Көкшетауда тежегіш мәселесіне арналған конференция өтті

Қауіпсіздік
14.10.2022, 09:10
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Көкшетау локомотив және вагон айналым деполарында локомотив бригадалары мен депо қызметкерлерінің қатысуымен автотежегішке арналған кезекті конференция өтті.

Көкшетау айналым депосының бастығы Мұхтар Балғоженов төрағалық еткен жиынға Курорт-Бурабай локомотив депосы бастығының міндетін атқарушы Өмірбек Әйтенов пен депоның бас инженері Серік Ахметов, сондай-ақ локомотив және вагон депосының нұсқаушы құрамы қатысты.  

Айналым депосының бастығы М.Балғоженов өз сөзінде жұмыстың қысқы кезеңге көшуі қарсаңында автотежегіш конференциясының қажеттігін атап өтті.  

«Теміржол көлігінің сенімді жұмысының басты шарттарының бірі – жылжымалы құрам мен локомотивтің автотежегіш жабдықтарының істен шықпай, қалтқысыз жұмыс істеп тұруы, сондай-ақ машинистердің автотежегіштерді сауатты басқаруы. Тежегіш жүйелерін дайындау, қызмет көрсету, пайдалану бойынша шаралар қабылдау, қызметтер арасындағы өзара іс-қимыл мәселелерін қарастыру, осының қай-қайсысы да маңызды», – деген депо бастығы, локомотив бригадалары мен вагон шаруашылығы қызметкерлері жол берген кемшіліктерден бірнеше мысал келтіріп, бұл пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін бұзуға әкелгенін де жасырмады.  

Ал вагон пайдалану депосының бастығы Өмірбек Әйтенов қыс жағдайында жұмыс істеу барысында тежегіш жабдықта туындайтын негізгі ақаулар және оқыс жағдайлардан шығу жолдарын әңгімеледі. Әсіресе жүріп келе жатқан жолаушылар пойыздарында кездесетін бұзушылықтарға кеңінен тоқтал ды. Әйтеновтің айтуынша, жүк вагондарының автотежегіш жабдықтарының тұрақты жұмысына теріс әсер ететін кезең басталғалы отыр. Осыған орай ол пойыздарды сапалы өңдеу мен жөнелтуге дайындауды бақылауды ұйымдастыру жағын жақсартуға қатысты бірқатар факсограммаларды атап өтті.  

Конференцияда сөз алған Бурабай курорты локомотив депосының бас инженері Серік Ахметов осыдан отыз бес жыл бұрын Каменская станциясында болған тыйым салу сигналынан өтіп кеткен жағдайды айтып берді. Сала қызметкерін өз міндеттерін нық орындауға шақырған ол жылжымалы құрам жабдықтарының істен шығу жағдайлары көпшілік жағдайда адами фактор салдарынан болып жататынын жоққа шығармады.  

Машинист нұсқаушы Ержан Әшімов пойыздық және маневрлік жұмыстағы кейбір кемшіліктерге тоқталды. Сонымен қатар, ол қаржылық шығынға әкелетін пойыздардың кешігуіне себепші жүк пойыздары тіркемелерінің үзілуінің негізгі себептерін атап өтті.  

Автотежегіш конференциясының соңында викторина өткізілді. Онда оған қатысушы екі кәсіпорын қызметкерлерінің қауіпсіздік техникасы, пойыздар қозғалысының қауіпсіздігі және жылжымалы құрамға қызмет көрсетуге қатысты нормативтік-техникалық актілерді білу деңгейі сарапқа салынды. Жеңімпаздар марапатталды.

– Бүгінгі конференцияның маңызы зор деп ойлаймын. Жиынға белсенді қатысып, білім-біліктіліктеріңізбен бөліскендеріңізге алғыс айтамын. Пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету – ортақ міндет. Осы міндетті абыроймен орындауға шақырамын. Ал жұмысқа биыл қыста бірінші рет кіріскелі отырған жас мамандарға бүгінгі конференциядан пайдалысын алып, жұмыс процесінде қолдануға және жемісті еңбек етуге тілектеспін, – деп түйіндеді сөзін Мұхтар Балғоженов.  

Жиында сондай-ақ локомотив депосында 35 жылдан астам жұмыс істеген машинист Т. Жүнісовті әріптестері салалық зейнеткерлікке салтанатпен шығарып салды.

 

Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл