Қауіпті аймақта қатер көп...

Қауіпсіздік
10.07.2026, 08:35
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Республикалық «Заң мен тәртіп» идеологиялық тұжырымдамасы аясында бүгінде Семей теміржолында да бірқатар профилактикалық іс-шаралар өткізілуде. Атап айтсақ, кеше қала ішіндегі теміржол өткелдері бойынша «Қауіпсіз өткел» акциясы ұйымдастырылды.

Семей магистральдық желі бөлімшесі қызметкерлері, Абай облыстық көлік прокуратурасы және желілік полиция бірлесіп өткізген акцияның мақсаты жаяу жүргіншілер мен көлік жүргізушілеріне теміржол өткеліндегі қауіпсіздік талабын түсіндіру болатын. Бұл ретте қала ішіндегі ең күрделі аумақ – пойыз қозғалысының жиілігі аса жоғары саналатын «Жансая» базары маңы, ондағы жаяу жүргіншілер нөпірі мол теміржол өткелі бірінші кезекте назарға алынды.  

Іс-шара барысында ұйымдастырушылар жүргіншілерге жол ережелерін түсіндіріп, желі бойынан қауіпсіз өту мәдениеті жайлы кең көлемде ақпараттандырды. Қозғалыс қауіпсіздігі бөлімінің мамандары арнайы ескертпе парақтар таратты. Ата-аналарға каникул кезінде балалардың желі бойындағы қауіпсіздігі жайлы айтылып, сауалдарына жауап қайырылды. Мамандар теміржолдың аса қауіпті аймақ екенін ескертіп, әр жолаушының өмірі ең алдымен сақтыққа тікелей байланысты екенін жеткізді. Жастармен жеке дара әңгіме өрбіді. Себебі қала ішіндегі жылжымалы құрамдардың шұғыл тоқтауына кей жағдайда құлаққап киіп сыртқы әлемнен оқшауланған жастар да себепкер болады екен. Сол тәрізді ұялы телефонға үңіліп, тепловоз сигналын елемейтін жандар да кездеседі.  

– Темір жол өте қауіпті аймақ саналады. Қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтау міндет. Мәселен, қала ішіндегі пойыздардың шұғыл тоқтау бойынша өткен жылы жалпы саны 19 жағдай орын алған болатын. Оның жетеуі өлімге алып келсе, екі жағдайда адамдар мүгедек болып қалды. Ал биылғы алты айдың ішінде он оқиға орын алып отыр. Оның екеуі адам өмірінің қиылуына әкеп соқтырды. Шұғыл тежелуге басты себеп – желі бойындағы белгіленбеген жерлерден өту, яғни қауіпсіздік талаптарын сақтамау, – дейді рейдке қатысқан НЖС-6 бас инженері Ерғазы Ережепов.  

Бас инженер қала ішіндегі ең күрделі аумақтарды атап өтті. Олар – орталық базардың маңы, педагогикалық колледждің жаны және «солтүстік тармақтағы» жеке сектор аумағы. Әсіресе балалар мен жастар жүріп келе жатқан жылжымалы құрамның алдынан орағытып тез өтіп кетуге тырысады. Сол тәрізді тоқтап тұрған пойыздың астынан өтетін жанкештілер де бар. Қынжылтары, осы рейд барысында да желілік тәртіп сақшылары мен теміржолшылар өткелге келіп тоқтаған жүк пойызының астынан өтуге әрекеттенген жандарды тоқтатты.  

 

Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды