ауыстырылатын рельстер мен шпалдар, жол машиналарының жұмысы, т.б. жайлы есеп-қисаптың барлығы тікелей Бақытжан Слямғазықызының алдынан өтеді. Бұл ретте құжаттамалық іс-қағаздардың барлығы, жазғы жол жөндеу жұмыстары мен қысқы қар сенбілігіне қатысты нақты шешім қабылдауда басшылық тарап Бақытжан Слямғазықызының да пікір-ұсынысын ескеретінін айта кету ләзім. Ондайда ұзақ жылғы тәжірибе мен нағыз кәсіби маман иесіне тән түйсік кейіпкерімізге көмекке келеді екен.

– Бақытжан Слямғазықызының орны бөлек. Жұмыстағы жеделдік, қабілет, позитивті көңіл күй қашан да абырой әпереді емес пе!? Бұл ретте әріптесіміз озық оймен, мол тәжірибесімен де дараланады. Өзі еңбек ететін бөлімнің жұмыстарына қатысты бағыт-бағдар әзірлеуде, жаңа жобалар мен жоспарлар құруда тиянақты да тыңғылықты еңбегімен сенімнен шығады. Оның сыртында техникалық құжаттамаларды әзірлеуде өте сауатты маман, жауапкершілік – оның ең басты қасиеті, – дейді бұл орайда ПЧ-40 мекемесінің техникалық бөлім бастығы Ғафур Рахымбаев.

Басшылық Бақытжан Слямғазықызының зор жауапкершілігі мен кәсібилігін аса жоғары бағалайды екен. Кейіпкерімізбен жарты сағаттық сұхбат барысында оның дистанциядағы 286 адамның функционалдық қызметі мен 239 шақырымдық бас жолдың техникалық сипатын, желі бойындағы дистанцияға қарасты 20 станциядағы жолшылар қосындарының ахуалын мүдірмей айтатын есте сақтау қабілетіне таң қалдық. Мұнымен қоса, өткен жылдар мен ағымдағы жылдағы жол күтіміндегі ерекшеліктер, дистанция паспорты бойынша фактіге қанықтық. Жаңа-Семей мен Жарма аралығындағы бір бағытты желі бойын ат ізін суытпай жиі шарлайтын жетекші инженердің назарынан еш нәрсе таса қалмайды екен. «Жауырды жаба тоқитын» кейбір жол шеберлері мен бригадирлер де Бақытжаннан ештеңе жасыра алмайды екен. Кешегі Дәулет Садықов, бүгінгі Жамбыл Бұланбаев, Мұрат Мамырбаев сынды жол тарландарымен бірлесе еңбек етіп, солардың тәлімін көрген, нағыз теміржолшыға тән қасиеттері бар Бақытжан Шинжина биылғы кәсіби мерекеге орай «Үздік маман» төсбелгісімен марапатталды.

Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті