Апаттың алдын алғандар

Қауіпсіздік
04.09.2026, 09:25
Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

ҚТЖ-ның локомотив бригадалары 2026 жылдың басынан бастап теміржол өткелдерінде 39 жол-көлік оқиғасының алдын алды. Машинистердің кәсібилігі мен қырағылығының нәтижесінде апатты жағдайларға жол берілмеді.

Сала мамандарының айтуынша, барлық оқыс оқиғалар автокөлік жүргізушілерінің кінәсінен орын алған. Олар пойыздың жолына шығып кетіп дабыл талаптарын сақтамаған немесе көлік құралының ақаулығына байланысты өткелден дер кезінде өтіп кете алмай қалады.  

Мәселен, 29 тамызда жүк пойызы Матай – Ақтоғай учаскесінде сағатына 37 км/ сағ жылдамдықпен жүріп келе жатып, Қаратас – Көкшалғын өткелінде машинист КамАЗ жүк көлігін байқап қалған. Ол 300 метр қашықтықта шұғыл тежеуді қолданып, соқтығысудың алдын алды. Жүк көлігінің жүргізушісі оқиға орнынан кетіп қалған. Пойыздың кешігуі 18 минутты құраған. Ақпарат Үштөбе станциясының полициясына берілді.  

Ал 27 тамызда Көкшетау – Жамантұз аралығында жүк пойызының машинисі 60 км/ сағ жылдамдықта келе жатып шұғыл тежеуді қолдануға мәжбүр болған. Нәтижесінде жеңіл автомобильмен соқтығысудың алдын алды. Көлік жүргізушісі мұнда да оқиға орнынан қашып кетті. Ақпарат құқық қорғау органдарына берілді. Келесі бір оқиға, 9 шілдеде Тобыл – Әйтеке би учаскесінде болған. Жүк пойызының машинисі 75 км/сағ жылдамдықпен келе жатып шұғыл тежеу беріп, реттелетін өткелде трактормен соқтығысудың алдын алған. Ал 10 шілдеде Тобыл – Жітіқара учаскесінде пойыз жүргізушісі Toyota автокөлігінің өткелге шығуына байланысты 65 км/ сағ жылдамдықпен төтенше тежеуді қолданды. Бұл оқиғада да көлік жүргізушісі Жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзған.  

Мамандар қауіпті жағдайлар ережелерді бұзудан ғана туындамайтынын, кейде автомобильдің техникалық ақаулығы да себеп болатынын жасырмайды. Айталық, 12 тамызда Қарағанды – Сұрыптау – Астана учаскесінде Volkswagen автокөлігі техникалық ақаулығына байланысты тура өткелге келгенде тоқтап қалған. Салмағы 1,1 мың тоннадан асатын пойыз 76 км/сағ жылдамдықпен келе жатып, шұғыл тежеу беріп үлгерген. Жолды тез босатқанмен пойыз 10 минутқа кешікті. 19 шілдеде Алматы-1 – Сарыөзек учаскесінің Байсерке – Қайрат өткелінде ұзын өлшемді автовоз да кенеттен тұрып қалған. Машинист 56 км/сағ жылдамдықта келе жатып шұғыл тежеуді қолданып, соқтығысудың алдын алды. 4 шілдеде Махамбет станциясында №62 қалалық маршруттың автобус жүргізушісі 3 км/сағ жылдамдықпен жылжып келе жатқан жылжымалы құрамға жол бермеді. Мұнда да жүргізуші оқиға орнынан кетіп қалған. Зардап шеккендер жоқ, жылжымалы құрамға да залал келмеді. Ақпарат полицияға берілді.  

ҚТЖ мамандары, теміржол өткелінде жүргізушінің қателігі оның және жанындағы адамдардың өміріне қауіп тудыруы мүмкін екенін, сондықтан өткелдің алдында жылдамдықты төмендету, қауіпсіздікті қамтамасыз ету және бағдаршам мен шлагбаум сигналдарына бағыну қажет екендігін еске салады. Егер автомобиль жол үстінде ақауы сыр беріп тұрып қалса, өткелден мүмкіндігінше тез кетіп, бұл туралы жедел қызметтерге хабарлау қажет. Ең қауіпсіз нұсқа – егер көлік қозғалысына тыйым салынса, жолға шықпау және әрқашан пойызға жол беру.  

 

Аймақтар
26.09.2026
Жезқазғанда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
26.09.2026
Автоматика жүйесін жаңғырту жалғасуда
Аймақтар
26.09.2026
Желі бойында жүйткіген «жедел жәрдем»
Жаңалықтар
26.09.2026
ҚТЖ Әзірбайжан халықаралық инвестициялық форумында ТХКБ-ны дамыту перспективаларын ұсынды
Қауіпсіздік
26.09.2026
Ақтөбе бөлімшесінде 115 теміржол нысаны тексерілді
Жаңалықтар
26.09.2026
Тәжірибелі тәлімгер тағылымы
Қауіпсіздік
26.09.2026
13 бас малды қағып кетті
Аймақтар
26.09.2026
Таразда болашақ теміржолшыларға қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Аймақтар
26.09.2026
Мыңнан астам қызметкер формалық киіммен қамтылды
Әлеумет
26.09.2026
Инклюзия күні: теміржолшылар ерекше балалармен баскетбол алаңында кездесті
Жаңалықтар / Мұрағат
25.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №76 25 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстандық делегация Бейжіңнің Оңтүстік вокзалының жұмыс тәжірибесін зерттеп білді
Жүк тасымалы
24.09.2026
«Теміржолсу» нысандарды қысқа дайындауды аяқтауда
Жаңалықтар
24.09.2026
Астана-1 вокзалы қайта жаңартудың соңғы кезеңінде
Әлемде
24.09.2026
Еуропалықтар соңғы он жылда алғаш рет автобусқа қарағанда пойызбен жиі қатынаған
ҚТЖ келбеті
24.09.2026
58 жылдан кейінгі кездесу
Спорт
24.09.2026
Теміржолшылар мерейтой иесіне турнир арнады
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстан ТХКБ-дағы контейнер тасымалын төрт есеге арттырмақ
Әлемде
24.09.2026
Вьетнам Siemens Mobility компаниясынан жүрдек пойыздар сатып алады
Жүк тасымалы
23.09.2026
KTZ Express Үндістанға жасымық жөнелтті