«Қауіпсіздік сақшылары» бағдарламасы іске қосылды

Қауіпсіздік
02.11.2023, 10:27
Суретті түсірген Александр Жабчук
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Сәрсенбі күні «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ қызметкерлерін оқыту және дамыту орталығында қозғалыс қауіпсіздігі ревизорларына арналған «Қауіпсіздік сақшылары» корпоративтік бағдарламасы іске қосылды.  

Шараның ашылу салтанатына «ҚТЖ» ҰК» АҚ Аппарат жетекшісі Серік Кеулімжаев, Қозғалыс қауіпсіздігі департаментінің директоры Марат Шакенов, Бас инженер-техникалық саясат департаментінің директоры Батыр Котырев, Адами ресурстарды басқару департаментінің директоры Сауле Истлеева қатысты.  

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бағдарлама кәсіптік құзыреттерді дамыту арқылы өнеркәсіптік қауіпсіздік деңгейін арттыруға, кәсіби қоғамдастық құруға, Компанияның негізгі кәсіптерінің бірі жол қозғалысы қауіпсіздігі аудиторларының жеке және командалық тиімділігін арттыруға бағытталған.

– Біздің көліктік-логистикалық холдинг құрудағы стратегиялық мақсаттарымыз кадрларды оқыту мен дамытуға ерекше көңіл бөлуді талап етеді. Біздің қызметкерлер – осы өршіл бастамада табысқа жетуге мүмкіндік беретін негізгі ресурс. Ал стратегиялық мақсаттарымыздың бірі – пойыздар қозғалысының қауіпсіздігіне кепілдік беру – бұл темір жолды пайдаланудың, жолаушылар мен жүктерді тасымалдаудың негізгі шарты. Өнеркәсіптік қауіпсіздік деңгейін арттыру құралдарының бірі кәсіби құзыреттіліктерді дамыту, жеке және ұжымдық тиімділікті жақсарту, жол қозғалысы қауіпсіздігін бұзудың алдын алу және оның жаңа тәсілдерін зерделеу болып табылады. Қозғалыс қауіпсіздігі ревизоры жұмысының қажетті шарттары – тәртіп, зейінділік, қырағылық, сөйлесулердегі анықтық, келісімділік және тапсырылған жұмысқа үлкен жауапкершілікті сезіну. Осы оқыту бағдарламасының арқасында сіздер кәсіби ревизорлар қауымдастығын құрып, онда озық тәжірибелермен алмасып, бизнес-тәсілдеріңізді талқылап, жетілдіресіз, өндірістік шаруалармен бөлісіп, теміржол көлігіндегі осы маңызды кәсіптің мәртебесін көтересіз деген сенімдемін, – деген Серік Кеулімжаев оқыту бағдарламасына қатысушыларға сәттілік тіледі.  

Компанияның Бас ревизоры Марат Шакеновтің пікірінше, қозғалыс қауіпсіздігі ревизоры темір жолдағы бақылаушы мен аудитор іспеттес. «Қозғалыс қауіпсіздігі ревизоры өте жауапты жұмыс. Бұл одан бақылау мен тексеру нәтижелері бойынша шешім қабылдауды, қозғалыс қауіпсіздігін бұзудың алдын алуды ұйымдастыруды және теміржолдағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жоспарланған түзету іс-шараларының тиімділігін бағалауды талап етеді», – дейді ол.

Ал Компанияның бас инженері Батыр Котырев Матрица ТОТО (Today-Tomorrow) шеңберінде қайта құрастыру бойынша шеберлік сабағын өткізді. Онда ол өндірістік қауіпсіздік, пойыздар қозғалысы қауіпсіздігінің сақталуы ең бірінші кезекте адам факторымен байланысты екенін «біз айсбергті оған соғылғанда ғана барып көреміз» деген Титаник синдромы мысалымен қызғылықты етіп жеткізді. Орайы келгенде, бас инженерден бұл іс-шараның мақсат-міндеті туралы сұрадық.  

