Аягөздегі теміржолшылар мұражайы қайта жаңғырды

Темір жол тарихы
04.02.2022, 14:04
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Аягөз локомотив пайдалану депосында аса құнды жәдігерлерге бай мұражай орналасқан. Жергілікті теміржолшылар үшін қастерлі саналатын осынау мәдени орын ҚТЖ-ның 25 жылдығы мен «Машинистер ұстаханасы» атанған депоның 90 жылдығына орай қайта жаңғыртудан өтті.

Локомотившілер мекемесінің мерейтойына орай арнайы іс-шаралар жоспары әзірленіп, шығындар сметасы да даярланғанымен, карантиндік шектеулерге байланысты өтпей қалған еді. Әйтсе де, оның аясында теміржолшылар мұражайы қайта жаңарды. Ондағы жәдігерлер тағы да біршама толықты. Әсіресе, бұрын-соңды мәлім болмаған құнды деректер қатарында, атап айтсақ, аягөздік Түрксіб ардагерлерінің, әр жылдарда еңбек еткен «Құрметті теміржолшы» атанған машинистер туралы құнды деректер жинақталды. Сондай-ақ, әйгілі династиялар, мемлекеттік марапат иелері жайлы және де салалық қызмет пен спорттағы жетістіктер туралы материалдар мен жәдігерлер музейге қойылды.

– Аягөз станциясы сонау жылдары шығыстағы бөлімше орталығы болғанын бүгінгі ұрпақ осы мұражайға келіп біледі. Теміржолдың арқасында өткен ғасырдың 30-шы жылдары бұл елдімекен үлкен қалаға айналды. Одан бөлек Аягөз шаһары – қазақ теміржолының тарихында тұңғыш рет машинистердің ұлттық кадры қалыптасқан қала. Ал, осының барлығын тарих ретінде сақтап, келешекке аманаттауда мұражайдың берері зор. Мәселен, осы жуырда ғана қаладағы К.Бозтаев атындағы орта мектептің оқушылары мұражайға арнайы келіп экскурсия жасады. Жас өрендердің тарихи дерек терге, көне жәдігерлерге қызыққаны сонша, бірталайынан болашақта теміржолшы болуға деген құлшыныс оянғанын байқадық, – дейді бұл ретте пікір білдірген ТЧЭ-25 мекемесі кәсіподақ ұйымының төрағасы Ғалинұр Мырзашев.

Көлемі 200 шаршы метрден асатын, үш залдан тұратын мәдени орын осылайша жаңа қырынан көрініс табуда. Түрксібтің даңқты құрылысшыларының фотосуреттері мен сол дәуірдегі қолданылған теміржол аспаптары өткеннен сыр шертеді. Сонымен қатар, Ақтоғай-Аягөз-Жарма телімдері аралығындағы теміржол схемасы, депоның келісті макеті де арнайы мүйіске қойылған.

Бір бұл емес, аймақ теміржолынан мол мағлұмат беретін байырғы мерзімдік басылымдар мен кітаптар, тарихи фотосуреттер де мұражай төрінен орын алған.

Аягөз бен Жарма – әйгілі теміржол династияларымен даңқы шыққан өңірлер. Шығыстағы шойынжолды түлеткен атақты әулеттердің деректері мен фотосуреттері де мұражайдан лайықты орын алған.Сонымен қатар, бір бұрыш тәуелсіздіктен кейінгі отандық теміржол тарихына арналған, ҚТЖ құрылған кезеңнен бергі уақытты қамтиды.

Қазіргі күні мұнда музейдің кәсіподақ ұйымы теңгеріміне алынуы себепті мүліктерді түгендеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Инвентаризациялау жұмыстары музей тарихында болмаған екен. Бұл орайда, аса құнды тарихи зат ретінде бағаланған 90 жәдігер нақтыланыпты. Олардың көпшілігі кешегі дәуірде аягөздік Түрксіб құрылысшыларының өз қолдарынан алынған. Көпшілігін олардың ұрпақтары әкеліп өткізген.

Сонымен қатар, тағы бір жаңалық – штат бөлініп, мұражай қызметіне арнайы адам алыныпты. Бұл да салалық кәсіподақ бастамасымен мәдени орынның қайта жандануын айғақтаса керек.

Аймақтар
12.08.2026
Түлкібас теміржол вокзалы қайта жаңартудан кейін ашылды
Әлемде
12.08.2026
Бавария алғашқы сутекті пойызын желтоқсанда іске қосады
Жаңалықтар
12.08.2026
ҚТЖ Басқарма төрағасы локомотив және жолаушылар паркімен танысты
Спорт
11.08.2026
ҚТЖ Басқарма төрағасы Спартакиадада тарихи жеңіске жеткен спортшылар командасын құттықтады
Жаңалықтар
11.08.2026
Үкіметте теміржол вокзалдарын жаңғырту мәселелері талқыланды
Инфрақұрылым
11.08.2026
ҚТЖ-да инфрақұрылымды дамыту бағдарламасы аясында ауқымды жұмыс атқарылуда
Қауіпсіздік
11.08.2026
Маңғыстауда рейдтік іс-шаралар жалғасуда
Қауіпсіздік
11.08.2026
Қауіпсіз өткел: Шымкент жол дистанциясында профилактикалық акция өтті
Аймақтар
11.08.2026
Ақтөбе өңірінде жүк тасымалы артты
Спорт
11.08.2026
ҚТЖ құрамасы – үш дүркін чемпион!
Аймақтар
11.08.2026
Абай мұрасы ұлықталды
Жаңалықтар
11.08.2026
Құрметті демалысқа шығарып салды
Жаңалықтар / Мұрағат
11.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №63 11 тамыз 2026 жыл
Спорт
10.08.2026
Нұржан Сағидоллинов армрестлингтен күміс медаль жеңіп алды
Спорт
10.08.2026
Алла Штрошерер ҚТЖ құрамасының қоржынына қола медаль салды
Спорт
10.08.2026
ҚТЖ ерлер құрамасы баскетболдан күміс жүлдегер атанды
Спорт
10.08.2026
ҚТЖ әйелдер құрамасы волейболдан спартакиаданың күміс жүлдегері атанды
Спорт
10.08.2026
Сымбат Нәсіп армрестлингтен чемпион атанды
Спорт
10.08.2026
ҚТЖ футзалшылары «Самұрық-Қазына» спартакиадасында қола медаль жеңіп алды
Аймақтар
10.08.2026
Қауіпсіздік – баршаға ортақ талап