Белкөл станциясында аспалы көпір салынып жатыр

Қауіпсіздік
03.02.2023, 09:15
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Қызылорда теміржолының Белкөл станциясында жаяу жүргіншілерге арналған аспалы көпір құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Ақпан айында пайдалануға беріледі деп жоспарланған нысанның негізгі жұмыстары аяқталып та қалған.

Санаулы күндерден соң көп жылдардан бері шешімін таппай келе жатқан мәселеге нүкте қойылып, жергілікті халық су жаңа заманауи құрылыстың игілігін көретін болады. Бұл жайында Қызылорда магистральдық желі бөлімшесінің жол бөлімі басшысы Сағатбек Тумырзаев мәлімдеп, құрылыс жұмыстарының қарқынымен таныстырды.  

– Теміржолдан әрі-бері өтетін жаяу жүргіншілерге арналған көпір салу – қауіпсіздік саласындағы өзекті мәселенің бірі. Белкөл станциясының жұп паркінде салынып жатқан көпірдің пайдалануға берілуі болашақта қауіпсіздікті қамтамасыз етуге үлес қосады деген сенімдеміз, – дейді жол бөлімінің басшысы.  

Бұған дейін де бірнеше жерде көпір салған «Golden City DS» серіктестігінің тәжірибелі құрылысшылары ұзындығы 110 метрлік металлконструкциялы аспалы көпір құрылысының басым бөлігін бітіріп, сәл күнде косметикалық жұмыстарға кіріспек.

– Металлконструкциядан салынатын, іргетасы темірбетоннан тұратын көпір құрылысы, міне, аяқталуға жақын. Мүмкіндігі шектеулі жүргіншілердің бұл маңнан кідіріссіз өтуі үшін көпірдің екі басында жеделсаты орнатылды, қапталында темір қоршаулар тұрғызылып жатыр, жалпы құрылыс жақын күндерде аяқталып, көпір пайдалануға беріледі, – дейді жұмысты басқарып жүрген учаске бастығы Семсербек Тілеубаев.  

Жалпы бөлімше бойынша 7 станцияда жаяу жүргіншілерге арналған көпір салынған. Қызылорда магистральдық желі бөлімшесінен алынған мәліметке сенсек, биылғы жылы осындай көпір Қызылорда – Белкөл жол аралығының 2824 шақырымы 9 пикетінде, айтыла беретін қаланың Шұғыла-КБИ шағын аудандары тұсында, Арал қаласында және Жалағаш кентінде де салынып қалуы ықтимал. Сонымен қатар бөгде адамдардың теміржолды кесіп өтуіне тосқауыл болатын тор қоршаулар Қазалы, Жосалы және Қызылорда станцияларында орнатылған. Иесіз малға қарсы сымды қоршаумен жол бойының 898,65 шақырымы қоршалған. Өткен жылы 90 шақырым қоршау жаңадан салынса, ағымдағы жылы телімдердің 102 шақырымына малға қарсы қоршау салу жұмыстары жоспарланып отыр.  

 

Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ 150 мың тонна болат құбырды мультимодальды бағытпен тасымалдайды
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ локомотив бригадаларының біліктілігін арттыруда
Трансформация
22.09.2026
SAP жүйесі: ҚТЖ үшін озық цифрлық шешім
Аймақтар
22.09.2026
Семейде тәулігіне кемі 350 вагон көмір тиелуде
Станция тынысы
22.09.2026
Шиелі станциясы өндірістік жоспарды межеден асыра орындады
Аймақтар
22.09.2026
Шу локомотив пайдалану депосында студенттерге «Ашық есік күні» өтті
Қауіпсіздік
22.09.2026
Астана жол дистанциясы оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Спорт
22.09.2026
«Теміржол қалқаны» – жеңімпаз
Спорт
22.09.2026
Жігіттердің осалы жоқ
Жаңалықтар / Мұрағат
22.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №75 22 қыркүйек 2026 жыл
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы