Теміржол бойында балалардың ойнауы тыйылмай тұр

Қауіпсіздік
04.04.2024, 14:18
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Теміржолшылар үшін пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігін сақтау – ең маңызды міндет. Қызылорда магистральдық желі бөлімшесінде өткен дөңгелек үстелде Түркістан-Сексеуіл, Сексеуіл-Қоскөл станциялары арасында қауіпсіздікті қамтамасыз ету сөз болды.

Қызылорда магистральдық желі бөлімшесі бойынша орын алған қауіпсіздікке кереғар жағдайларды сараптап, бөгде адамдардың, иесіз малдың пойызға басылуы секілді келеңсіз жайттардың алдын алу үшін қандай амал жасау керек, т.т. мәселелер дөңгелек үстел басында талқыланып, ұсыныс-пікірлер айтылды, келісімдер жасалды.

Жиынға Қызылорда магистральдық желі бөлімшесінің бас инженері Берік Бекжановтың басшылығымен бөлімшенің қауіпсіздік қызметінің басшысы Бақытбек Сейсенов, Қызылорда бөлімшесі бойынша аймақтық бас ревизор Алмат Молдашев, Көліктік бақылау комитетінің бөлім басшысы Еркін Тайғашев, ЖІІб полиция майоры Бақыт Айғали, аға лейтенант Серік Асанов, аймақтағы  локомотив, жол, электрмен жабдықтау және белгі беру және байланыс дистанцияларының бас инженерлері қатысты.    

– «ҚТЖ» ҰК» Магистральдық желі дирекциясы бойынша өткен жылы 12 адам, 650 мал басу оқиғасы орын алған, пойыз машинистері 95 рет шұғыл тежегіш қолданған. Ал біздің бөлімше бойынша белгіленбеген жерден өту салдарынан 3 адам басу, 28 мәрте мал басу орын алған, одан бөлек иесіз малдың жолға шығуынан тепловоз машинистері тағы 8 рет жедел тежегіш басып, тоқтауға мәжбүр болған. Өкінішке орай, мұндай жайттар биылғы жылы да қайталануда, – деді бөлімшенің бас инженері Берік Бекжанов жиынды ашып сөйлеген сөзінде.

Аймақтық бас ревизор Алмат Молдашев, жол бойындағы қайғылы жағдайлар жиі орын алатын жерлерді атап, сол маңайларды түгел тікенек сымдармен қоршау керектігіне назар аударды. Қаншама рет мектеп, оқу орындарында теміржолдың қауіпті аймақ екендігін түсіндіру жұмыстары жүргізілгенмен, бала-шаға жол бойына келіп ойнаудан тыйылмай отыр, ал жолдан өтемін деп тікенек сымға үстіндегі киімін ілдіріп, жыртып алғанын көрген ата-ана баласына бақылауды күшейтетін болар деген ойын жеткізді. Жол дистанциясының бас инженері Ақылбек Әбілдаев станция маңында теміржолды қоршау тікенек сыммен емес, тек арнайы темір қоршаулармен жүргізілетініне тоқталды. Бірақ темір қоршаудың орнатылуына көп уақыт пен қаражат жұмсалатыны сөз болып,  адам өмірінің маңыздылығын ескере отырып жол бойын тікенек сыммен қоршау тиімді де үнемді деген де пікірлер айтылды. Сонымен қатар жолды күрделі жөндеуден өткізуші мердігер компанияға жол бойын қоршау жұмысын да қоса жасауды міндеттеу қажеттігі сөз болды.    

Машинистің жедел тежегіш қолдану кезіндегі әрекетінің бейнетаспаға жазылуын міндеттеу жайын ортаға салған ЖІІб полициясының аға лейтенанты Серік Асанов, кейде мал басылды деп дабыл қағылғанмен, оқиға орнына жедел топ барғанда пойызға басылған малдың болмауы сирек те болса кездесетінін, қауіпсіздікке қатысты толтырылатын хаттамалар белгілі уақыт ішінде қағидаларға сай өткізіліп, тергеу амалдары жергілікті уәкілетті құқық органдарымен жүргізілетіндігін жеткізді.  

Тепловоз машинистерінің сапар бойынша әрекеті таспада бедерленетіні, тепловоздарды бейнекамералармен жабдықтау жұмысы жүргізіліп жатқанын айтқан депоның бас инженері міндетін атқарушы Жанатбек Жүнісов машинистермен өткізілетін күнделікті техникалық сабақтарға қатысып, қауіпсіздікке қатысты мәселелерді олармен де өткізуге қарсы емесін білдірді.

Жалпы, пойызға басылған мал иесін тауып, әкімшілік жауапқа тарту, өткелдерде биыл жүргізілген 25 рейд, 1126 адам қатысқан 34 рет жиын, оқу орындарында 4010 оқушы қатыстырылған тағы 23 түсіндіру жиынын өткізу,  ҚР Кодексінің 559-бабына сәйкес 1431 адамға ескерту парақшаларын тарату,  әлеуметтік желіге қауіпсіздік бейнероликтерін жариялау, 11 мәрте жергілікті әкімдіктерге хат жолдау, өткелдерге бейнекамералар орнату, т.т. шаралар қауіпсіздікке төнген қауіпті сейілткенімен, нәтижесі көңіл көншітерлік деңгейде емес деген қорытынды жасалды. Жиында айтылған пікір, ұсыныстар хатталып,  қатысушылар ортақ мәселелердің шешімін бірге қарастыруға уағдаласты. Ал шешім біреу ғана – ол қауіпсіздікті қамтамасыз ету.  

 

Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда