Кәнігі маманның шеберлігі жүк ауырлап, жұмыс көбейгенде білінеді

ҚТЖ келбеті
30.07.2021, 14:08
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Дөң жүк станциясы Хромтау ауданының іргесінде орналасқан. Ел экономикасына кіріс әкеліп отырған өндірісті аумақта жұмыс көлемі жыл санап артып келеді. Комбинатта өндірілетін кеннің басым бөлігі станция арқылы Ақтөбе және Ақсу ферроқорытпа зауыттарына жеткізіледі. Еліміздегі ең ірі кәсіпорынның тасымал қызметін жауапкершілігіне алған Дөң станциясындағы тауар кассирі – газетіміздің мерекелік санында үздік теміржолшыға лайық кейіпкердің бірі. Гүләйім Божаева – жерасты байлығы мол Дөң бойында өскен қыз. Бүгінде өндірістік аймақтағы тәжірибелі теміржолшылардың бірі. 1981-1986 жылдары Алматы теміржол көлігі инженерлері институтын жүк тасымалын ұйымдастыру мамандығы бойынша бітірген. Алдымен Екібастұз станциясында кезекші болып еңбек жолын бастайды. 1988 -2011 жылдар аралығында Алтынтау станциясында жұмыс істеді. 2011 жылдан бастан Дөң станциясында тауар кассирі. Тау-кен байыту комбинатынан күніге жүздеген вагон тиеп отырған станция қызметкерлерінің әр күні қарбалас. Сондай ауыр да қауырт жұмыс Гүлайым секілді өр мінезді қайратты жандардың ғана қолынан келетін сияқты. «Теориялық білім мен тәжірибенің екі бөлек болатынын көзімізбен көрдік. Тәжірибелі теміржолшылардың ұстаханасынан өтіп ысылдық. Мамандықтың жауапкершілігін қызған еңбек майданында сезіндік. Қазір осы Дөң станциясында еңбек етіп жатқаныма 10 жыл. Өндірісті аумақтағы жүк станциясының жұмысы аса қауырт та жауапты», – дейді Гүләйім Божаева. Дөң станциясының тауар кассирі Көлік саласы қызметкерлерінің төл мерекесіне орай бірнеше жыл қатарынан басшылықтың Құрмет грамотасын иеленген. Биыл ол «Кәсібі бойынша үздік» төсбелгісіне лайық деп танылды.

Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл
Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды
Әлемде
17.09.2026
Өзбекстанда Қытайдың екінші CRRC пойызы қатынай бастады
Жаңалықтар
17.09.2026
Отар – Шу учаскесіндегі оқу-жаттығуға өрт сөндіру пойызы қатысты