Атырау темір жолына – 80 жыл

Темір жол тарихы
04.11.2022, 10:05
Суретті түсірген автор
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Биыл Атырау темір жолына 80 жыл толып отыр. Осы аптада Атырау жүк тасымалы бөлімшесінде айтулы датаға орай салтанатты жиын өтіп, оған өлке теміржолына еңбегі сіңген ардагерлер мен бүгінгі күні әр салада тер төгіп жүрген теміржолшылар қатысты.

Жиынды ашқан бөлімше басшысы Аслан Базарғалиев көпшілікті атаулы күнмен құттықтап, бөлімше тарихына қысқаша тоқталып өтті. Тарихқа көз салсақ, 1925-26 жылдары салынған Гурьев–Доссор тартабанды темір жолы – өлкеге тартылған алғашқы шойынжол. Ұзындығы 92 километрлік бұл жол Жайық–Ембі өңірінің мұнайын жөнелту үшін қажет еді. Бұдан кейін мұнай өндірісін дамыту үшін Ескене сияқты құю станциялары бар тағы да екі тартабанды жол салынды. Тартабанды темір жолдар мұнай кәсіпшіліктерін Гурьевпен, Каспий теңізімен байланыстырды, сол арқылы мұнай еліміздің орталық аудандарына жеткізілді. 1936 жылы ұзындығы 517 шақырымдық Гурьев-Қандыағаш темір жолының құрылысы басталып, кейін ол Орскіге дейін жеткізілді. Гурьев–Қандыағаш теміржол желісі Ұлы Отан соғысы жүріп жатқан кезде, яғни 1942 жылы пайдалануға берілді және ол Орынбор темір жол жүйесінің құрамына енгізілді. Жүк тасымалдау қабілетінің шек - теулі болуына қарамастан бөлімше Ұлы Отан соғысын мұнай өнімдерімен жабдықтауда елеулі роль атқарды.  

Атырауда теміржол саласының қауырт өркендеу кезеңін 1960 жылдардың ортасы деуге болады. 1966 жылы ұзындығы 700 километрлік Мақат–Маңғышлақ, келесі жылы 180 километрлік Маңғышлақ–Өзен телімдері салынып, іске қосылды. 1970 жылы Орта Азия мен Қазақстанды Закавказьемен бұрынғы Кеңес Одағының орталық аудандарын төте жолмен жалғастыратын 333 километрлік Гурьев–Астрахань желісі қатарға қосылды. Сонымен Атыраудағы болат магистральдің жалпы ұзындығы 1735 километрге жеткен еді.  

Қандыағаш–Гурьев темір жолы 1939 жылғы 12 ақпанда салынып бітті. 1939 жылы 26 ақпан күні 40 вагон тіркелген бірінші пойыз Гурьевке келді. 1939 жылы желтоқсанда уақытша, 1942 жылы тұрақты іске қосылды. Міне, сол жылдан бастап Гурьев теміржол бөлімшесінің тарихы басталады. Бүгінде құрамында 18 станция, 31 разъезд, екі локомотив депосы, 1 электрмен қамту, 1 вагон шаруашылығы, үш байланыс және сигнализация, 2 жол дистанциясы, 3 өрт сөндіру, 2 қалпына келтіру пойызы бар бөлімше Қазақстанның көлік әлеуетін дамытуда стратегиялық маңызға ие, атқаратын жұмыс көлемі бойынша 1-категорияға жататын, жұмыс көлемі де үлкен әрі күрделі бөлімше.  

– Қазіргі уақытта Атырау теміржолында 5412 адам еңбек етеді және салаға еңбегі сіңген 1966 зейнеткеріміз бар. Баршаңызды мерейлі датамен құттықтап, зор денсаулық, еңбекте табыс тілеймін, – деп сөзін аяқтады бөлімше басшысы. Келесі кезекте еңбек ардагерлері сөз алып, өткен жылдардан естелік айтты.  

Салтанатты шара марапаттау рәсіміне жалғасты. «Адал еңбегі үшін» кеуде белгісімен Құлсары станциясы бастығының орынбасары Ш.Бақтыбаев, Мақат локомотив пайдалану депосының тепловоз машинисі С.Нәбишев, «Кәсібі бойынша үздік» төсбелгісімен Мақат станциясының диспетчері Қ.Сейдағалиев пен Атырау локомотив пайдалану депосының машинисі Ж.Құлахметов, «Үздік маман» атағымен Атырау вагон пайдалану депосының бастығы Ә.Бейсеев марапатталды. Тағы бір топ маман «ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының Құрмет грамотасы мен Алғыс хатымен, Кәсіподақтың 30 жылдығы төсбелгісімен және осы датаға арнап шығарылған «Атырау темір жолына 80 жыл» медалімен 200-ге жуық теміржолшы марапатталды.  

 

Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты
Жолаушылар тасымалы
28.09.2026
Пойызға қандай заттарды алып кіруге болмайды?
Инфрақұрылым
28.09.2026
Бозшакөл станциясында бағыттамалық бұрмалардың жаңа конструкциясы қолданылды
Әлемде
28.09.2026
InnoTrans көрмесінде Luna түнгі пойызының тұжырымдамасы таныстырылды
Сұхбат
28.09.2026
Қазақстанда теміржол өнімдерін өндіру жеті есе өсті
Аймақтар
26.09.2026
Жезқазғанда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
26.09.2026
Автоматика жүйесін жаңғырту жалғасуда
Аймақтар
26.09.2026
Желі бойында жүйткіген «жедел жәрдем»
Жаңалықтар
26.09.2026
ҚТЖ Әзірбайжан халықаралық инвестициялық форумында ТХКБ-ны дамыту перспективаларын ұсынды
Қауіпсіздік
26.09.2026
Ақтөбе бөлімшесінде 115 теміржол нысаны тексерілді