Апатты жағдайда белгі беретін петарда құрылғысы жайлы не білеміз?

Қауіпсіздік
23.12.2022, 10:49
Суретті түсірген автор
Нұрлыбек Досыбай

Түркістан облысы бойынша меншікті тілші

Құрамында пиротехникалық қоспа бар петарда – темір жолда орын алған апатты жағдайда белгі беретін құрылғы ретінде қолданылады. Яғни, жарылыс салдарынан шыққан дыбыс арқылы локомотив машинисіне белгі беріледі.

Темір жолдағы нұсқаулықта петарданы пайдалану құқығы машинист пен оның көмекшісіне немесе өткел кезекшілеріне берілген. Мысалы, егер локомотив машинисі жол бойында қауіп-қатерді байқаса, радиобайланыс арқылы дереу тиісті мамандарға хабар берілген соң ақаулы рельске дейін пойыз тоқтап үлгеретін белгілі қашықтықта петарданы орнатуға кіріседі.

Арыс жол дистанциясына қарасты Шағыр теміржол өткелінің кезекшісі Ғалымжан Сапарханұлының айтуынша, петарданы орнатудың өзіндік тәртібі бар. Рельс үстіне 20 метрлік арақашықтықты сақтай отырып, екеуін машинист отыратын оң жақ бетке, біреуін машинист көмекшісі отыратын сол жақ бетке қояды.

– Алайда, жол үстіне қойылған петарданы машинистер байқамаған жағдайда пойыздың алғашқы доңғалақтары басып өткен соң оң жақ, сол жақтан алма-кезек гүрс еткен дыбыс шығады. Сол дыбыс естілгенде локомотив тізгіндеген машинистер оқыс тежеу беріп, пойызды тоқтатады. Алдағы апаттың алдын алу осылай жүзеге асырылуы тиіс. Дегенмен, бүгінде бұл құрылғы теміржол саласында пайдаланылмайды десек болады, әйтсе де, қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында қолданыстан да шығарылмаған. Мәселен, біздің Арыс пен Сарыағаш телімінің бойындағы өткелде петарданың 12 данасы сақтаулы. Өткел кезекшісі болған соңғы 7 жылда бірде-бір рет аталған құрылғыны қолданбадық. Десек те, пайдасыз деп қолданыстан шығармаған. Керісінше, Арыстағы арнайы мекемеде сала мамандарын оқытып, петарданы қалай қолдануды үйретеді, – дейді өткел кезекшісі.  

 

Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты