Рельс дәнекерлеу цехында жұмыс қызған

Аймақтар
08.08.2023, 10:09
Суретті түсірген автор
Ерман Әбдиев

Тараз қаласы бойынша меншікті тілші

Жамбыл облысы тоғыз жолдың торабында орналасқандықтан, темір жол саласы Т.Рысқұлов ауданының күретамыры іспетті. Ал «Луговой рельс дәнекерлеу кәсіпорны» аудандағы ең ірі кәсіпорындардың бірі болып саналады. Сонау 1988 жылы 1 тамызда іске қосылған алып кәсіпорынға отыз бес жыл толып отыр.

Бүгінгі таңда кәсіпорында 287 адам жұмыспен қамтылған. Кәсіпорын директоры, жас болса да қажырлы да қайратты басшы атанған Бақтияр Төлеков бас инженер Жанатбек Беспаев, директордың орынбасары Мақсат Юнусов сынды мамандармен бірге өнімді еңбекке қол жеткізу жолында тер төгуде. Әр мамандыққа сәйкес, рельс дәнекерлеу цехы, жылжымалы рельс дәнекерлеу машинасы, балқыту колоннасы, автокөліктер цехы, машиналарды және механизмдерді жөндеу цехы, рельс тасымалдау құрылымы, ескі жарамды рельстерді жөндеу цехы, бу қазандық цехы жұмыс істейді.  

Рельс дәнекерлеу цехында таңның атысы, күннің батысы қызу жұмыс жүріп жатады. Цехта төрт айналым бойынша күндізгі және түнгі ауысыммен жұмыс атқарылады. Түйістірілген рельс бунақтарының ұзындығы 800 метрге дейін жетеді. Цехтан шыққан рельсті жол дистанцияларының сұраныстары бойынша керекті жерге жеткізіп, апаруды рельс тасымалдау құрылымы атқарады. Онда рельс тасуға арналған 800 метрлік арнайы рельс тасымалдау вагондары жасақталған.  

Жылжымалы рельс дәнекерлеу машинасы теміржолдағы ақаулы рельс тағандарын белгіленген станцияларға бүтін күйінде қалпына келтіру, рельстерді темір жол үстінде дәнекерлеу жұмыстарын атқарады.  

Балқыту колоннасының тракторлары рельс басы мен аяғының айқастырмаларын балқыту, бірікпелерді дәнекерлеумен айналысады.  

Кәсіпорында жұмысшылар үшін барлық қолайлы жағдай жасалған. Мысалы, жұмыстан кейін жуынып-шайынуға арналған арнайы душтар мен кабиналар бар. Тамақтанатын жеке асхана жұмыс істейді. Жастар саясатына байланысты «Жол картасы» бағдарламасы бойынша білімгерлердің тәжірибеден өтуіне тұрақты мүмкіндік бар. Теміржолшылар қосымша мамандық алып, біліктілігін арттыру мақсатында Тараз және Астана қалаларындағы оқу орталықтарында курстардан өтіп тұрады.  

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының жұмысшыларымен 2021-2023 жылдарға арналған ұжымдық келісімшарт негізінде қарастырылған барлық жеңілдіктерді сақтап, жұмысшылардың денсаулықтарын жақсарту үшін Бурабайда орналасқан С.Сейфуллин атындағы және тағы да басқа Қазақстан бойынша орналасқан емдік-шипажай курортына демалуға, балаларының жазғы демалыстарында лагерьге баруына барлық жағдай жасалған.  

 

Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл