Теміржолда 45 жыл еңбек еткен қызылордалық маман ерте зейнетке шықты

ҚТЖ келбеті
18.08.2021, 10:34
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Қызылорда жол дистанциясының ұжымы тәжірибелі теміржолшы Досжан Тәжімұратовты ерте зейнет демалысына шығарып салды. «Адал еңбегі үшін» төсбелгісінің иегері болат жолда 45 жыл тер төккен екен. Досжан Жақыпұлы 1958 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген. Алматы теміржол техникумын, кейін Алматы теміржол көлігі институтында жоғары білім алған. Осы жылдар ішінде Қызылорда жол дистанциясында жол бригадирі, жол шебері, аға жол шебері, телім бастығы, дистанция бастығының орынбасары және диагностика бөлімінің басшысы қызметтерін абыройлы атқарған. Дистанциядағы құрылымдық өзгерістерге байланысты диагностика бөлімінің қысқартылуына және денсаулығына орай ерте зейнетке шығуға өзі арызданыпты.

– Қызылорда жол дистанциясында еңбек жолын өткізген әріптесіміз Досжан нағыз өз ісінің маманы болды. Оның дистанцияның өсіп-өркендеуіне қосқан үлесі зор, еңбегі ерен. Осы уақытқа дейін тәрбиелеген талай шәкірті аймақ теміржолында еңбек етуде. Әріптесімізді зейнет жасына қимасақ та уақыт өз дегенін жасайды екен. Енді, қырық жылғы бейнеттің зейнетін көрумен бірге денсаулығын күтіп, бала-шағасының ортасында ұзақ өмір сүріңіз деген тілекпен шығарып салып отырмыз, – дейді дистанция кәсіподағы ұйымының төрағасы Ғалия Ноғайбаева.

Жолшылар ұжымының дәстүрі бойынша иығына шапан жабылып, бағалы сый-сияпатқа кенелген жолшы әріптестеріне алғыс айтып, еңбекте табыс тіледі.

Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда