Тұңғыш Көлік министрінің игі істері қай уақытта да өміршең
ҚТЖ келбеті
28.09.2021, 10:33
Тəуелсіз Қазақстанның тұңғыш көлік министрі Нығметжан Есенғарин 80 жаста. Бұл есімді жалпақ жұртқа таныстырып жатудың қажеті жоқ. Кешегі Кеңестер Одағы аталған алып елде Есенғаринді білмейтін теміржолшы кемде-кем болды. Ал қазақстандықтар үшін ол Қазақстанның тұңғыш көлік министрі ғана емес, Мəскеуде отырып одақ темір жолын басқарғандардың ішіндегі жалғыз қазақ. Теміржолшылар үшін бүкіл саналы ғұмырын отандық темір жол көлігінің көсегесін көгертуге арнаған дара тұлға.
«Мен өз өмірімді шартты түрде екі кезеңге бөліп қарастырамын, – деген болатын құрметті теміржолшы, қоғам және мемлекет қайраткері одақтық басылымдардың біріне берген сұхбатында. – Алғашқысы – кеңестік кезеңдегі қарапайым электромеханиктен Жол қатынастары министрінің орынба- сарына дейін өскен отыз жылдық еңбек ғұмырым да, екіншісі – ел Тəуелсіздігінен кейінгі əр жылы ғасыр жүгін көтерген жылдар...».
Есенғариннің өмірбаянына көз салсақ, Ресейде туып-өскен қазақ баласы Темір жол көлігінің инженері мамандығын алған соң бұл салада адам айтса нанғысыз карьера жасағанына көз жеткіземіз. Институт бітірген соң айналасы бес-алты жылдың ішінде Үлкен қазақ темір жолының бас инженері Көпжасаровтың орынбасары болды жəне теміржолдың ғылыми орталығы саналатын Техникалық бөлімді басқарды. Отызға енді толған жас маманның бұлай көз ілеспес жылдамдықпен жоғары өрлеуі ол кезде «көз көріп, құлақ естімеген» жағдай болатын.Жемісті жылдар жалғаса берді... Тың темір жолының бас инженері, Жол бастығы, КСРО Жол қатынастары министрінің орынбасары, Алматы темір жолының бастығы, Тəуелсіз Қазақстанның тұңғыш көлік министрі... Қарым-қабілеті мен бойына туа біткен дарынының, оны дұрыс пайдалана білген еңбегінің нəтижесі Есенғаринді талай биіктерге көтергенін көреміз. Ол заманда институт бітіріп өндіріске келген жас инженер аз болып па? Неге Қазақ темір жолының корифейі Көп- жасаровтың, Одақ темір жолының бастығы Конаревтің көзі солардың ішінен бөле-жара Есенғаринге түседі? Демек, олар да зерек те зейінді, талантты жас маманның бойындағы орасан күш-қуатты, зор əлеуетті байқаған. «Алмас қылыш қап түбінде жатпайтынын», қашан да өндіріске тиімді озық ойлы инженерлік жобаларымен, кез келген мəселенің оңтайлы шешімін қабылдай білетін зерек те ұшқыр ой-өрісімен, өткір де батыл ұсыныстарымен дараланып тұратын жас маманның алысқа баратынын сол кезде талайлар-ақ болжаған екен. Көрегендердің көзі тегін адамға түспепті: Есенғарин қай қызметте де бəйгенің алдын бермеді: тасымал қуатын арттыру, байланыс, электрлендіру, диспетчерлік орталықтандыру, саланы техникалық жарақтандыру, т.т. барлық салада əмбебап маман əріптестерінен оқ бойы озық жүріп, отандық темір жол саласының өркендеуіне өлшеусіз үлес қосты. 1986 жылы Есенғаринді аттай қалап алдырған Мəскеу оны КСРО Жол қатынастары министрінің орынбасары етіп тағайындайды. Сол кездегі министр Конаревтің қазақстандық орынбасарына көзқарасы дұрыс болады, одақ темір жолында күрделі құрылыс бойынша қордаланып қалған талай проблеманың түйінін тарқатқан еңбегін жоғары бағалап, сенім артқаны сондай, жұмысты жүйелі жүргізуіне кедергі келтірмей, көп еркіндік берген екен. Əрине, он бес республиканың өкілдері шоғырланған элиталық ортада өзін мойындату Есенғаринге тіпті де оңай болмаған көрінеді. Оны Нығметжан Қабатайұлы бір естелігінде айтып өтеді. Алғашында Қазақстаннан келген беймәлім басшыға мойынұсынғысы келмей, мəжілістеріне бармай, орынбасарларын жіберетін кейбір басшылардың көп ұзамай-ақ қайсар қазақтың айтқанына көнуіне тура келген. Сол жылдары ғой, Есенғариннің қабылдауына келгендер «замминистрдің» аты-жөнін 11 қабатқа жеткенше ұмытып қалып, қайта түседі екен деген қалжың айтылатын болған. Қалай болған күнде де біз, Есенғарин – кешегі қырық құрау елдің басын қосқан алып держава КСРО кезінде Одақтың темір жолын басқарған жалғыз қазақ екенін мақтаныш етеміз. КСРО-да қайта құру науқаны шегіне жетіп, алып держава іштей шіріп күйреуге бет алған сексенінші жылдардың соңында əрі қарай елдегі жағдайдың қалай бет аларын күні бұрын болжаған Есенғарин ойлана келе елге – Қазақстанға қайтуды жөн көреді. Өзінің дəл сол кезде Ресейден гөрі Қазақстанға қажет екенін сезді, отыз жыл тірнектеп жинаған мол қазынасы – телегей-теңіз білімі мен тəжірибесін туған халқының, ертеңгі егемен елдің игілігіне жұмсағанды дұрыс көрді.
1989 жылы елге оралып, сол кезде зейнеткерлікке кетіп бара жатқан өзінің ұстазы Құдайберген Көпжасаровтың орнына Алматы темір жолының бастығы болып тағайындалады. Ал 1991 жылы егемендігін алған Қазақстанда құрылған Көлік министрлігін басқаруға, əрине, Есенғариннен артық кандидатура іздесе де табылмас еді. Осылай, Нығметжан Қабатайұлының тəуелсіз елдің дербес көліктік жүйесін құру мен қалыптастыру жолындағы екінші еңбек жолы басталды…Ат үстінде жүріп, Көлік министрі, ҚР Премьер-министрінің орынбасары, Мəскеуде отырып, бес елдің басын қосып билік айтқан Интеграциялық комитеттің төрағасы сынды биік лауазымды қызметтерді атқарған Есенғариннің тікелей басшылығымен қаншама мемлекеттік маңызды мəселелер шешімін тапқанын тәптіштеп жатудың жөні жоқ. Ол ел тағдыры, ұлт тағдыры таразы басында тұрған, аумалы-төкпелі қиын да күрделі жылдар болатын. Еуразия кіндігінде бой көтерген Тəуелсіз Қазақстанның шаңырағын көтерісіп, уығын қадасқандардың алғы шебінде болған Есенғарин мемлекеттік қызметтен босаған соң елдегі тың саланы қолға алып, көліктік бизнес саласында ғылыми зерттеу, зерделеу, жаңа жобаларды өндіріске енгізу, кеңес беру, экономикалық пайымдау жұмыстарын жүзеге асырумен айналысты. Экономика ғылымы бойынша докторлық қорғаған еңбегінің нəтижесін көретін кез келіп, ендігі жерде ғылыми бағытта жиған-тергенін кəдеге жаратуды қолға алды. Темір жол көлігін реформалау, нарықтық қатынастар жағдайында көліктік бизнесті қалыптасыру мен дамыту, елдің транзиттік əлеуетін тиімді пайдалану сынды көкейкесті мəселелерді талдап, сараптама жасаған том-том еңбектері, сондай-ақ Қазақ темір жолының ғасырлық тарихын «тірілткен» туындылары жарық көрді. «Қазақстанның даңқты теміржолшылары» деген атпен жарық көрген энциклопедиялық еңбекке отандық темір жол көлігінің дамуына өлшеусіз үлес қосқан 600-ге жуық үш буын теміржолшылар туралы очерктер жинақталған. Бұдан бөлек, «Болат жолдың даңқты еңбеккерлері» атты сериялы кітап жыл сайын жоспарлы түрде жарық көруде. Жүз жылдық тарихты қопарып, шаң басқан архивтерден қаншама фактілер мен құжаттарды жинау, оларды кезең-кезеңге бөліп өңдеу, сұрыптау, баспаға дайындау – қандай қиямет-қайым жұмыс екенін білген адам ғана бағалар. Айта кету керек, Есенғарин мұнда да елдің алдына шығып кетті, темір жолдың шежіресі іспетті мұндай еңбек ТМД көлемінде бұрын-соңды жазылған емес, тек Қазақстанда ғана жарық көріп отыр. Қазақ темір жолы үшін құндылығына баға жетпес бұл еңбектер бүгінде болашақ теміржолшылар үшін оқу құралына айналуда. Иә, адам баласы ең алдымен өзі туып-өскен топыраққа қарыздар, туған елі мен халқының алдындағы азаматтық парызын адал өтеуі қажет десек, бүгін сексен жасқа толып отырған танымал тұлға Есенғарин Нығметжан Қабатайұлы осы қасиетті ұғым деңгейінен көрініп, атаның емес, елдің ұлы, қазақ деген халықтың ұлы ретінде өзін мойындатқан жан. Меруерт ӨМІРЗАҚОВА, Нұр-Сұлтан
Жаңалықтар
22.11.2024
ҚТЖ Бескөл депосында дизель отынының ұрланғанын анықтады
Жаңалықтар
22.11.2024
Ақмола бөлімшесі инфрақұрылымды жаңартуды және инновацияларды енгізуді жалғастыруда
Жүк тасымалы
22.11.2024
Қостанай ЖТ бөлімшесі қараша айында 2 359 вагон астық тиеді
ҚТЖ келбеті
22.11.2024
Жол монтерлерінің бір күні
Қауіпсіздік
22.11.2024
Жамбыл өңірінде қыста да қараусыз мал тиылмайды
Аймақтар
22.11.2024
«Syrmaq Fest»: Маңғыстаулық теміржолшы қолөнер көрмесін ұйымдастырды
Қауіпсіздік
22.11.2024
Шымкент станциясында өндіріс жарақатының алдын алу шарасы өтті
Әлеумет
22.11.2024
Күзет қызметкерлеріне көрсетілетін қолдау көп
Жаңалықтар
22.11.2024
Кәсіподақ сарапшылары құзыретін арттырды
Цифрландыру
22.11.2024
ІТ тақырыбына арналған білім сайысы өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
22.11.2024
«Қазақстан теміржолшысы» газеті, №99 22 қараша 2024 жыл
Жолаушылар тасымалы
21.11.2024
№42 «Атырау-Алматы» жолаушылар пойызының қозғалысы уақытша тоқтатылады
Жаңалықтар
21.11.2024
Құрық портының түбін тереңдету жұмыстары мерзімінен бұрын аяқталды
Спорт
21.11.2024
Теміржолшылар арасында спартакиада өтті
Жаңалықтар
21.11.2024
ҚТЖ жол диагностикасының инновациялық технологияларын енгізуде
Жаңалықтар
21.11.2024
ҚТЖ Еуропадағы терминалдық желіні кеңейтуде
Жолаушылар тасымалы
20.11.2024
Семейде қаламаңы тасымалында тиімді бағдарлар көбейеді
Жүк тасымалы
20.11.2024
Ақмола бөлімшесі 307 мың тоннадан астам астық тиеді
Жаңалықтар
20.11.2024
Қазақстан көлік-транзит дәліздерін ТМД + форматында дамытпақ
Әлемде
20.11.2024
Қытай – Қырғызстан – Өзбекстан темір жол құрылысы бойынша келіссөздің соңғы сатысы жүріп жатыр