ҚТЖ басшылығы Семей, Аягөз және Ақтоғай вокзалдарын қайта құру жұмыстарындағы артта қалушылықты жоюды тапсырды

Аймақтар
13.07.2026, 11:00

"Қазақстан темір жолы "ҰК" АҚ Басқарма төрағасының міндетін атқарушы Бауыржан Орынбасаров жұмыс сапары барысында Аягөз және Семей теміржол вокзалдарына барып, жолаушылар инфрақұрылымы объектілерін жаңғырту жұмыстары барысын тексерді, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Абай облысында Мемлекет басшысының және Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсырмаларын іске асыру шеңберінде 10 теміржол вокзалын қайта құру жұмыстары жүргізілуде.

Бүгінде Ауыл және Бел-Ағаш станцияларының вокзалдары бойынша жұмыстар аяқталып, нысандар пайдалануға берілді. Дегелен, Үшбиік, Жалаңашкөл, Шар, Жарма, Семей, Аягөз және Ақтоғай станцияларындағы вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда.

Тексеру барысында Бауыржан Орынбасаров құрылыс-монтаждау жұмыстарының қарқынымен, нысандардың жағдайымен және жобаларды іске асыру кестесінің сақталуымен танысты.

Семей және Аягөз вокзалдарына бару қорытындысы бойынша мердігер ұйымдарға бекітілген құрылыс кестесінен бір апта мерзімде артта қалушылықты жою тапсырылды. Жобаларды іске асыруды жеделдету үшін объектілердегі қызметкерлер санын көбейту, екінші ауысымда жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ биыл қыркүйекте құрылыс-монтаждау жұмыстарының толық кешенін аяқтауға бағытталған маңызды күнтізбелік жоспарды ұсыну тапсырылды.

Бұдан басқа осы тапсырмалардың орындалуына және бекітілген кестенің сақталуына күнделікті бақылауды қамтамасыз ету міндеттелді. Ақтоғай теміржол вокзалын қайта құру бойынша осындай тапсырмалар берілді.

Жаңғырту жұмыстары аяқталғаннан кейін вокзалдар қауіпсіздіктің, қолжетімділіктің және жайлылықтың заманауи талаптарына сай болады, бұл жолаушыларға қызмет көрсету сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Инновациялық идеялар жаршысы
Жаңалықтар / Мұрағат
15.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №73 15 қыркүйек 2026 жыл
Аймақтар
14.09.2026
Түрксібтің төл туындысына – 95 жыл
Жолаушылар тасымалы
14.09.2026
Пойызда үй жануарларын алып жүру кезінде жолаушы нені білуі керек?
Әлемде
14.09.2026
Ресей теміржолдарында пойыздардың рельстен шығуы мен соқтығысуы 13%-ға артты