«ҚТЖ компаниясы бұған дейін бас инеженерлерге, нұсқаушы машинистерге арналған оқыту академиясын ұйымдастырды, енді кезек ревизорларға келіп отыр. Бұл оқыту академиясы қазіргі заман тілімен айтсақ, Компания қызметкерлерінің Soft skills, яғни «жұмсақ» дағдыларын дамытуға бағытталған. Дәстүрлі тілмен айтқанда,  біліктілікті арттыру. Кәсіби дағдыларды уақыт талабына, заман ағымына қарай баптау немесе қайта орнату. Мәселен, мамандардың оқу орындарында, өндірісте алғандары – бұл негізгі білім, негізгі дағдылар. Бұл оларда бар. Ал қазір әртүрлі факторлар әсерінен құбылып, өзгеріп жатқан мына заманда тез өзгеріс жасау қажет. Тіпті, кейбір өзгерістерді бір жыл ішінде жасау керек. Мен жаңа қайта құрастыру академиясы бойынша шеберлік сабағын өткіздім. Онда мысалға компанияның өмірлік циклын мысалға алдым. Мысалы, 1980 жылдары компаниялардың өмірлік циклы 75 жылды құрайтын. 1995-2000 жылдар аралығында орта есеппен 15 жыл шамасын құрады. Ал 2020 жылдан қазіргі уақыт арасында 6 жылды құрайды. Егер компания өзгермесе, қайта құрастырылмаса, онда ол жоғалады. Оған мысалдар көп.Әлемдік танымал компаниялар Хамер, Кодак, Нокиа және тағы басқалары. Ал сол компаниялардың бұрынғы бәсекелестері Филиппс, Самсунг болса, өз брендін қайта құрастыру, бейімделу арқасында сақтап қалды. Олар біреудің өзгерткенін күткен жоқ, өздері іштен трансформация жүргізді. Яғни трансформация – бұл түбегейлі, жүйелі түрде  ұзақ жүретін процесс. Қайта құрастыру бұл ірі инвестицияны қажет қылмайтын қысқа мерзімді жүйелі процесс. Яғни мұнда көп жағдайда компания көшбасшыларының, тұтас ұжымның қатысуы қажет етіледі», – деді ол.  

Ал өз кезегінде Компанияның Адами ресурстарды басқару департаментінің директоры Сәуле Истлеева бұл модульдік бағдарлама ревизорлық аппарат қызметкерлерінің кәсіби құзыреттілік матрицасы негізінде олардың функционалдық құзыреттерін ескере отырып әзірленгенін және 100 қозғалыс қауіпсіздігі ревизорының (50 адамнан 2 ағын) кәсіби және жеке-іскерлік құзыреттерін дамытуды көздейтінін айтады. Оқыту бағдарламасы сыртқы және Компанияның ішкі жаттықтырушыларын тарта отырып, онлайн және офлайн форматтарда өтеді екен.  

Бірінші модульде ревизорлар қозғалыс қауіпсіздігін бұзуды тергеу және тексеру жүргізу, түзету шараларын әзірлеу және бұзушылықтарды құжаттандыру, қозғалыс қауіпсіздігін басқару жүйесінің тиімділігі мен нәтижелілігін бағалау, сондай-ақ тәуекелдерді басқару салаларындағы құзыреттерін арттырмақ. Екінші модульдің онлайн форматында ревизорлар цифрлық дағдылар, жанжалдарды басқару, үнемді өндіріс және стреске төзімділік тақырыптары бойынша тренингтен өтеді. Бағдарламаны аяқтағаннан жобаны қорғаған қатысушыларға біліктілігін арттырғаны туралы сертификаттар беріледі.

Жаңалықтар
30.01.2026
ҚТЖ пойыздары жолаушыларына арналған ТОП-6 ыңғайлы сервис
Инфрақұрылым
30.01.2026
Жаңа порт құрылысы басталмақ
Станция тынысы
30.01.2026
Бірлігі жарасқан ұжымның биік белесі
Қауіпсіздік
30.01.2026
«Бір қателік өмірімді өзгертті»
Жаңалықтар
30.01.2026
Туризмді дамыту сөз болды
Аймақтар
30.01.2026
Оқу орындарымен меморандумға қол қойылды
Жаңалықтар / Мұрағат
30.01.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №7 30 қаңтар 2026 жыл
Жаңалықтар
29.01.2026
Қазақстан Ауғанстан арқылы Араб теңізіне шығу жолдарын қарастырып жатыр
Жаңалықтар
29.01.2026
«Нұрлы жол» вокзалында «Жолдағы қабылдау» акциясы өтті
Аймақтар
29.01.2026
Білімді маман – білікті маман
Жолаушылар тасымалы
29.01.2026
ҚТЖ бірқатар бағыттағы «Тальго» пойыздарына жеңілдіктер енгізді
Әлеумет
28.01.2026
Билетке жеңілдік: жоғары орындар сұраныста
Темір жол тарихы
28.01.2026
Метоллоломнан табылған жез қоңырау
Әлемде
28.01.2026
Сағатына 600 шақырым: Теміржол тарихын қайта жазған жапондық жоба
Жаңалықтар
28.01.2026
ҚТЖ-ның LED-экранында батыр-теміржолшылар туралы бейнеролик ұсынылды
Жаңалықтар
27.01.2026
Сенат депутаттары жолаушы вагондарының өндірісімен танысты
Жолаушылар тасымалы
27.01.2026
Халықаралық «Jibek Joly» туристік пойызы алғаш рет Қазақстан, Өзбекстан және Тәжікстанды байланыстырады
Жаңалықтар
27.01.2026
Машинистер машығы жетілдірілуде
Аймақтар / Қауіпсіздік
27.01.2026
Инфрақұрылым қауіпсіздігі күшейтілді
ҚТЖ келбеті
27.01.2026
ЖИ мүмкіндігі шексіз