Машинистер ұстаханасы - ұлы құрылыс құрдасы

Темір жол тарихы
03.07.2020, 11:05
Оқуға 3 мин
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Шығыстағы Аягөз станциясында орын тепкен көптеген теміржол мекемелері Түрксібпен түйдей құрдас. Ондағы теміржол вокзалынан бастап, барлық нысандар дерлік ғасыр құрылысының төл туындылары саналады. Яғни, биыл Аягөздегі бірқатар мекемелерге де 90 жыл толады. 

Мысалы, ең байырғы мекеме Аягөз локомотив пайдалану депосына биыл 90 жыл болады. «Машинистер ұстаханасы» атанған, бүгінде білікті басшы Серік Ибраимов жетекшілік ететін ТЧЭ-25 мекемесі мерейтойын Түрксібпен сабақтастыра атап өтуді межелеп отыр. Ол үшін арнайы іс-шаралар жоспары әзірленіп, мерейтойды өткізуге арналған шығындар сметасы да әзірленіп, бөлімше басшылығына жіберілген. Мұнымен қоса, бекітілген жоспарды уақытында орындау үшін мекеменің бөлім басшылары мен машинист нұсқаушыларына тиісті тапсырма да берілген. Сәйкесінше, жұмыстар жүріп жатыр. Бірінші кезекте кезекшілер ғимаратының ауласын күрделі жөндеуден өткізу, мекеме ғимаратының алдында орналасқан «Машинист аллеясын» жаңартусынды жұмыстарға баса мән беріліп отыр екен. Сонымен қатар, қазіргі күні Түрксібпен сабақтасатын ТЧЭ25 мерейтойының естелік белгісіне де тапсырыс берілуде. Белгінің жобасын, эскизін және санын арнайы комиссия қарап бекітетін болады. Десек те, қазіргі күні бұл жұмыстардың сыртында аягөздік

Түрксіб ардагерлерінің, әр жылдарда еңбек еткен, «Құрметті теміржолшы» атанған машинистердің өмірбаянынан сыр шертетін деректі фильм әзірлеу қолға алынып жатыр. Сондай-ақ, Аягөз локомотив пайдалану депосының басшылары, әйгілі династиялар, мемлекеттік марапат иелері жайлы және де салалық қызмет пен спорт жетістіктері жайында материалдар жинақталуда. Бұл шаралардың аясында ғимаратта орналасқан, Түрксіб құрылысы жайында да мол мағлұматтар беретін мұражайды жаңарту көзделіп отыр. Ол жайында қазіргі күні бөлімше басшылығы да хабардар.

Әзірге мерейтой алдағы тамыз айының 1-ші жұлдызынан 30-шы жұлдызы аралығында өткізіледі деп жоспарлануда. Қазіргі уақытта арнайы құрылған комиссия қарқынды жұмыс жүргізіп жатыр. Аймақтағы эпидахуалға байланысты қонақтар көп болмауы мүмкін, шараның онлайн көрсетілуі де

назарға алынып отыр екен. Әйтсе де, тарихты түгендеп, іргені бүтіндеп алудың да маңыздылығы зор болып тұр. – Түрксіб құрылысының ең қызған шағы – 1929 жылы Аягөзде паровоз депосы салынса, 1930 жылдан бастап тұрақты жұмыс істей бастады. Күллі Шығыстағы алғаш ашылған бірегей депо болған. Түрксіб сол кездегі шағын елді мекенге жаңа леп әкеліп, кенттің Сергиополь атауын қазақыландырып, Аягөз станциясы деп алғаш рет теміржолшылар атай бастаған болатын. Ал отызыншы жылдары Аягөздің бөлімше орталығы болғанын кім біледі? Оның басында, сөз жоқ, біздің мекемеміз тұр. Қалай десек те, Аягөз шаһары – қазақ теміржолының тарихында тұңғыш рет машинистердің ұлттық кадры қалыптасқан қала, – дейді пікір білдірген ТЧЭ-25 мекемесін кәсіподақ ұйымының төрағасы Ғалинұр Мырзашев. Аягөз локомотив пайдалану депосында еңбек жолын бастаған көптеген мамандар кейінгі жылдары республикамыздың әр түкпірінде басшылық қызметтер атқарып, бұл үрдіс қазіргі кезеңде де сақталып отырғаны рас. Сол себептен аягөздіктердің мақтаныштары көп. Олардың арасында Ақтоғай, Шар, Матай, Екібастұз, Семейдегі локомотив пайдалану деполарында кейінгі жылдарда басшылық қызмет атқарған азаматтар бар. Тіпті, еліміздің бірқатар локомотивтеріндегі озат машинистердің көпшілігі осы Аягөздің түлектері екенін айта кету керек. 

Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді