Сексеуіл жол дистанциясындағы екі жол жөндеуші еңбек демалысына шықты

ҚТЖ келбеті
23.09.2021, 09:24
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Сексеуіл жол дистанциясының ұжымы екі бірдей жол жөндеушіні еңбек демалысына шығарып салды. Қос теміржолшының қырық жылғы тынымсыз еңбегіне алғыс айтылып, тәлімді тәжірибелері жастарға үлгі етілді. Бөлімшенің солтүстігіндегі дистанция бастығы Мажит Құрманбаев Жаңабай Бубеков пен Айдәулет Бижанов жол шаруашылығының жұмысын бес саусақтай меңгерген, өте тәжірибелі жолшылар болғанын, сондықтан зейнетке кетіп бара жатқан әріптестер орны ойсырап қалатынын да жасырмады. Әйтсе де, «бейнеттің зейнеті болатыны рас, сондықтан қос ардагеріміз қырық жылғы ауыр бейнеттің рахатын көрсін» деп тілек білдіріп, екі теміржолшының иығына шапан жапты. Жолшылар ұжымының кәсіподақ төрағасы Көбейсін Рысмамбетов арнайы адресат пен ескерткіш сыйлық табыс етті. – Жұмыс болғасын неше түрлі жағдайлар болады, дегенмен ең басты мақсатымыз пойыздардың қауіпсіздігін сақтау деген ұранмен жұмыс жасағандықтан бәрін жиып қойып, өздеріне бекітілген тапсырманы мүлтіксіз орындайтын нағыз теміржолшылар кім десе, міне деп ұялмай көрсететін қос жолшымызды қимасақ та құрметті еңбек демалысына шығарып салып отырмыз. Ендігі жерде отбасы, бала-шағаның ортасында ұзақ жылғы ақ адал еңбектің тек жемісін көріңіздер, – деп тілек білдірді Көбейсін Рысмамбетов. Жаңабай Бубековтің әкесі де кезінде осы дистанцияда жол шебері болып жұмыс жасапты. Бүгінде екі інісі осы жол дистанциясында, бір інісі Сексеуіл локомотив депосында еңбек етіп, әке жолын абыроймен жалғастыруда.

Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда