Жеңіске үлес қосқан құрметті теміржолшы

Аймақтар
10.05.2023, 16:29
Суреттерді түсірген автор
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Жұма Сүйіндіков Маңғыстау локомотив пайдалану депосындағы жалғыз тыл ардагері. Түбекке темір жол тартылып, салаға қажетті мамандарды жан-жақтан жинаған жылдары атамекеніне оралған қандастың бірі. Содан бері қойнауы құтты мекенде тұрақтап, өмірін темір жолмен байланыстырған.  

Жеңістің 78 жылдығына орай қарт еңбеккерді локомотив депосындағы әріптестері мен кәсіподақ ұйымының өкілдері құттықтай барып, хал-жағдайымен танысып қайтты. Әңгіме-дүкен құрып, шер тарқатқан қарияның әжім басқан жүзі жадырап, бір жасап қалды. «Маңғыстауда теміржол ашылып жатыр екен дегенді естіп ойланбастан көштің басын осында бұрып, ұрпағымды тарихи Отанына жеткіздім. Көп, бәлкім аз болар, қандай болса да еңбегімді ата-бабам туған жерге, өз еліме жұмсайын деген оймен көрші елден қоныс аудардым. Жаңаөзенге көшіп келіп депоға жұмысқа орналастым. 1966 жылдан 1985 жылы зейнетке шыққанға дейін тепловоз жүргіздім. Зейнеткерлік демалысына жасым келсе де басшылықтың сұрауымен жылдар жинаған тәжірибемді жастарға үйрету мақсатында 1996 жылға дейін жұмыста қалдым», –дейді тыл ардагері.  

−  Соғыс жылдары балалығын жоғалтқан ағамыз Жұма Сүйіндіков бүгінде Жаңаөзенде тұрады. Депомыздағы жалғыз тыл ардагері. Ел басына күн туған қиын-қыстау жылдары жанқияр еңбегімен Жеңісті жақындатуға үлес қосқан ұрпақ өкілі. Тыл бекем болмаса, майданға қажет дүниелер жеткізіліп тұрмаса, жеңіске жету де қиын болған болар ма еді. Сондықтан ардагерлердің еңбегін бағалап, хал-жағдайын біліп, хабарласып тұру – біз үшін қашанда міндет, – дейді Маңғыстау локомотив депосының кәсіподақ комитеті төрағасы Әбілсейт Набиханов.  

Қарт машинист 1930 жылы Түркіменстанның Красноводск облысында дүниеге келіпті. Соғыс басталғанда орта мектепті оқып жүрген, 12-13 жасынан еңбекке араласады. Соғыс біткеннен кейін Краснаводск қаласындағы ФЗО-да алты ай оқып тепловоз машинисінің көмекшісі болады. 1950 жылы Кеңес армиясы қатарына шақырылып, борышын Новосибирскіде өтейді. 1954 жылы әскерден оралысымен Мары қаласында машинист мамандығы бойынша жарты жылдық курстан өткесін  1954-1960 жылдары тепловоз машинисі болады. 1960 жылы Ашхабад қаласында машинист мамандығы бойынша білімін тағы он ай шыңдап, 1966 жылға дейін Түркімен теміржолында жұмысын жалғастырады. Атамекенге қоныс аударғасын да түбекте отыз жылға жуық машинист болып еңбек етеді. 

Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда теңіз жүк тасымалының көлемі 7,2%-ға өсті
Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда жылу беру маусымына дайындық аясында 19 млн тонна көмір тасымалданды
Әлемде
19.08.2026
Еуропада жүк вагондарының дөңгелектерін тексеру талаптары күшейтіледі
Жаңалықтар
18.08.2026
Еліміздің алты өңірінде 2 мыңнан астам жүргізуші ҚТЖ-ның «Қауіпсіз өткел» акциясына қатысты
Жолаушылар тасымалы
18.08.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ пойыздарымен 7,5 млн жолаушы тасымалданды
Әлеумет
18.08.2026
ҚТЖ: отандық өндірушілерді қолдайды
Аймақтар
18.08.2026
Жүктемесі жоғары өткелдерде рейд өтті
Аймақтар
18.08.2026
Басты өлшем – қозғалыс қауіпсіздігі
Аймақтар
18.08.2026
Бурыл станциясында «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Қауіпсіздік
18.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар өткелдердегі қауіпсіздікті күшейтуде
Аймақтар
18.08.2026
Мал басу азайды
Аймақтар
18.08.2026
Еңбек заңнамасы талқыланды
ҚТЖ келбеті
18.08.2026
Коллекционер теміржолшы
Аймақтар
18.08.2026
Торқалы тоқсанға келген теміржолшы
Жаңалықтар
18.08.2026
Теміржол вокзалдарын жаңғырту Жетісу облысында жалғасуда
Жаңалықтар / Мұрағат
18.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №65 18 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
17.08.2026
Балалар лагерінде темір жолдағы қауіпсіздік бойынша профилактикалық іс-шара өтті
Спорт
17.08.2026
Теміржолшы пара-пауэрлифтингтен Қазақстан чемпионатында күміс алды
Әлемде
17.08.2026
Қауыннан жасалған «пойыз»
Жүк тасымалы / Апта саны
17.08.2026
ҚТЖ желісімен 184 млн тоннадан астам жүк тасымалданды