Елге – ұран, ұрпаққа – үлгі

Аймақтар
08.05.2024, 11:18
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Ұлы Отан соғысы жылдарында теміржолдың және теміржолшылардың алар орны ерекше болғаны мәлім. Мысалы, Қызылорда паровоз депосынан майданға шақырылған 230 адам Жол қатынастары халық комиссариатының ерекше резервінде соғысқа қатысқан.

Солардың бірі – Қызылорда паровоз депосының машинисі Петр Спирин екі мәрте «Құрметті теміржолшы» атағын алып, «Ерлігі үшін» медалімен марапатталса, 1945 жылдың шілде айында 7-колонна үкіметтің ерекше тапсырмасымен Жоғарғы Бас қолбасшы мен үкімет делегациясын Подстам конференциясына жеткізіп салу құрметін иеленіпті. 

Бригада құрамында болған машинист Петр Спирин Варшава-Познань учаскесінде пойыз басқарып, 1948 жылға дейін Берлин бағытындағы жолаушылар пойызын алып жүруге қалдырылған. Сонымен қатар ауыр жараланған жауынгерлердің санитарлық пойызын майдан шебінен алып шығуда көрсеткен ерлігі үшін машинист Владимир Дубинге Социалистік Еңбек Ері атағы берілген. Міне, кішкене ғана Қызылорда депосындағы айбыны асқақ ерліктің үлгісі осылай депоның алғаш құрылған күнінен бастау алып, күні бүгінге дейін жалғасын тауып келеді. Ерліктің тек қан майданда ғана емес, бейбіт күнде де салтанат құратынына Социалистік Еңбек Ері Оразбай Әбішевтің соғыс жылдары депода атқарған еңбегі дәлел. 

– Біздің бөлімшеде кешегі қан майданда да, одан кейінгі бейбіт күнде де ерліктің үлгісін жасаған майталман теміржолшылар болды. Майдан шебінде жүріп Үкіметтің тапсырмасын орындаған депо машинисі Петр Спиринге артылған жауапкершілік біздің Сыр бойы теміржолшыларына артылған сенім болып саналады. Сала мамандарына деген сенім әлі де сол күйінде. Себебі біздер бейбіт күнде ерен еңбектің үлгісін жасап келеміз. Теміржолшылардың ерлігі еш уақытта ұмытылмау үшін қазіргі таңда депо мұражайындағы жәдігерлер тарихтан сыр шертіп, ұрпақтан ұрпаққа жетуде, – дейді теміржолшы ардагерлер кеңесі филиалының төрағасы Сисен Шермаханов. 

Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда