Ганюшкино станциясында электрондық құжат айналымы артты

Аймақтар
23.12.2022, 09:53
Суретті түсірген автор
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Ганюшкино станциясы – Ресей мен Қазақстанды байланыстыратын үлкен станция. Құрманғазы ауданының орталығынан 25 шақырым жерде орналасқан. Сол жердегі бұрын станция аттас ауыл бүгінде Ақкөл аталады.

Бірақ ежелден Ганюшкино болып танылған станция атауы өзгеріссіз. Жүйелі жол торабы, жүк тиеп-түсіруге арналған қосалқы тұйықтары мен кірме жолдары бар, инфрақұрылымы қалыптасқан іргелі станцияда барлық салалық құрылымдар қызмет атқарады. Станциядан бөлек жол дистанциясы, вагон және локомотив, байланыс, электрмен қамту, күзет, барлығы теміржол қызметін көрсететін он екі мекеме бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып дегендей қоян-қолтық еңбек етуде.  

Солардың бәрінің жұмысын үйлестіріп отырған әрине станция. Ай сайын орташа есеппен Ресей бағытына 273 жүк пойызы, 18363 вагон жүк тапсырылып, кері қарай 268 жүк пойызы, 3877 жүк тиелген вагон қабылданады. Станцияда 12 жол бар. Жұп паркте сегіз жол болса, тақ паркте төртеу. Соның ішінде ең ұзыны 1735 метрді құрайды. Ал станция жолдарының мұндай ұзын болуы маневрлік жұмыстар жасауға өте қолайлы, сондықтан мұнда пойыздардың тұрып қалуы сирек.  

Ағымдағы жылдың он бір айлық көрсеткіші бойынша 2669 пойыз, 202942 вагон қабылданып, 2689 пойыз, 192419 вагон тапсырылды. Сонымен қатар 101 вагон жүк тиеліп, 4690 вагон жүктер түсіріліп, жоспар бойынша қосымша кіріс жиынтығы 31992711,00 теңгені құрады. Жүк тиеп-түсіру бойынша жоспар 100 пайыз орындалып келеді. Станция қазіргі күні жүк тиеп-түсіру бойынша жаңа жүйеге көшті, құжаттар АСУ ДКР жүйесіне сәйкес электронды түрде рәсімделеді. Соңғы кезде тек ғаламтор арқылы байланысып, электрондық құжат ресімдейтін виртуалды клиенттер қатары артқан. Бүгінгі күні 42 тұрақты клиент станциямен виртуалды қарым-қатынас орнатқан. Оларға станция басына келіп, кезек күтіп құжат рәсімдеу тіпті де маңызды емес. Электронды түрде рәсімделген құжат саны 726-ға жетті, – дейді станция бастығы Теңел Исмағұлов.  

Станция басында, яғни Ақкөлде 5 мыңға жуық адам тұрады. Ауыл тұрғындарының басым көпшілігін жұмыспен қамтып отырған – темір жолдың құрылымдық бөлімшелері. Бір ғана станцияның өзінде 152 адам еңбек етеді. Олар пойыз құрастырушылар, станция кезекшілері, жүк кассирлері, тасымалдау құжаттарын өңдеу операторлары, жүк-багаж қабылдаушы, белгі беруші, АСУ операторы, транзиттік агент, т.б. Атырау – Дина, Атырау – Ганюшкино, Ташкент – Волгоград, Худжант – Саратов бағытына қатынайтын жолаушы пойыздары станция арқылы өтеді. Жергілікті халықтың қажетін өтеуге толығымен жетіп тұр.  

 

Жаңалықтар
10.09.2025
Кәсіподақтың XI съезі өтті
Жүк тасымалы
10.09.2025
Қазақстан Вьетнамға бидайды тікелей контейнер ауыстырмай жеткізді
Жолаушылар тасымалы
10.09.2025
ҚТЖ «Voice Beyond Horizon» музыкалық реалити-шоуына арнап пойыз жасақтады
Аймақтар
10.09.2025
Қызылорда теміржолшылары – мемлекеттік тілдің үздік жанашыры
Жүк тасымалы / Инфографика
10.09.2025
8 айда теміржол көлігімен жүк тасымалы 4% өсті
Әлемде
10.09.2025
Мексикада жүк пойызы автобуспен соқтығысты: 10 адам қаза тауып, 60-тан астамы жараланды
Инфрақұрылым
09.09.2025
Инфрақұрылымды жаңғырту – уақыт талабы
Инфрақұрылым
09.09.2025
Арыс көпірі қайта түледі
Қауіпсіздік
09.09.2025
Қауіпті аймақта қатаң тәртіп керек
Қауіпсіздік
09.09.2025
Жолда жүру ережесі түсіндірілді
Аймақтар
09.09.2025
Вокзалдағы қондырғылар ауыстырылды
Аймақтар
09.09.2025
Тазалық – баршаға ортақ міндет
Әлеумет
09.09.2025
Осы жазда Қазкөліккәсіп теміржолшылардың 250 баласына мереке сыйлады
Әлеумет
09.09.2025
Бейнеуліктердің игі бастамасы
Жаңалықтар / Мұрағат
09.09.2025
Қазақстан теміржолшысы газеті, №73 09 қыркүйек 2025 жыл
Жолаушылар тасымалы
08.09.2025
2030 жылға дейін жолаушылар вагондары паркі толық жаңартылады
Жаңалықтар
08.09.2025
Мемлекет басшысы: Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр
Жаңалықтар
08.09.2025
Мемлекеттік тіл – достық тірегі
Аймақтар
08.09.2025
Жосалы–Түркістан телімінде жоспарлы жол күтімі жүргізілуде
Жаңалықтар
07.09.2025
Көшпелі комиссия 125 вокзалдағы жөндеу жұмыстарын тексерді