Мұнайлы астананың жүк қақпасы

Фоторепортаждар
21.04.2020, 10:53
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Атырауға келетін жалпы жүктің 60 пайызы Ақжайық станциясына тиесілі екенін назарға алсақ, оны мұнайлы астананың жүк қақпасы деуге әбден болады. Оның үстіне басқа станциялар сияқты тек мұнаймен айналыспайды, цистерналарға бензин, мазут, реактивті отын да құйылады. Егін егу мен орақ кезінде еліміздегі ауыл шаруашылығы мекемелеріне тапсырыс бойынша дизель отыны жіберіледі. Ал қазір көктемгі егістің қызған шағы… 

Елдегі қалыптасып отырған төтенше жағдайға қарамастан Ақжайық станциясы жүк тасымалын ойдағыдай орындап, бар мүмкіндігімен жұмыс істеуде. Станцияның 7 қабылдап-жөнелту, 3 тұрақтау жолы бар. Маневр жұмыстары станция ішінде жасалып, ол екі маневрлік теполовозбен атқарылауда. Станциядан күніне 2-3 пойыз, 100-150 вагон қабылдап-жөнелтіледі, жолдары қысқа, дөңесі жоқ станция үшін бұл аз жүктеме емес, әсіресе жүк тиеу мен түсіру көлемі артып кеткен кезде қиындық туғызады.

Станция бастығы Есенжан Темірғалиевтің айтуынша, өткен 3 айда станцияның жетістігі жаман болмады, жоспар межесінен көріне білді. Мәселен, үш айда орташа тәуліктік жүк тиеу көлемі жоспарда 3 вагон болса, нақты 6,3 вагон тиеліп, барлығы 210 пайызды құраған. Тоннамен есептегенде станция арқылы 198 тонна орнына 375,3 тонна жүк тиеліп, жоспар 189,5 пайызды құрапты. Ал, жүк түсіру тәулігіне 57 вагон болып, 120,0 пайызға жетті.

Бір жүк операциясына тұру 35,78 сағатты құрап ол жоспарға шаққанда 103,9 пайыз болды. Статистикалық салмақ 153,2 пайызға орындалды. Жергілікті вагонның тұруы да 113,7 пайызды құрап,ол да жоғары көрсеткішті көрсетті. Орташа тәуліктік вагон айналымы 51,7 вагонды құрады. 5181 вагон түсіріліп, жоспар 197,9%-ды құрады. Төтенше жағдай кезіндегі жұмыстың ауырлығы мен күрделілігіне қарамастан станция ұжымы өздеріне берілген жоспар межесінен көрініп отыр.

– Станция қалыпты жұмыс жасауда, алайда, кейбір инженерлік құрам мамандары, мысалы, аға тауар кассирі, аға жүк қабылдап-жөнелтуші, еңбек қорғау инженері сияқты мамандар онлайн режимде жұмыс жасауға көшті. Станция басшылығы, станция бойынша кезек шілер, вагон қараушы, басқа да мамандар ауысыммен жұмыс жасауда. Бірақ қалада карантин жариялануына байланысты, түнгі ауысым кешкі жетіде басталып, таңертең сегізде аяқталады. Себебі қалада қоғамдық көліктердің жүру мерзімі таңғы 7-ден кешкі жетіге дейін шектелді, – дейді станция бастығы.

Атырауда 30 наурыздан 15 сәуірге дейін енгізілген карантин режимі 1 мамырға дейін ұзартылды. Бұл туралы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі шұғыл штаб хабарлады. Бұдан басқа, 16 сәуірден бастап қалада қозғалыс толық жабылады деп күтілуде, тағы қандай тыйымдар болатыны әзірге нақтылаған жоқ. 16 сәуірден бастап азаматтардың тіршілік әрекетін қамтамасыз ететін орындарды қоспағанда, барлық кәсіпорындар мен ұйымдар толықтай жабылатыны айтылуда.

«Тұрғындар барынша өздерін оқшаулары тиіс. Сонда ғана коронавирус инфекциясының таралуын тоқтатуға болады» дейді штаб өкілдері. Сондай-ақ, көп ұзамай жаңа шектеулер жария етілетіні де белгілі болып отыр.

Жүк тасымалы
01.04.2026
Үкімет басшысы ЕАЭО-дағы жүк тасымалын үйлестіру үшін нейрожелілерді пайдалануды ұсынды
Жаңалықтар
01.04.2026
ҚТЖ-да көктемгі комиссиялық тексеру басталды
Жаңалықтар
01.04.2026
«Бақты – Аягөз» жобасы назарда
Әлемде
01.04.2026
Alstom Белград метросының алғашқы желісіне пилотсыз пойыздар жеткізбек
Жолаушылар тасымалы
01.04.2026
Жолаушы пойызда немесе вокзалда затын ұмытса, қандай әрекет жасау керек?
Жаңалықтар
31.03.2026
ҚТЖ-да еңбек ардагеріне құрмет көрсетілді
Әлемде
31.03.2026
2026 жылы Қытай - Еуропа бағытындағы жүк тасымалы 25%-ға артты
Жаңалықтар
31.03.2026
Қарағанды облысында жолаушыларды темір жолмен тасымалдау тарифі өзгереді
Жаңалықтар
31.03.2026
Қазақстан темір жолы Starlink жүйесін енгізуде
Жүк тасымалы
31.03.2026
Каспий теңізі: үміт пен күдік
Аймақтар
31.03.2026
Жамбылға жеті автокөлік келді
Қауіпсіздік
31.03.2026
Шұғыл тежелу – үлкен шығын
Темір жол тарихы
31.03.2026
Майталман теміржолшы Әнуарбек Ыбыраевтың құрметіне ескерткіш тақта орнатылды
ҚТЖ келбеті
31.03.2026
Парасат биігінде
Жаңалықтар / Мұрағат
31.03.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №24 31 наурыз 2026 жыл
Жолаушылар тасымалы
30.03.2026
Сұранысқа сай сервис
Спорт
30.03.2026
Атыраулық теміржолшылар баскетболдан үздіктерді анықтады
Аймақтар
30.03.2026
Атырау облысында 9 теміржол вокзалы жаңғыртылып жатыр
Жолаушылар тасымалы
30.03.2026
«Астана – Талдықорған» бағытында тікелей пойыз қатынасы іске қосылады
Жаңалықтар
30.03.2026
Jibek Joly туристік пойызы кезекті халықаралық сапарын аяқтады