Ақтөбе станциясында күйдіргіге қарсы оқу-жаттығу өтті

Қауіпсіздік
17.07.2026, 08:34
Суретті түсірген автор
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Ақтөбе станциясында күйдіргі дертіне күдік анықталған жағдайдағы іс-қимыл алгоритмі пысықталды. Оқу-жаттығуға теміржол, санэпидстанция, құқық қорғау және төтенше жағдай қызметтерінің мамандары қатысып, өзара іс-қимыл деңгейі тексерілді.

Жаттығу станцияға келіп тоқтаған вагондарда жоспарлы түрде өтті.  

Іс-шараны Ақтөбе бөлімшелік көліктегі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы ұйымдастырды. Сценарий бойынша санитарлық-карантиндік тұйықта күйдіргіге күдік анықталды. Мамандар науқасты оқшаулау, байланыста болған адамдарды анықтау және індеттің таралуына жол бермеу бойынша әрекеттерді пысықтады.  

– Мұндай оқу-жаттығулар қызметтердің дайындық деңгейін арттыруға мүмкіндік береді. Жаттығу шынайы жағдайға барынша жақын ұйымдастырылады. Бұл мамандардың төтенше жағдайда қалай әрекет ету керектігін пысықтап, барлық қызметтердің үйлесімді жұмысын қамтамасыз етуге септігін тигізеді, – деді Ақтөбе бөлімшелік көліктегі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау бөлімі басшысының міндетін атқарушы Сұлушаш Жұмағазина.  

Оқу-жаттығуға «Жолаушылар тасымалы» АҚ «Батыс» филиалының қызметкерлері, облыстық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасы, жедел медициналық жәрдем қызметі, Ақтөбе обаға қарсы станциясы, Ұлттық сараптама орталығы, желілік полиция мен әскерилендірілген теміржол күзеті қатысты.  

 

Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты