Жолда жүру ережесі түсіндірілді

Қауіпсіздік
09.09.2025, 08:29
Суреттерді түсірген автор
Ардақ Үсейінова

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі

Жамбыл жүк тасымалы бөлімшесіне қарасты Бурыл станциясында салалық құрылымдармен бірлескен іс-шара ұйымдастырылды. Алдымен шағын жиын өтіп, онда станция аумағы бойынша қауіп-қатердің алдын алу мақсатында жүргізілетін іс-шаралар жоспары талқыланды.

Бұдан кейін құрамында Бурыл станциясының бастығы Нұрлан Сәкенұлы, Тараз станциясындағы желілік полиция бөлімінің өкілдері Әлімжан Жаңабаев пен М.Шырынханов, «ӘТЖК» ЖШС Тараз филиалының шұғыл әрекет ететін оңтайлы тобының бастығы Шохан Қасымов, күзетшісі Дидар Ерғалиев бар топ станция басындағы қызметтік өткел маңында шойын жолды белгіленбеген жерден кесіп өтіп жатқан тұрғындарды тоқтатып, ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.  

Айналдырған бір сағаттың ішінде қызметтік өткелді оннан астам адам кесіп өтті. Тіпті осы сәтте кесе-көлденең жүк пойызы тоқтап тұрғанына, локомотивтің арлы-бері өтіп, маневрлік жұмыстар жүргізіп жатқанына қараған ешкім болған жоқ. Вагон астынан баспалап арғы беттен бергі жаққа өткендерді мамандар тоқтатып, ескерту жасады. Осындай жағдай тағы қайталанса, айыппұл салынатынын еске салды. Ал бергі беттен келгендерін рұқсат етілген өткелден айналып өтуге бағыттады.

– Станцияның негізгі қызметі – жүк пойыздарын қабылдап, сұрыптап-өткізу. Мұндай кезде вагондар жолда сағаттап тұрады. Негізгі өткел ашық, бірақ тұрғындар айналып өтуге ерініп, маневрлік жұмыстардың жүріп жатқанына қарамастан жолды кесіп өтіп жатады. Сондықтан арнайы мамандарды шақырып, бірлескен рейдтер өткізіп тұрамыз. Ондағы мақсат – өз өмірлерін қатерге тіккен тұрғындарға ескерту жасау, – дейді Нұрлан Сәкенұлы.

Полиция аға лейтенанты Әлімжан Жаңабаев кезекті бір тұрғынды тоқтатып, неліктен рұқсат берілген өткелден айналып өтпейтінін сұрады. Егде тартқан ел ағасы өзі мінетін автобустардың осы жерге келетінін, арғы жаққа бармайтынын айтты. Оның сөзінің жаны бар, қалаішілік 41,44-ші бағыттағы қоғамдық көліктердің соңғы аялдамасы Жолбарыс хан көшесінде. Бұл автобустар арғы өткел жаққа бармайды. Жұмысқа, мектепке асыққандардың қызметтік өткелді кесіп өтетіндері де сондықтан.  

Бурыл станциясы бастығының орынбасары Руслан Жаңабай бастаған топ станцияға жақын орналасқан Ө.Жолдасбеков атындағы №50 орта мектепке бірінші ауысымдағы сабақтар аяқталар сәтте барып, оқушылар арасында профилактикалық түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Жас жеткіншектерге арнайы дайындалған видеороликтер көрсетіліп, шойын жол бойында орын алған қатерлі жағдайлардың салдары туралы айтылды. Темір жолды рұқсат етілмеген жерден кесіп өтуге қатаң тыйым салынатыны ескертілді. Тіпті, өткелден өту және шеткі рельстен бес метр қашықтықта жағалай жүру кезінде де құлаққап пен ұялы телефонды пайдаланбау керектігін, тоқтап тұрған вагонның үстіне шығуға тыйым салынатынын, темір жолдың электрлендірілгенін, оның қуаты 27 000 вольтті құрайтынын еске салды.  

Мектеп директоры Қарлығаш Қасымбаева оқушылардың біразы станцияның арғы бетінен қатынап оқитынын, осыған байланысты апта сайын сынып сағаттарында «Жолда жүрудің тәртібі мен ережелері» түсіндіріліп тұратынын атап өтті.  

– Оқу жылының басында жоспар бекітілген кезде сынып сағаттарына алдын ала 15 минуттық қауіпсіздік сабақтары міндетті түрде кіріктіріледі. 1-ден 11 сыныпқа дейін барлық оқушыларға қауіпті аймақтарда жүрмеу, жолда жүрудің ережелері түсіндіріліп, ата-аналарына да ескерту жасалады. Соның арқасында келеңсіз оқиғалар орын алған емес. Екінші ауысымда оқитын оқушыларды кешке ата-аналары келіп алып кетіп, ал саяжайда тұратындары автобуспен тасымалданады, – деді ол.  

 

Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл
Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды