Қауіпсіздік ережелерін сақтау қатаң тексерілуде

Қауіпсіздік
29.08.2025, 10:28
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Оқушылардың жазғы демалысы аяқталып, жаңа оқу жылы басталғалы отыр. Осыған орай «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы теміржол инфрақұрылымы маңында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлуде.

– Темір жол – қауіптілігі жоғары аймақ. Оқу жылының басталуымен оқушылар үйреншікті бағдарына қайта оралатыны мәлім. Міне, осы кезеңде жазатайым оқиғалар қаупінің арта түсетін әдеті. Осыған байланысты ҚТЖ компаниясы әдеттегідей алдын алу шараларын күшейтіп, бүкіл ел бойынша түсіндіру акцияларын іске қосып отыр, – дейді Қозғалыс қауіпсіздігі департаментінің директоры Марат Шакенов.  

Сонымен «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ тарапынан оқу жасындағы балалардың темір жолдан өту барысында жүріс-тұрыс қауіпсіздігін сақтау үшін қандай шаралар қабылданып, іске асырылып жатыр?  

Ең алдымен адамдардың теміржол жолдарына шығу қаупі жоғары учаскелерде пойыздардың қозғалыс жылдамдығы төмендетіледі. Екіншіден, теміржол бойына қоршау салу бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізіліп жатса, келесі кезекте жаяу жүргіншілер көпірлерін салу бойынша жергілікті атқарушы органдарға техникалық шарттар берілген. Оқу басталысымен теміржолшылар мектептерде ақпараттық кездесулер өткізіп, онда балаларға теміржолдағы тәртіп ережелері туралы айтып түсіндірмек. Сонымен қатар жаяу жүргіншілер өткелдері мен елді мекендердің жанында қосымша ескерту белгілері орнатылуда. Теміржолшылар қауіпсіздікті күшейту мақсатында құқық қорғау органдары өкілдерімен және жергілікті әкімдіктермен бірлесіп жұмыс істеп, қозғалысы жоғары учаскелерде бақылауды күшейтіп отырғанын атап өткен жөн. Сондай-ақ қауіпті аймақ саналатын теміржол бойында болмауды, жол үстінде жүрмеуді еске салатын жадынамалар, баннерлер және бейнематериалдар таратылуда.  

«Негізгі міндет – балалар мен олардың ата-аналарына теміржол ойын алаңы емес, қауіпсіздік ережелерін сақтамау адам өміріне қауіп-қатер төндіруі мүмкін екенін жеткізіп, қалыптастыру. Осыған орай ҚТЖ барлық азаматтарды, әсіресе ата-аналар мен мұғалімдерді үлкен жауапкершілік таныта отырып, балаларға жүріп тұру ережелерін түсіндіруге, болат жол маңында оларды жалғыз қалдырмауға шақырады. Өйткені қауіпсіздік қашанда да бірінші орында», – деп түйіндейді сөзін Марат Арапбекұлы.

 

 

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті