Достық – Мойынты учаскесінің екінші жолдары тасымал процесіне тартылды

Жаңалықтар
06.10.2025, 20:46

2025 жылғы 30 қыркүйекте Достық – Мойынты учаскесіндегі екінші теміржол жолдарымен пойыз қозғалысы іске қосылды. Бүгінгі таңда пойыздар қалыпты режимде жүріп жатыр, 6 қазан күнгі жағдай бойынша 206 жүк пойызы өткізілді, оның ішінде жаңа екінші жолдармен 101 жүк пойызы өтті (әр жолмен тәулігіне орта есеппен 20 пойыздан), деп хабарлайды Rail-news.kz.

Сонымен қатар, теміржол жолдарын кезең-кезеңімен сынақтан өткізу – бұл технологиялық үдерістің міндетті бөлігі және тасымалданған жүк көлеміне байланысты жүзеге асырылады.

Пойыз қозғалысы ағымдағы жылы келесі учаскелер бойынша кезең-кезеңімен іске қосылды:

Мойынты – Балқаш-1 — 29 қаңтардан бастап,

Бескөл – 19-разъезд — 13 наурыздан бастап,

Ақтоғай – Шығыс – Бескөл — 19 маусымнан бастап,

Балқаш-2 – Саяқ — 4 шілдеден бастап,

Саяқ – Ақтоғай — 30 қыркүйектен бастап.

Екінші жолдарды пайдаланумен қозғалыс басталған сәттен бастап 12,6 млн тонна жүк тасымалданды, бұл 2022 жылғы деңгеймен салыстырғанда жүк айналымын 42%-ға арттыруға мүмкіндік берді (яғни екінші жолдарды салу басталғанға дейінгі көрсеткішпен салыстырғанда).

Қазіргі уақытта жолды тұрақтандыру жұмыстары нормативтік технологияға сәйкес жүргізілуде. Бұл тұрақтандыру 100 мың тонна жүк өткізілгеннен кейін толық аяқталуы тиіс. Осы операциялар аяқталғанға дейін пойыз қозғалысы қауіпсіздікті қамтамасыз ететін белгіленген жылдамдықпен жүзеге асырылады.

Нысанда жобалық құжаттама талаптары мен бекітілген кестеге сәйкес әрлеу жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен қатар, учаскелердегі жағдайды объективті бағалау үшін «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ барлық мүдделі БАҚ өкілдерін Мойынты – Достық учаскесі бойынша баспасөз турына қатысуға шақырады.

Жаңалықтар
17.09.2026
Отар – Шу учаскесіндегі оқу-жаттығуға өрт сөндіру пойызы қатысты
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті