Жіңішке станциясында кезекті рейд өтті

Қауіпсіздік
26.08.2025, 09:53
Суретті түсірген автор
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Жіңішке станциясы қызметкерлері мен желілік полиция қызметкерлерінен құралған топ тағы да рейдке шықты. Себебі жаяу жүргіншілер мен иесіз малдан темір жолға келетін қауіптің алдын алу теміржолшылар үшін өзекті мәселеге айналғалы қашан.

Ақтөбе қаласының ішінде орналасқан Жіңішке станциясы – бірінші класты. Бұл жерде АҚШ, Жапония, Оңтүстік Корея, Франция, Германия, Қытай, Ресей елдеріне ірі көлемде жүк жөнелтіледі. Станцияның орналасқан жері де жүк жөнелтуге қолайлы. Айналасына ірі зауыттар мен өндіріс ошақтары шоғырланған. Сонымен қатар станцияның екі жағында елдімекен, әлеуметтік нысандар бар. Сондықтан жүк тиеу-түсіру жұмыстары қарқынды жүріп жатқан станцияда қауіпсіздік аса маңызды. Бұл жерде рейд, түсіндіру жұмыстары жиі өтетіні де сондықтан.  

Бүгін де Жіңішке станциясы басшысының орынбасары Әлібек Жұмабаев пен инженер Әсемгүл Сәуірбаева және желілік полиция бөлімінің аға инспекторы өткел бойын барлап, мөлтек аудан тұрғындарына, мектеп оқушыларына жолдан өту ережесін түсіндіріп, жазатайым оқиғалардан сақтандырды. Ата-аналарға балаларға абай болып, қараусыз жібермеу, әсіресе түнгі мезгілде жалғыз-жарым жүрмеуін қадағалау ескертілді.  

«Биыл 25 тұрғынға ескерту берілді. Олар – қауіпсіздікке мән бермей, белгіленбеген жерді кесіп өткендер. Шараның барлығы құқық қорғау қызметкерлерімен бірлесіп атқарылды. Қауіпсіздік шараларын бұзған жағдайда ҚР ӘҚБтК-нің 559-бабының 5-тармағына сәйкес әкімшілік хаттама толтырылып, жауапқа тартылатындығы түсіндіріліп, үнпарақ таратылды», – деді Жіңішке станциясы басшысының орынбасары Әлібек Жұмабаев.

Тәулігіне 22 пойыз өтетін жүк станциясында 67 кірме жол бар. Оның бәрі жұмыс істейді.  

 

Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл
Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды
Әлемде
17.09.2026
Өзбекстанда Қытайдың екінші CRRC пойызы қатынай бастады
Жаңалықтар
17.09.2026
Отар – Шу учаскесіндегі оқу-жаттығуға өрт сөндіру пойызы қатысты