Аға буын өкілдері қашанда алғысқа лайық

Темір жол тарихы
05.11.2024, 09:11
Суретті түсірген автор
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Өткен ғасырдың орта шенінен бастап еңбекке араласқан аға буын теміржолшылардың отандық теміржол саласының дамуына қосқан үлесі мол. Солардың бірі атыраулық Сисенғалиева Дәмет апа «Қазақстан темір жолына 120 жыл» медалімен марапатталды.

«Қазан – қамқорлық айы» акциясы аясында және Дәмет апайдың шаңырағына бас сұққан Атырау жүк тасымалы бөлімшесінің бастығы Аслан Базарғалиев 86 жастағы кейуананың хал-жағдайын біліп, марапатын табыс етті. Сондай-ақ ұлттық нақыштағы кестелі қамзол мен орамал, себет толы жеміс-жидек, тәттілер сыйлады.  

Дәметкен әжей 1956 жылы Ескене станциясында «стрелочник» болып еңбек жолын бастапты. Оның міндеті ерсілі-қарсылы өтіп жатқан пойыздарды станция жолдарына бөліп орналастырып, белгілі бағытқа бұрып отыру екен. Осы жұмысты 16 жыл атқарып, содан кейін станция кезекшісі болып ауысады. Бұл жұмысты да 10 шақты жыл абыроймен атқарып, бөлімше мекемелерін сумен қамтамасыз етуші «НОДВОД» мекемесіне ауысып, 1991 жылы зейнетке шыққанша еңбек етті.  

– Ол кезде қазіргідей автоматтандырылған жүйе болған жоқ, жұмыстың бәрін қолмен жасадық. Біздің Ескенеде соғыс жылдарында мұнай өндіру орталығы болған, майданға ұшып кетіп жатқан ұшақтар тап осы жерде жанармаймен қоректеніп, қайта ұшатын. Гурьев мұнай өңдеу зауыты үздіксіз жұмыс жасап, елді жанар-жағармаймен қамтамасыз етіп тұрды. Сол бір сұрапыл соғыс жылдарында бала болсақ та қал-қадірімізше үлкендерге көмектестік. Шағын ғана ауыл аз уақыттың ішінде ауыспалы Қызыл Тумен жеті мәрте марапатталып, Кремльдің алғыс хатын алған, – деді мақтанышпен.  

Дәметкен апайдың отағасы Жолдасов Қосшы да осы станцияда пойыз құрастырушы, станция кезекшісі болған. Өкініштісі, өмірден ерте кеткен. Ата-ана жолын ұл-қыздары да жалғастырды. Ұлдары Мақсот Жолдасұлы мен Асқар Сариев теміржол саласында отыз жылдай еңбек етті. Атырау теміржол техникумын және Алматы теміржол институтын бітірген жоғары білімді, тәжірибелі мамандар болды. Екеуі де еңбек жолын пойыз құрастырушыдан бастап, Ескене, Қарабатанда пойыз қараушы, станция кезекшісі, станция бастығына дейін өсті. Бүгінде арамызда жоқ... Ал қызы Мәншүк пен келіні Қалғыз бөлімшенің логистика және жүк бөлімдерінде абыройлы еңбек етіп жүр.  

 

Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты
Жолаушылар тасымалы
28.09.2026
Пойызға қандай заттарды алып кіруге болмайды?
Инфрақұрылым
28.09.2026
Бозшакөл станциясында бағыттамалық бұрмалардың жаңа конструкциясы қолданылды
Әлемде
28.09.2026
InnoTrans көрмесінде Luna түнгі пойызының тұжырымдамасы таныстырылды
Сұхбат
28.09.2026
Қазақстанда теміржол өнімдерін өндіру жеті есе өсті