Тұрғындардың теміржол бойында жарақат алуы азаяр емес

Қауіпсіздік
16.02.2023, 09:22
Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

 «ҚТЖ» ҰК» АҚ-да Компанияның қозғалыс қауіпсіздігіне жауапты басшылар мен желілік құрылымдық бөлімшелер жетекшілері және көліктегі ІІД өкілдері қатысқан кеңес өтіп, онда теміржол көлігіндегі өндірістік емес жарақаттануды азайту мәселесі сөз болды.    

Кеңеске төрағалық еткен «ҚТЖ» ҰК» АҚ Қозғалыс қауіпсіздігі департаментінің директоры Марат Шакеновтің айтуынша, ҚР ИИДМ мен ҚР ІІМ арасында жасалған  2022-2026 жылдарға арналған Жол картасы шеңберінде теміржолшылар теміржол көлігінде ІІД-мен тығыз байланыста жұмыс істеп, ҚТЖ-ға қарасты магистральдық объектілерде адамдардың жарақаттануының алдын алу үшін тұрақты түрде ұйымдастырушылық-техникалық шаралар өткізіп келеді. Мысалы, бүгінде станцияларда 300 км жол бойына  қоршаулар орнатылған. 2024 жылдың соңына дейін Астана – Ақтөбе, Астана – Атырау, Астана – Защита, Алматы – Маңғыстау, Алматы – Жезқазған, Астана – Орал телімдеріндегі теміржолдар бойына тағы 100 шақырымнан астам қоршау орнату жоспарланған.  

– Теміржол бойында адамдардың пойыз астына түсіп қалуы теміржолшылардың осы бағытта атқарып жатқан ауқымды жұмыстарына қарамастан азаяр емес. 2022 жылдың жұмыс қорытындысына келсек, локомотив бригадаларының шұғыл тежегіш қолдануының арқасында 2000-нан астам адамның пойызға басылып қалуының алды алынды. Бөгде адамдардың жол бойында жарақаттануының негізгі себебі – олардың қауіпті аймақта ереже бұзып сақтық жасамауы. Әсіресе Алматы, Шымкент, Ақмола, Қызылорда жол бөлімшелері аумағында мұндай жайттар көп тіркеледі. Бүгінгі жиынға осы төрт бөлімше басшылары онлайн режимде қатысып отыр, – деді қауіпсіздік департаментінің директоры.

Сонымен қатар Қарағанды облысына қарасты Жаңаарқа, Ақтөбе өңіріндегі Жіңішке, Алматы облысындағы Достық станцияларында жерасты жаяу жүргіншілер өткелін салу қарастырылған. Осы ретте Алматы облысының Шамалған станциясында болған атышулы қайғылы оқиғадан кейін, сол станцияда жаяу жүргіншілер көпірі салынғанын, алайда адамдардың оны пайдаланбай, теміржолды тіке кесіп өтіп, өмірлерін қатерге тігулерін жалғастырып жатқаны да сөз болды. Сондықтан теміржол бойында жүріп-тұру ережесін өрескел бұзып, қауіпсіздікті сақтамаған адамдарға әкімшілік-қылмыстық жауапкершілікті қатаңдату мақсатында «ҚТЖ» ҰК» АҚ тарапынан ҚР Әділет министрлігіне айыппұлды ұлғайтуға қатысты ұсыныс жіберілгенін жиынға қатысушылар бірауыздан мақұлдады. Жауапкершілік қатаңдатылуы қажет.    

Қауіпсіздік мамандарының айтуынша, білім беру мекемелерінде түсіндіру-алдын алу шаралары жүргізіліп, үш айда бір «Теміржолда адамдардың болуы ережелері» тақырыбында бейнероликтер көрсетіліп тұрады. Сонымен қатар сала мамандары құқыққорғау органдарымен бірлесіп бөгде адамдардың теміржол көлігі аймағында жүруін болдырмау үшін рейдтер өткізіп және де болат жол бойында тұратын тұрғындарға малды бағу, қауіпті аймақта жүру ережелері де тұрақты түрде түсіндіріп, ескертіп келеді. Сондай-ақ техникалық мүмкіндігі бар вокзалдарда темір жолдарды кесіп өту ережелері бойынша профилактикалық бейнероликтер көрсетіледі. Трансляция Астана, Нұрлы жол, Көкшетау, Бурабай курорты сияқты еліміздің ірі 12 вокзалында да жүзеге асырылуда. Алайда, осындай маңызды шаралардың жасалып жатқанына қарамастан адамдардың арнайы жабдықталған өткел, көпірлерден өтпей, теміржолды кесіп, қауіпсіздік ережесін өрескел бұзуы тыйылар емес. Ол ол ма, оңтүстік аймақтарда тұрғындардың қоршауларды әдейі бұзып, бүлдірген жайттары да жиі тіркеледі.  

Сондай-ақ жазатайым оқиғалардың алдын алу үшін кеңеске қатысушылар теміржолшылардың құқық қорғау және жергілікті атқарушы органдармен тығыз қарым-қатынас орнатып, ал Алматы, Шымкент, Ақмола және Қызылорда жол бөлімшелерінің басшыларына профилактикалық жұмысты күшейту ұсынылды.

 

Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл