«Түрксіб-Семей» мұражайына 10 жыл

Темір жол тарихы
07.04.2023, 12:08
Суретті түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Семей теміржолындағы «Түрксіб-Семей» мұражайына биыл 10 жыл толады. Осы аралықта бірнеше көрме экспозициялары ашылып, көне жәдігерлермен толыға түскен мәдениет ошағының аймақ жұртшылығына, теміржол тарихына қызығушыларға берер рухани мұрасы да жыл сайын артуда.

Осы орайда Семей ЖТ бөлімшесі кәсіподақ ұйымының төрағасы, Құрметті теміржолшы Алик Досанов бөлімше басшылығымен кеңесе отырып, бірқатар тың бастамаларды қолға алды. Мысалы, әуелгі кезекте келімді-кетімді жолаушылар нөпірі мол Семей вокзалының төріне даңқты суретші Әбілхан Қастеевтің әйгілі «Түрксіб» картинасының үлкейтілген нұсқасы ілінді. Мұражай да бүгінде осы вокзал ғимаратында қоныс тепкен, яғни келген-кеткен жолаушы үшін де есігі ашық. Жолаушыларға байырғы Түрксібтің өткен тарихын бір сәттік көрініспен түсіндіретін туынды теміржол бекетіне ерекше сән беріп тұр.  

– Бұл тек бастамасы. Алдағы уақытта «Түрксіб» музейінің мерейтойына орай аймақ тарихынан, Семей теміржолының өткенінен мол мағлұмат беретін тың бағыттағы көптеген қоғамдық іс-шаралар ұйымдастырылатын болады. Семей – шын мәнінде Түрксіб теміржолының бастау алар түп қазығы, – дейді семейлік кәсіподақ белсенділері.  

Айта кетерлігі, бұл бағыттағы жұмыстардың барлығы бөлімше ардагерлерінің ақыл қосуымен, осы мұражайды ашуға мұрындық болған алғашқы директоры, Құрметті теміржолшы, байланыс саласының ардагері, қоғам белсендісі Мақсұт Көшжановтың кеңесімен жүзеге асырылуда.  

Қазіргі таңда кәсіподақ қарауына алынған мұражайда 1145 жәдігер бар екен. Мұражай әсіресе өскелең жас буын мен қала қонақтарының жиі келетін орнына айналған.  

 

ҚТЖ келбеті
01.05.2026
Сыйластықпен өрілген өмір
ҚТЖ келбеті
01.05.2026
Станция кезекшісі
Аймақтар
01.05.2026
Көктемгі байқау – жазға дайындық
Аймақтар
01.05.2026
Сауатты әрекет етті
ҚТЖ келбеті
01.05.2026
«Үздік маман» атану оңай емес
Қауіпсіздік
01.05.2026
Еңбекті қорғау күні атап өтілді
Қауіпсіздік
01.05.2026
Қауіпті аймақтың қатаң талаптары
Жаңалықтар
01.05.2026
«Кедентранссервис» АҚ мамандары ISO халықаралық стандарттары бойынша біліктілігін арттырды
Аймақтар
01.05.2026
Адам өмірі бәрінен қымбат
Аймақтар
01.05.2026
Білім сайысында бақ сынасты
Спорт
01.05.2026
«Толағай» – отбасылық сайыс
Қауіпсіздік
01.05.2026
Тілсіз жауға тосқауыл
Жолаушылар тасымалы
01.05.2026
Пойыздағы 25 күн: Қазақстанның барлық өңірін аралаған саяхатшы
Жаңалықтар / Мұрағат
01.05.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №34-35 01 мамыр 2026 жыл
Әлемде
30.04.2026
Siemens Mobility Румыния үшін сутегімен жүретін пойыз жасайды
Аймақтар / Қауіпсіздік
30.04.2026
Практикалық семинар: «Менің идеалды жұмыс ортам»
Аймақтар
30.04.2026
Қауіпсіздік – қанмен жазылған қағида
Аймақтар
30.04.2026
Атырау дистанциясында еңбекті қорғауға арналған семинар өтті
Жолаушылар тасымалы
30.04.2026
ҚТЖ теміржол көлігімен жолда жүру ережелерін еске салды
Қауіпсіздік
29.04.2026
Еңбекті қорғауда ешқандай қысымға жол жоқ
MyQaz.kz