Даңқты теміржолшы тұрған үйге ескерткіш тақта ілінді

ҚТЖ келбеті
20.09.2021, 10:59
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Қызылорда қаласының солтүстік бөлігіндегі «Шанхай» тұрғын ауданында даңқты теміржолшы Ізбас Байбосынов тұрған үйге ескерткіш тақта ілінді. Салтанатты шараға қатысқан теміржолшылар мен ардагерлер ел басына күн туған қиын-қыстау жылдары жанқиярлықпен еңбек еткен Ленин орденді жерлестері туралы естеліктерімен бөлісті. 1901 жылдың наурыз айында Бірқазан станциясында шаруа отбасында дүниеге келген Ізбас Әбдіраманұлы осы ауылда бес кластық білім алып, станциядағы жол жөндеу мекемесіне 1918 жылы жұмысшы болып қабылданған екен. Ақтар мен қызылдар алма-кезек алмасып келіп-кетіп жатқан азамат соғысы жылдары да табан аудармай 12 жыл еңбек етеді. 1930 жылы Қызылорда паровоз депосына слесарь болып ауысыпты. Бірнеше жылдан соң қабілетті жігітті басшылық Ташкентке оқуға жіберіп, кондукторлар даярлайтын екі жылдық курсты бітіреді. 1934 жылы өз мамандығы бойынша бас кондуктор қызметіне ауыстырылады. Қыстың қақаған суығына, жаздың аптап ыстығында жүк пойыздарына ілесіп жүріп, түнде май шаммен, күндіз жалауша көтеріп кондуктор болу өте ауыр, қиын жұмыс еді. Ізбас атамыз ҰОС кезінде де броньмен майданнан қалдырылып, жұмысын жалғастыра береді. Кеудесі орден-медальға толған теміржолшы 40 жылдан аса еңбек етіпті.

– Ізбас ақсақалдың аймақ теміржолының жұмысына қосқан үлесі ерекше, кондуктор болу деген ол кезде жігіттің жігіті шыдайтын, екінің бірі төтеп бере алмайтын ауыр жұмыс болған. Ол кезде жоғары марапат алу қарапайым теміржолшы үшін сирек ұшырасатын жағдай болған, ал бұл кісі өз заманының барлық марапатын иеленген, – деп естелік айтты тақтаның ашылу салтанатында теміржолшы ардагерлер кеңесінің төрағасы Сисенбі Шермаханов.

Қызылорданың мақтанышы болған даңқты теміржолшы Ізбас ақсақалдың ізбасарлары бүгінде ата жолын жалғап, өнегелі ісін әрі қарай жалғастыруда.

Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда