ҚТЖ «Voice Beyond Horizon» музыкалық реалити-шоуына арнап пойыз жасақтады

«Жолаушылар тасымалы» АҚ Қазақстан аумағында түсірілетін халықаралық «Voice Beyond Horizon» жобасына арнап арнайы музыкалық пойыздың қатынауын ұйымдастырды, деп хабарлайды Rail-news.kz.  

Түсірілімдер үшін 7 жолаушылар вагоны мен 1 мейрамхана-вагон бөлінді. Арнайы жасақталған пойыз шамамен 150 өнерпаз бен халықаралық деңгейдегі қонақтарды қабылдауға мүмкіндік береді.

8 қыркүйектен бастап пойыз «Түркістан – Ақтау – Алматы – Астана» бағыты бойынша 18 күндік сапарға шықты. Маршрут аясында ірі қалаларда түсірілімдер мен мәдени шаралар өткізіліп, Қазақстанның туристік әлеуеті мен табиғи көрікті аймақтары кеңінен таныстырылады.

Жоба Қытайдың жетекші медиа-холдингі Hunan Broadcasting System-мен бірлесіп жүзеге асырылуда. Аталған компанияның күнделікті аудиториясы 210 миллионнан астам көрерменді қамтиды, соның ішінде Mango TV платформасы бар. Жобаның басты мақсаты – Қазақстанды халықаралық деңгейде таныту, мәдени әріптестікті нығайту және теміржолды заманауи мәдени алаң ретінде көрсету.

Жобаның атқарушы продюсері – әлемге әйгілі әнші Димаш Құдайберген. Бұл бастама ол үшін символикалық мәнге ие: он жылға жуық уақыт бұрын оның халықаралық мансабы Hunan TV арнасындағы Singer жобасында басталған еді. Енді ол жаңа қырынан – халықаралық музыкалық реалити-шоудың бастамашысы әрі продюсері ретінде қайта оралды.

Жобаға Қытай, Қазақстан, Қырғызстан, Италия, Малайзия және Сербия елдерінің орындаушылары қатысады. Түсірілімдер Астана, Алматы қалаларында, сондай-ақ Алматы, Ақмола, Түркістан және Маңғыстау облыстарында өтеді. Негізгі түсірілім алаңдары ретінде Шарын шатқалы, Бозжыра үстірті, Көбейтүз көлі және Сайрам-Өгем ұлттық паркі таңдалды. Жобаның финалдық кезеңі елорда – Астанада өтпек.

Шоу Hunan TV арнасында, Mango TV цифрлық платформасында, сондай-ақ қазақстандық «Jibek Joly», «Хабар» және өзге де телеарналарда көрсетіледі.

 

ҚТЖ келбеті
01.05.2026
Сыйластықпен өрілген өмір
ҚТЖ келбеті
01.05.2026
Станция кезекшісі
Аймақтар
01.05.2026
Көктемгі байқау – жазға дайындық
Аймақтар
01.05.2026
Сауатты әрекет етті
ҚТЖ келбеті
01.05.2026
«Үздік маман» атану оңай емес
Қауіпсіздік
01.05.2026
Еңбекті қорғау күні атап өтілді
Қауіпсіздік
01.05.2026
Қауіпті аймақтың қатаң талаптары
Жаңалықтар
01.05.2026
«Кедентранссервис» АҚ мамандары ISO халықаралық стандарттары бойынша біліктілігін арттырды
Аймақтар
01.05.2026
Адам өмірі бәрінен қымбат
Аймақтар
01.05.2026
Білім сайысында бақ сынасты
Спорт
01.05.2026
«Толағай» – отбасылық сайыс
Қауіпсіздік
01.05.2026
Тілсіз жауға тосқауыл
Жолаушылар тасымалы
01.05.2026
Пойыздағы 25 күн: Қазақстанның барлық өңірін аралаған саяхатшы
Жаңалықтар / Мұрағат
01.05.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №34-35 01 мамыр 2026 жыл
Әлемде
30.04.2026
Siemens Mobility Румыния үшін сутегімен жүретін пойыз жасайды
Аймақтар / Қауіпсіздік
30.04.2026
Практикалық семинар: «Менің идеалды жұмыс ортам»
Аймақтар
30.04.2026
Қауіпсіздік – қанмен жазылған қағида
Аймақтар
30.04.2026
Атырау дистанциясында еңбекті қорғауға арналған семинар өтті
Жолаушылар тасымалы
30.04.2026
ҚТЖ теміржол көлігімен жолда жүру ережелерін еске салды
Қауіпсіздік
29.04.2026
Еңбекті қорғауда ешқандай қысымға жол жоқ
MyQaz.kz