Өндіріс қауіпсіз болуы шарт

Қауіпсіздік
21.07.2023, 09:56

Қауіп пен қатер қатар жүретін темір жол бойында қызмет ететін теміржолшылар үшін өндірістегі еңбек қауіпсіздігі бірінші орында. Жұмыс орнындағы еңбек қауiпсiздiгi жағдайлары мемлекеттiк стандарттар талаптарына, еңбек қауiпсiздiгi мен қорғау ережелерiне сәйкес болуы тиiс.

ҚР еңбек Кодексінің 317-бабында: «...мерзімдік, кемінде бес жылда бір рет өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттауды, сондай-ақ ережелерге сәйкес қайта құрылымдаудан, жаңғыртудан, жаңа техниканы немесе технологияны орнатқаннан кейін міндетті аттестаттауды жүзеге асыру» жазылған.  

Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау – теміржол саласындағы міндетті шара. Себебі, өндірістік объектілердің, цехтардың, учаскелердің, жұмыс орындарының қауіпсіздік жағдайын, зияндылығын, ауырлығын, оларда орындалатын жұмыстардың қарқындылығын, еңбек гигиенасын және жұмыс талаптарының сәйкестігін анықтау мақсатында бағалау жөніндегі іс-шаралар қауіпсіздік және еңбекті қорғау саласында стандарттары бар қоршаған орта жағдайларына бейімделуі тиіс. Ең бастысы жұмысшының жұмыс орны еңбек міндеттерін орындау кезінде қауіпсіз болуы шарт.  

«Жұмыс орындарының қауіпсіздігін бағалаудың негізгі объектілеріне жататын жұмысшыларды өндірістік жабдықтар мен құрылғы-қондырғылармен, оқыту және нұсқау құралдарымен қамтамасыз етуден бөлек, бұл объектілер еңбекті қорғау жөніндегі мемлекеттік нормативтік талаптарды қамтитын нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкестігін қадағалаймыз. Жалпы, қауіпсіздікке қатысты талаптар: механикалық әсерлерден, электр тогының әсерінен қорғау, жоғары немесе төмен температура әсерінен қорғау, белсенді химиялық заттар мен улы заттардың әсерінен қорғау т.т. өндірістегі еңбек қауіпсіздігінің негізгі шарттары. Сондай-ақ өндірістік жабдыққа, арматураға, құрал-сайманға, оқу-нұсқау құралдарына қойылатын қауіпсіздік талаптарымен қатар, аумаққа арналған жұмыс орындарының нақты түрлеріне, ғимараттар мен құрылыстардың элементтеріне және т.б. қойылатын арнайы талаптарды ескеру қажет. Біздің жолшыларымыз үшін қызметкерді зиянды және қауіпті өндірістік факторлардың әсерінен қорғауға арналған жеке қорғану құралдары өте маңызды. Оған ең алдымен, мерзімдік арнайы киімдер, көзілдірік, күнқағар, аяқкиім, суықтан сақтайтын жақпа май, қолшам, т.т. қауіпсіз жұмысқа кепіл болатын құралдар жатады. Бүгінгі таңда өз жұмысымызда біз басшылыққа алатын критерийлер осындай», – дейді ПЧ-53 Шымкент жол дистанциясының еңбек қауіпсіздігі бойынша жетекші инженері Полат Ғалымжан.  

Жоғарыда айтқанымыздай, қауіп-қатері көп теміржол саласында қауіпті мамандық иелері аз емес. Олардың өндірісте жарақат алып, басқалай бақытсыз жағдайға ұшырамауы үшін жұмыс орындары еңбек қауіпсіздігі талаптарына сай болғанға не жетсін. Өйткені, адам өмірі мен қауіпсіздігі бәрінен маңызды.

 

Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда