Абай облысында 10 теміржол вокзалы жаңғыртылады

Аймақтар
27.04.2026, 08:08
Оқуға 1 мин

Абай облысына жұмыс сапары аясында бүгін «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Талғат Алдыбергенов Аягөз қаласындағы вокзал құрылысының барысымен танысты, деп хабарлайды Rail-news.kz. 

Бұл вокзал 1930 жылдан бастап жұмыс істеді және техникалық тексерудің қорытындысы бойынша мамандар тарапынан апатты деп танылды. Ескі вокзал орнында жаңа заманауи ғимарат салынуда. Сонымен, вокзалдың жалпы ауданы шамамен 800 шаршы метрден 1300 шаршы метрге дейін ұлғайтылады. Жолаушылар ағыны тәулігіне 1200 адамды құрайды. 

Талғат Алдыбергенов объектідегі жұмыс қарқынын жеделдетуді, іске асыру мерзімдерінің сақталуын қамтамасыз етуді және қажетті еңбек ресурстары мен арнайы техниканы қосымша тартуды тапсырды.

Жалпы Абай облысында 10 теміржол вокзалы: Семей және Аягөз қалаларында, сондай-ақ Ақтоғай, Дегелен, Шар, Үшбиік, Жарма, Ауыл, Белағаш және Жалаңашкөл станцияларында толық жаңғыртылуда.

Жұмыстарды орындау кезінде мердігер ұйымдарға аймақтың тарихи келбеті мен архитектуралық ерекшелігін сақтау тапсырылды. Жұмыстар жайлылық пен қауіпсіздікке баса назар аудара отырып жүргізілуде: ерекше қажеттілігі бар адамдар үшін жетілдірілген навигациясы бар заманауи күту залдары мен кедергісіз орта құрылуда.

Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды