Шағын болса да шаруасы мығым

Фоторепортаждар
18.10.2019, 12:04
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Ақтөбе жүк тасымалы бөлімшесіне қарасты төртінші класты Қарауылкелді станциясы – Шұбарқұдық пен Сағыз аралығында орналасқан шағын болса да шаруасын дөңгелетіп отырған бақуатты бекет.

Сейтнұр Қуанов басқаратын Қарауылкелді станциясының ұжымы ықшам және негізінен жастардан құралған. Ауысыммен еңбек ететін төрт станция кезекшісі, тауар кассирі, вагон құрастырушы секілді саусақпен санарлық мамандар-ақ станция жұмысын ұршықша иіріп отыр. Жолшылар, белгі беру-байланыс, электрмен жабдықтау саласының мамандары Шұбарқұдық немесе Қандыағаштағы бас дистанциялардан келіп жұмыс істейді. Негізгі жұмыс пойыздарды қабылдау-жөнелту және маневрлік жұмыстар да аз емес. Көбіне құрылыс материалдары түсіріледі. «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша салынып жатқан «Ақтөбе-Атырау» тас жолы осы Қарауылкелді станциясының аумағынан өтеді. «Құрылыс жұмыстары жүріп жатқан орындарға теміржол арқылы қиыршық тас, битум, құм жеткізіп отырмыз. Сонымен қатар темір-бетон материалдарын да тасымалдап жатырмыз. Жіңішке, Бершүгір, Кемпірсай, Алабас станцияларынан әртүрлі құрылыс материалдары келеді. Бюджеттік мекемелердің көмірін тасып береміз. Ауылшаруашылық өнімдерін, арпа мен жем тасымалдау да осы теміржол арқылы жүзеге асуда», – дейді Сейтнұр Қуанов.

Станция бастығының мәліметінше, шағын бекеттен шамамен күніне отыз вагон, айына 2 мың вагон жүк түсіріледі екен. Тәулігіне 12-15 жұп пойыз өтеді. Қарауылкелді станциясы орналасқан Байғанин өңірінде 9 ірі мұнай компаниясы орналасқан. Алпауыт компаниялар мұнай тасымалдауда теміржол қызметін пайдаланып отыр. «Күн сайын кен бұрғылау орындарынан цистерналарға мұнай өнімдері тиеледі. Қазір мұнай өнімдері Жамбылдың Жаңатас станциясына жіберіліп жатыр», – дейді станция басшысы. Шағын станцияда жыл басынан бері жұмыс

шылардың жарақат алуы, пойыз тоқтап қалу секілді төтенше жағдайлар тіркелмеген. Ең бірінші кезекте қозғалыс қауіпсіздігіне жіті назар аударылып, бағыттамалы бұрмалар мен белгі беру құралдарының жағдайы айрықша бақылауда ұсталады. «Айлық шаралар тұрақты жүргізіледі. Мектептер мен мекемелерге барып қауіпсіздік жайын түсіндіреміз, темір жолды белгіленбеген жерден кесіп өтпеуді ескертіп отырамыз. Сонымен қатар, желілік полиция бөлімі мен әкімдік өкілдерін тартып, жол бойында малдың жайылмауын қадағалаймыз», – деді станция басшысы. Станцияда күзгі байқау аясында алдағы қысқа дайындық жұмыстары қызу жүріп жатыр екен. Ғимараттар бүтінделіп, су мен жылу жүйелері жаңартылып, ақталыпсырлануда. Жолаушыларға арналған вокзал жаңа да жарық, токпен жылытылады екен. Станцияға сапарымыз Шұбарқұдық мен Қарауылкелді аумағындағы жол қауіпсіздігін бақылап жүрген жолшылар жұмысымен танысуға ұласты. Қандыағаш жол дистанциясының жол шебері Абат Бәйімбетов бастаған жолшылар жоспарлы жол күтімін жасап жүр екен. «Күніге 5-6 шақырым жолды жаяу қарап өтеміз. Рельстердің ара қашықтығын, мүжілмеуін, шпалдардың орналасуын қараймыз. Рельс қалыңдығы талап бойынша 73 мм болу керек. 10-15 мм желінген кезде жаңартылу қажет болады. Анықталған ақауларды бекеттер арасындағы қашықтықпен есептеп жөндеуге нұсқау беріледі», – дейді жолшылар жұмысын басқарып жүрген Абат Бәйімбетов. Қарауылкелдіде 20 мыңнан астам халық тұрады. 

Инфрақұрылым
22.09.2026
ҚТЖ Бейнеу бағытында автоматика жүйесін жаңғыртуда
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ 150 мың тонна болат құбырды мультимодальды бағытпен тасымалдайды
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ локомотив бригадаларының біліктілігін арттыруда
Трансформация
22.09.2026
SAP жүйесі: ҚТЖ үшін озық цифрлық шешім
Аймақтар
22.09.2026
Семейде тәулігіне кемі 350 вагон көмір тиелуде
Станция тынысы
22.09.2026
Шиелі станциясы өндірістік жоспарды межеден асыра орындады
Аймақтар
22.09.2026
Шу локомотив пайдалану депосында студенттерге «Ашық есік күні» өтті
Қауіпсіздік
22.09.2026
Астана жол дистанциясы оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Спорт
22.09.2026
«Теміржол қалқаны» – жеңімпаз
Спорт
22.09.2026
Жігіттердің осалы жоқ
Жаңалықтар / Мұрағат
22.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №75 22 қыркүйек 2026 жыл
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады