Дүниежүзілік еңбек қорғау күні аясында Жіңішке станциясында арнайы тренинг өтті

Қауіпсіздік
29.04.2025, 09:30
Суретті түсірген автор
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Теміржол мекемелерінде еңбекті қорғау, қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында семинар-тренингтер жиі ұйымдастырылады. Жіңішке станциясында өрт қауіпсіздігіне қарсы арнайы тренинг өтіп, теміржолшылар өрт сөндіру құралдарын іс жүзінде қолданып көрді.

Жіңішке станциясында өткен өрт қауіпсіздігі тренингіне мемлекеттік емес өртке қарсы қызметінің инспекторы Ақылбек Аманқұлов шақырылып, арнайы дәріс оқыды. Теміржолшыларға арналған тренинг теориялық негізбен басталып, практикалық сабақпен жалғасты. Өрт қауіпсіздігі, оған қойылатын талаптар, техникалық негізді сақтау туралы қарапайым ережелер түсіндірілді, пысықталды.  

«Теміржол мекемесінің өз өрт сөндіру қызметі бар. Десек те, қауіпсіздік шарттарының алғашқы әрекеттерін әр қызметкер, әр теміржолшы білуі тиіс. Өрт сөндіру құралдарының түрлері, оларды қолдану, өрт болған кездегі алғашқы әрекеттер мен қарапайым ережелерді білгеннің еш артығы жоқ, өндірісте түрлі жағдай орын алуы әбден мүмкін», – деді Ақтөбе мемлекеттік емес өртке қарсы қызметінің инспекторы Ақылбек Аманқұлов.  

Теміржолшылар тренингте өрт болған кезде әрекет ету тәртібін үйренді. Өрт сөндіру құралдарын қолданып көріп, оларды пайдалану ережесімен танысты.  

«Тренинг кезінде сұрақ-жауап көп болды. Диалог енгізу арқылы ережелерді ұғыну қарапайым тілде болды. Бұл Дүниежүзілік еңбек қорғау күні қарсаңында өткен маңызды шара болды», – деді Жіңішке станциясының еңбекті қорғау және қауіпсіздік инженері Айнұр Әбілберікова.  

Спорт
11.08.2026
ҚТЖ Басқарма төрағасы Спартакиадада тарихи жеңіске жеткен спортшылар командасын құттықтады
Жаңалықтар
11.08.2026
Үкіметте теміржол вокзалдарын жаңғырту мәселелері талқыланды
Инфрақұрылым
11.08.2026
ҚТЖ-да инфрақұрылымды дамыту бағдарламасы аясында ауқымды жұмыс атқарылуда
Қауіпсіздік
11.08.2026
Маңғыстауда рейдтік іс-шаралар жалғасуда
Қауіпсіздік
11.08.2026
Қауіпсіз өткел: Шымкент жол дистанциясында профилактикалық акция өтті
Аймақтар
11.08.2026
Ақтөбе өңірінде жүк тасымалы артты
Спорт
11.08.2026
ҚТЖ құрамасы – үш дүркін чемпион!
Аймақтар
11.08.2026
Абай мұрасы ұлықталды
Жаңалықтар
11.08.2026
Құрметті демалысқа шығарып салды
Жаңалықтар / Мұрағат
11.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №63 11 тамыз 2026 жыл
Спорт
10.08.2026
Нұржан Сағидоллинов армрестлингтен күміс медаль жеңіп алды
Спорт
10.08.2026
Алла Штрошерер ҚТЖ құрамасының қоржынына қола медаль салды
Спорт
10.08.2026
ҚТЖ ерлер құрамасы баскетболдан күміс жүлдегер атанды
Спорт
10.08.2026
ҚТЖ әйелдер құрамасы волейболдан спартакиаданың күміс жүлдегері атанды
Спорт
10.08.2026
Сымбат Нәсіп армрестлингтен чемпион атанды
Спорт
10.08.2026
ҚТЖ футзалшылары «Самұрық-Қазына» спартакиадасында қола медаль жеңіп алды
Аймақтар
10.08.2026
Қауіпсіздік – баршаға ортақ талап
Әлемде
10.08.2026
Грузия теміржолды жаңартуға 1,7 млрд доллар бөлмек
Әлемде
10.08.2026
ЕО елдерінде халықаралық пойыз билеттерінен ҚҚС-ты алып тастау ұсынылды
Жаңалықтар
10.08.2026
«Қарасора-2026»: есірткіге қарсы күрес