40 жылға жуық теміржол саласында еңбек ететін маманның өмір жолы

ҚТЖ келбеті
23.09.2021, 09:04
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Он жылдық орта мектепті бітіре салысымен арманына қанат байлап, Алматыға қарай ұшқан бозбаланың дегені бола қойған жоқ. Армандаған теміржолшы оқуына түсе алмай, кері қайтты. Ол кезде ауылдан шығып институтта оқудың мәртебесі бір бөлек. Түсе алмай қайтып келді деген сөз де оңай емес. Жас Құбайдолланың салы суға кетсе де, сағы сынбады. Арманы адастырмасына, көздеген мақсатына қол жеткізеріне сенді. Жуырда Құрметті теміржолшы атанған Маңғыстау вагон пайдалану депосының бас инженері Құбайдолла Дүзікбаевтың еңбек жолы осылай басталып еді.

– Әкем Қамысбай Дүзікбаев аға шопан, анам Қалжан Қисыманова көмекші шопан болып өмір бойы мал бақты. Маңғыстау облысы Бейнеу ауданындағы Қаракұм совхозының екінші фермасында жұмыс істеді. Тоғыз баланы солай жеткізді. Мен оқуға түсе алмай, сол кісілерге көмекші болып бір жыл шопан болдым. Келер жылы, 1978 жылы Алматы теміржол институтының механикалық факультетіне вагон шаруашылығы мамандығы бойынша оқуға қайта тапсырып, бағым жанып түсіп кеттім. 1983 жылы оқуды бітіргесін Ақтөбедегі Батыс Қазақстан теміржолына жолдама алдым. Ол жерден Гурьев бөлімшесіне жіберді. Гурьевтегілер Маңғышлақ, қазіргі Маңғыстау вагон депосына жолдады. Сөйтіп тамыз айының басында Бейнеу техникалық қызмет көрсету пунктіне жұмысқа қабылдандым, – деп еске алады өткен күндерін Құрметті теміржолшы.

Сол жылдары Бейнеудегі вагоншылар ұжымын басқарған Нұржан Қайыров жас Құбайдоллаға ұстаз болып, жаңа келген жас маманның қалыптасуына зор септігі тиген екен. 1984 жылы әскери борышын өтеуге шақырылады. Қиыр шығыс әскери округі Хабаровск қаласында теміржол әскери батальо- нында пойыз құрастырушы қызметін атқарады. Әскерде жүріп те өзге елдегі теміржолда тәжірибе жинақтап, өзін жетілдіре түседі. Елге оралғасын Бейнеудегі бұрынғы жұмысын қайта жалғастырады. 1987 жылы Сай-Өтес станциясының техникалық бақылау қосынын басқаруға жіберіліп, 1990 жылы Маңғыстау вагон пайдалану депосына бас инженер болып ауысқанша жалғастырады. Міне, күні бүгінге дейін осы қызметін абыроймен атқарып келеді. 1981 жылы үйленіп, жан жары Назира Есіркепқызымен шаңырақ көтереді. Жұбайы да теміржолға көп жыл еңбек сіңіріп, ТҚКП операторы, локо- мотив бригадасының демалыс үйінде кезекші, локомотив депосында лаборант, коммуналдық шаруашылық мекемесінде диспетчер, теміржол жатақханасында кезекші болып зейнетке шыққан. Екеуі төрт баланы дүниеге алып келіп, тәрбиелеп өсірді. Екі ұл, екі қыз. Үлкен ұлы Бақытжан да М.Тынышпаев атындағы академияны бітіріп, бүгінде CaspiyCement мекемесінде логистика маманы болып қызмет атқарады. 1987 жылы туған екінші ұлы Әнуар да ата-анасының жолымен Ақтау көлік колледжін бітіріп, Маңғыстау вагон депосында программист болып еңбек жолын бастаған. Сырттай жоғары оқу орнында білім алатын. Болашағын осы саламен байланыстырған еді. Бірақ оған өмірі қысқалық етті... 2007 жылы жол апатына түсіп, соның салдарынан 2008 жылы дүниеден өтті. Қыздарының бірі құтты орнында, екіншісі студент.

– Өз бауырларыма келсек, біз үш қыз, алты ұлмыз. Қазір бір інім Опорная станциясында ва- гон қараушы. Еркін інім Опорная станциясында пойыз құрастырушы, – деген Қ.Дүзікбаев түбекке кеш келсе де теміржолшы кәсібі бүгінде дендеп енгенін, теміржолшы әулеті болып қалыптасқандар қатарында Дүзікбаевтар династиясы да бар екенін мақтаныш ететінін жасырмады.
Аймақтар
02.06.2026
Маңғыстау темір жолы: кеше және бүгін
Жаңалықтар
02.06.2026
Бес миллионыншы жолаушыны «Нұрлы жол» вокзалында қарсы алды
Әлеумет
02.06.2026
Қызыққа толы күн
Жаңалықтар / Мұрағат
02.06.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №42 2 маусым 2026 жыл
Әлеумет
01.06.2026
ҚТЖ ұйымдастырған мерекеге 5000 бала қатысты
Әлеумет
01.06.2026
ҚТЖ Жетісу облысында 140 орындық жаңа балабақшаны ашты
Әлеумет
01.06.2026
Мерекелік сурет байқауы
Аймақтар
01.06.2026
«WorldSkills – 2026»: Тараздық студенттердің жетістігі
Әлеумет
01.06.2026
Балаларға базарлық
Инфрақұрылым
01.06.2026
«Бейнеу – Маңғыстау» жобасының іске асырылу барысы
Жолаушылар тасымалы
01.06.2026
ҚТЖ пойыздарының жолсеріктері балаларды мерекемен құттықтады
Әлеумет
31.05.2026
Армандар орындалады
Жолаушылар тасымалы
31.05.2026
ҚТЖ пойыздарымен 500 мыңнан астам бала тасымалданды
Әлеумет
30.05.2026
Көкшетау локомотив депосында жұмысшылардың еңбек және демалыс жағдайлары жақсарды
Жолаушылар тасымалы
30.05.2026
«Жолаушылар тасымалы» АҚ багаж тасымалын цифрландыру бойынша пилоттық жобаны сынақтан өткізіп жатыр
Жаңалықтар
30.05.2026
Теміржолшыларға алғашқы көмек көрсету дағдылары мен төтенше жағдайдағы әрекеттері үйретілді
Жаңалықтар
30.05.2026
ҚТЖ Балаларды қорғау күні қарсаңында қызметкерлерінің 100 дарынды балаларын қолдады (ФОТО)
Жаңалықтар
29.05.2026
ҚТЖ үздік рационализаторларды марапаттады
Жолаушылар тасымалы
29.05.2026
ҚТЖ жазғы маусымға үш қосымша қала маңы пойызын тағайындады
Жаңалықтар
29.05.2026
Көлік министрлігі Ақтау портының акваториясын тереңдету жобасын талқылады