Қауіпсіздікті арттыру – ортақ міндет

Қауіпсіздік
24.11.2023, 10:14
Оқуға 3 мин
Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

ҚТЖ-да теміржолдағы мүліктің қауіпсіздігі және сақталу деңгейін арттыру бойынша 2022-2024 жылдарға арналған Жол картасын жүзеге асыру бойынша дөңгелек үстел өтті.

Басқарма төрағасының орынбасары Қанат Әлмағамбетовтің төрағалығымен өткен жиынға ҚР ІІМ көліктегі полиция департаментінің, ҚР бас көлік прокуратурасының, ҚР көлік министрлігі көлік комитетінің, «Қазақстанның теміржолдағы тармақ иелері қауымдастығы» ЗТБ және «KAZLOGISTICS» көлікшілері одағының өкілдері қатысты.

– Компанияның басым міндеттерінің бірі – қозғалыс қауіпсіздігі талаптарын сақтау, тасымалдау процесі кезінде адам өмірі мен денсаулығына зиян келтіретін тәуекелдерге бармау. Осы мақсаттарды орындау үшін 2022 жылы біз бен көлік полициясы аралығында Жол картасы әзірленген болатын. Содан бері бірлесе біраз жұмыс жүргізілді. Бейнекамера орнату, қоршау салу, бейнетіркегіштер қою сияқты цифрландыру шаралары да жүзеге асырылды, – деді Қ. Әлмағамбетов.  

Теміржолдағы қауіпсіздік мәселесі бойынша баяндама жасаған қозғалыс қауіпсіздігі департаментінің бас менеджері Мұрат Мусин бірлескен жұмыстарға қарамастан келеңсіз оқиғалар әлі де бар екенін жеткізді.  

– Биыл 10 айда 58 адам басу оқиғасы болды, оның 36 жағдайы адам өлімімен аяқталса, 22 оқиғада түрлі деңгейдегі жарақаттар алған. Статистикаға сүйенсек, адам немесе мал басу көбіне перегондарда орын алады. Теміржолды белгіленбеген жерден кесіп өтуге әуес адамдардың әрекеті теміржолшыларға үлкен қиындық туғызуда. Мұндай оқиғалар психологиялық соққы алатын локомотив бригадасының жағдайына да теріс әсер етеді, – деді М. Мусин.  

Теміржол өткелдеріндегі жол-көлік оқиғалары да былтырғыға қарағанда азайған. Көбіне бұл жайттарға да автокөлік жүргізушілерінің өткелден өтерде жол жүру ережесін бұзуы себеп болады. Өткелде ереже бұзу оқиғалары көбіне Алматы, Қостанай, Атырау, Жамбыл жол бөлімшелерінде болған. Апатты жағдайлардың дені күзетілмейтін өткелдерде орын алады екен.  

Жыл басынан бері 584 рет мал басу оқиғасы тіркелген. Оның 245 жағдайы жолаушылар пойызымен болған. Локомотив бригадалары тарапынан 2 мың рет оқыс тежеу берілген. Бүгінгі таңда мал мен жанды басу және өткелдерде жол-көлік оқиғаларын азайту мақсатында профилактикалық жұмыстарға ерекше көңіл бөлінуде. Компания қазіргі таңда «Машинистің ескерту кітабын» автоматтандыру мүмкіндігін қарастыруда.  

Бұдан бөлек жеке тармақ иелері және өндірістік кәсіпорындардың кіреберіс жолдарында жылжымалы құрамның жолдан шығып кету оқиғалары да алаңдаушылық тудырады. Мұндай оқиғалар биыл 192 рет болып, былтырғыдан 9 оқиғаға көбейді. Соның салдарынан 321 вагон мен 46 локомотив бүлінген.  

– Кіреберіс жолдардағы жолдан шығып кету оқиғаларының 70 пайызына жеке тармақ иелеріне қарасты теміржол төсемдерінің сапасыздығы себеп болады. Қалған 30 пайыз жағдайда маневрлік жұмыстардың дұрыс жүргізілмеуі әсер еткен. Көбіне кіреберіс жолдарда вагондардың жолдан шығып кету оқиғалары Қостанай, Қарағанды жол бөлімшелерінде орын алады, – деді баяндамашы.  

Көліктегі полиция департаменті бастығының орынбасары Мадияр Айтуғанов теміржолдағы бейнебақылау жүйелерін жаңғырту мәселесінің маңыздылығына тоқталды. 3 жыл ішінде ҚТЖ 7515 камера қоюды жоспарлап отыр. «Локомотивтердің 15,7 пайызы ғана бейнебақылау жүйесімен қамтамасыз етілген. Қалған бөлігін де бейнекамерамен жабдықтау қажет» деген ол бұл бағыттағы жұмыстарды жеделдету керектігін жеткізді.  

Жиынға қатысқан локомотив, жолаушылар тасымалы бойынша ҚТЖ еншілес ұйымдары басшылары көліктегі полиция қызметкерлерінің сұрақтарына жауап беріп, өз жоспарымен, мәселелердің шешімімен бөлісті. Екі жаққа да ортақ мәселелердің шешімін табуға бағытталған ұсыныстар хаттамаға енгізіліп, алдағы уақытта Жол картасында көрсетіледі.  

 

Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды