Вагон операторларының бір күні

Аймақтар
05.09.2024, 12:09
Ардақ Үсейінова

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі

Күндіз-түні тоқтаусыз ағылып жататын жүк және жолаушы пойыздарының діттеген жерге аман-есен жетуі үшін қаншама теміржолшы тынымсыз еңбек ететінін былайғы жұрт біле бермейді. Машинистен бастап, жолшылар, жолсеріктер, байланыс-белгі берушілер, вагон қараушылар, т.б тұтас бір тізбекті құрайтын еңбекқор халық теміржолшылар қатарында  вагон операторлары да бар.

Сағат 9.00-де ВЧД-27 Жамбыл вагон пайдалану депосының Тараз қаласындағы вагондарға техникалық қызмет көрсету пунктіне келгенде тәуліктік ауысымнан шыққан вагон операторлары әріптестеріне есеп беріп, жұмыстарын өткізіп жатты. Ал тіркелген ақпараттарды қабылдап алғандар бірден іске кірісіп кетті.

Вагон операторларының есебінше, түнгі ауысымда облыс аумағының әр станциясындағы КТСМ-02 кешені түрлі бағыттағы пойыздардың вагондарынан бірнеше ақау анықтап, «белгі» беріпті. Мамандар тіркелген «қызыл» және «сары» түсті дабыл белгілеріне қарай, пойыз диспетчеріне, машинистке, вагон қараушыларға хабарлаған. Әрі қарай белгіленген нұсқаулықтар бойынша вагондар тексеріліп, техникалық қызмет көрсетілген. Түн әдеттегідей қарбаласқа толы болғанымен, вагонды пойыздан ағыту жағдайы тіркелмеген.  

– Вагон операторлары пойыздың техникалық жағдайын бақылайтын КТСМ кешенінен ақпараттық жүйеге келіп түскен дабыл белгілеріне қарай ақпаратты саралап, дер кезінде хабарлап отырады. Олар пойыздар қозғалысының қауіпсіздігіне тікелей жауапты. Сондықтан автоматты жүйе арқылы тіркелген әрбір дабыл белгісін қалт жіберуге болмайды. Бір сөзбен айтқанда, операторларды «көрінбейтін» майданның жауынгерлері деп атайды. Мысалы, сағат 20.45 Ақыртөбеде станциясында тақ санды жолдағы пойызда «қызыл» түсті сигнал тіркелген. Вагон операторы локомотивтер және вагондар санын анықтап, қай вагонда ақау барын белгілеп, хабарлаған. Дер кезінде техникалық қызмет көрсетілген соң пойыз қайта жолға шықты, – дейді Жамбыл вагон пайдалану депосының аға нұсқаушысы Ербол Манапов.

Тараз қаласындағы вагондарға техникалық қызмет көрсету пунктінде 14 оператор еңбек етеді. Әр ауысымда 4 оператор жұмысқа түседі.   Бүгінгі ауысымнан шыққан 31 жылдық тәжірибесі бар Светлана Крэйнман аға нұсқаушыға пойыздардың қозғалысы бойынша кезекті ақпарат беріп, жағдайды баяндап жатты.    

Жалпы депо аумағындағы пункттерде ауысыммен барлығы 34 оператор  КТСМ кешенінен түскен ақпаратты саралап отырады екен. Пайдалану депосының вагондарға техникалық қызмет көрсету пункттері 3 облыспен шектесетін аумақта пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Шығысында – Алматы, солтүстігінде – Қарағанды облысының Ақадыр станциясына, оңтүстігінде – Түркістан өңірінің Арыс станциясына дейінгі аралықта бақылау жүргізеді.

Осы үш облыспен шектесетін аумаққа 36 КТСМ – 02 кешені орнатылған. Мамандардың айтуынша, автоматты жүйеде пойыздардың техникалық жағдайына диагностика жасайтын құрылғы әрбір 25-35 шақырымда болуы керек екен. Кейбір станциялар арасында мұндай қашықтықтар сақталмаған.  

Әйтсе де, теміржолшылар арасында «өлі аумақ» аталып кеткен аймақтарды кезең-кезеңімен кешенді жүйемен қамтамасыз етілуде.

– Біздің операторлар КТСМ кешенінің көмегімен көптеген вагон ақауларын анықтап, қауіп-қатердің алдын алуда. Мәліметке сүйенсек, 7 айда Жамбыл вагон пайдалану депосының вагондарға техникалық қызмет көрсету пункттерінде автоматты жүйе 379 368 пойыз бойынша ақау анықтаған. Дабыл белгілеріне қарай 153 пойыз тоқтатылған. Оның ішінде букс торабы қызуымен 137 вагонға техникалық қызмет көрсетілген. 104-і жолдан ағытылып, ағымдағы жөндеу пункттеріне жіберіліпті. Жалпы есепті кезеңде түрлі ақаумен 2017 вагон ағытылған, – деп ақпар берді аға нұсқаушы.

Ербол Манапов операторлар тек пойыздардың техникалық жай-күйін ғана емес, автоматты кешеннің жағдайын да бақылап отыратынын айтады. «Егер аппарат дұрыс жұмыс істемей тұрса, дереу белгі беру және байланыс дистанцияларына хабар беріп, аппаратты тексеріп, оны ретке келтіруін сұрайды. Ал жолдан ағытылып алынған вагондар тіркеуге алынып, жөндеуге жіберіледі, – дейді.

Жөндеуге жіберілген вагондар бойынша ақпаратты саралаумен вагон паркінің операторлары айналысады. «Вагон паркі операторының міндеті бөлек. Біз ағытылып алынған вагондардың есебін жүргіземіз. Айталық, вагон иелеріне вагонның жөндеуге қашан қойылғанын, қашан жолға шығатынын анықтап, ақпар беріп отырамыз. Ал меншік иелері неғұрлым вагондардың ертерек жөндеуден өтіп, қайта жолға шыққанына мүдделі болатыны белгілі. Сондай сәтте оператор базадағы ақпаратты сараптап, керек мәліметті беру арқылы қос тараптың үйлесімді жұмысын қамтамасыз етеміз», – дейді вагон паркінің бүгінгі операторының бірі Гүлсара Жүнісханқызы.

Жаңалықтар / Мұрағат
18.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №65 18 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
17.08.2026
Балалар лагерінде темір жолдағы қауіпсіздік бойынша профилактикалық іс-шара өтті
Спорт
17.08.2026
Теміржолшы пара-пауэрлифтингтен Қазақстан чемпионатында күміс алды
Әлемде
17.08.2026
Қауыннан жасалған «пойыз»
Жүк тасымалы / Апта саны
17.08.2026
ҚТЖ желісімен 184 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Әлемде
17.08.2026
Литваға 12 жаңа Stadler Flirt пойызы жеткізілді
Жаңалықтар
17.08.2026
Алматы облысында жаңа логистикалық орталық ашылды
Жаңалықтар
15.08.2026
ҚТЖ Басқарма төрағасы Алматы өңірінің темір жол инфрақұрылымының негізгі нысандарын аралады
Қауіпсіздік
14.08.2026
Сексеуіл мен Аралда ауқымды рейд өтті
Жаңалықтар
14.08.2026
Теміржолшылар Құрылтай сайлауының маңызын талқылады
ҚТЖ келбеті
14.08.2026
«Алтын кітапқа» арқау болған теміржолшы
Инфрақұрылым
14.08.2026
Орта дәліз кәсіподағын дамыту – ортақ міндет
Жаңалықтар
14.08.2026
Арнайы пойыз жолға шықты
Әлеумет
14.08.2026
Жаз қызығы жалғасуда
Спорт
14.08.2026
Маңғыстауда аңызға айналған теміржолшы Сағынай Қошқарбаевтың мерейтойына орай турнир өтті
Спорт
14.08.2026
Шу станциясында теміржолшылар арасында тораптық жарыс өтті
Жаңалықтар
14.08.2026
ҚТЖ Басқарма төрағасы электр орталықтандыру маневрлік бекетінде болып, Астана-1 вокзалының құрылыс барысымен танысты
Жаңалықтар / Мұрағат
14.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №64 14 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
13.08.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ-ның локомотив паркі 146 заманауи локомотивпен толықты
Әлемде
13.08.2026
Қытай теңіз бағыттары үшін контейнерлерді екі қабатпен таситын алғашқы пойызды іске қосты