Мамандық таңдауда қателеспеген жан

Аймақтар
15.11.2018, 11:45

Жем пайдалану локомотив депосының бастығы Дәулетқали Жалмұхамбетов ғасырдан аса тарихы бар мекемені 18 жылдан бері басқарып келеді. 600-ден астам адам еңбек ететін депоға басшылық етіп отырған Дәулетқали Сәлімұлының өзі де бұрынғы машинист.  

Айта кетейік, Жем пайдалану локомотив депосы ТМД елдерінің ішінде паровоздан тепловозға алғаш көшкен депо екен. Осындай тарихи терең мекеме басшысымен аз-кем сұхбаттасудың сәті түскен еді.  

  – Мен осы жерде туып өскен жанмын, сондықтан бұл Ембі деген маған өте ыстық. 1964 жылы мектеп бітіргеннен кейін Ақтөбе көлік техникумын бітіріп, 1986 жылдан бері осы депода жұмыс жасап келемін. Еңбек жолымды машинист көмекшісінен бастадым. Ол жұмыстың қыр-сырын әбден меңгеріп, дайын болған кезде машинист болдым. 1989 жылы Алматыдағы теміржол институтына түсіп, білімімді жетілдірдім. Сатылай өсіп, алдымен Жем депосы басшысының орынбасары болдым біраз жыл, ал 2000 жылдан бастап мекемені басқарып келемін.

– Теміржол сізге нені үйретті деп айтар едіңіз?

– Темір жол саласы маған ең алдымен тәртіпті үйретті дер едім. Айттың ба, орындау керек, жасау керек. «Өзің жасамағанды өзгеден талап етпе» деген бар. Өзің бастап үлгі бола білуің керек, сонда ғана ұжымды соңыңнан ертіп, айтқаныңды жасата аласың. Теміржолшылардай тәртіпті халық аз байқасаңыз, бұл әрине, темірдей тәртіпті жолға қойған, кезінде жартылай әскери сала болған теміржолдың үлкен жетістігі деуге болады. 

– Қатал басшысыз ба? Қызметкерлеріңізден нені талап етесіз?  

– Мен әріптестерімнен ең алдымен жалған сөйлемеуді талап етемін. Өтірік айтқанды жаным жақтырмайды. Адам өз арының алдында адал болу үшін өтірік айтпау керек. Бірақ, мен қатал емеспін. Басшылық еткен уақыт ішінде бірде-бір адамды жұмыстан шығарған емеспін. Тентекті түзеп тәрбиелеуге, кешірім жасауға құлықтымын. Оның нәтижесін де көріп келемін. Кейде түрлі жағдаймен жұмыстан шыққан адамды қайта алған да жағдайлар болды. Себебі, бірінші кезекте оның отбасын ойлайсың. Қателессе, сол қателігін түзетуге мүмкіндік берген дұрыс. 485 машинистің көпшілігі отбасының жалғыз асыраушысы, үйінде әйелі мен бала-шағасы күтіп отыр. Сондықтан, не нәрсеге де адамгершілік танытып, кешіріммен қарайтын кездеріміз көп.

– Әдетте, теміржолшылардың дені әулет жолын жалғайды. Сіздің мамандық таңдауыңызға ықпал еткен біреу болды ма?

  – Менің әкем – агроном, анам өмір бойына совхозда аспазшы болған жан. Алғашында мен де агроном болғым келді. Әкем темір жолға «қуып» әкелді десем болады. «Техникалық салаға бет бұрған ұтатын заман келе жатыр. Колхоз-совхоздың күні өтіп барады. Теміржолшы бол, жұмыссыз қалмайсың деп техникумға күштегендей етіп жіберді. Әкем де, шешем де қазір зейнетте, бақуатты, құдайға шүкір. Бүгінде оларға бас ием, өмірлік жолымды бағыттап берді. Жер өңдеумен, бақша баптаумен айналысқанды жақсы көремін. Гүл өсіретін жеке хоббиім де бар. Бірақ, теміржолмен біте қайнасқаным сонша, өзімді басқа салада елестете де алмаймын. 2010 жылы «Құрметті теміржолшы» марапатын иеленгендім. Демек, өзімді мамандық таңдауда жолы болған, қателеспеген жанмын деп санаймын.  

– Өмірлік ұстанымыңызға айналған тәжірибеңізбен бөлісе кетсеңіз.

– 1987 жылы машинист болып жүрген кезімде жарақат алдым. Ол кезде депо басшыларының барлығы өзге ұлт өкілдері еді. Машинист болуға жарамай қалған кезімде инженер етіп ауыстырып, құжатпен жұмыс жасауды үйретті. Бастығым өте әділетті жан болды, көп нәрсе үйрендім. «Ертең сендер басқарасыңдар осы депоны. Мұғалім не дәрігер кез келген жерге қажет, жұмыспен ауыса береді, ал машинист осы деподан басқа қайда барып күн көреді? Сондықтан, адамды жұмыстан шығаруда өте жауапты әрі сақ бол, жеті өлшеп, бір шешім шығару үшін ойлану керек. Адамға шара қолданған кезде ол риза болатындай етуге тиіссің. Ол сенің қолданған шараңды түсіне алатындай, одан қорытынды шығаратындай ет. Ескертуің сабақ бола білуі керек. Қызбалыққа салынып, «Ананы жұмыстан шығару керек, жоқ қылу керек» деген пікірден аулақ бол, адамды қорлауға болмайды, басыңа келеді. Кешіре білу де, қателікті түзей білу де шеберлік» деген кеңестер санамда мәңгі сақталып қалыпты және өмірлік ұстанымыма айналды.   

– Әңгімеңізге рахмет!

Ардақ ЕРУБАЕВА, Жем станциясы 


Әлемде
10.04.2026
Қытай теміржолы жолаушылар тасымалы бойынша рекорд орнатты
Жолаушылар тасымалы
10.04.2026
ҚТЖ «Астана – Талдықорған» бағытында жаңа теміржол бағдарын іске қосты
Инфографика
10.04.2026
Қазақстан мен Орталық Азия елдері арасындағы теміржол тасымалы тұрақты қос таңбалы өсімді көрсетіп отыр
Қауіпсіздік
10.04.2026
Дистанция дайындығы тексерілді
Аймақтар
10.04.2026
Ақтөбеге омбудсмен келді
Аймақтар
10.04.2026
Маңғыстаулық теміржолшылар техникалық базаны нығайтуда
Инфрақұрылым
10.04.2026
Инфрақұрылым талапқа сай ма?
Қауіпсіздік
10.04.2026
Жамбылдық теміржолшылар қауіпсіздік шараларын пысықтады
Жүк тасымалы
10.04.2026
Қазақстан мен Қытай транзитті арттыруға мүдделі
Жаңалықтар
10.04.2026
Денсаулық – ең үлкен байлық
Жаңалықтар
10.04.2026
Қазақстан мен Армения арасындағы көлік байланысын дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар / Мұрағат
10.04.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №27 10 сәуір 2026 жыл
Жаңалықтар
09.04.2026
«Жасыл желекті кеңсе» экологиялық акциясы басталды
Спорт
09.04.2026
Жеңіс тұғырында – локомотившілер
Әлемде
09.04.2026
Talgo рекордтық тапсырысқа қол жеткізді
Жаңалықтар
09.04.2026
Пойызда тәртіп бұзған жолаушылар әкімшілік қамауға алынды
Жаңалықтар
09.04.2026
ҚТЖ паркі заманауи локомотивтермен толықты
Әлемде
09.04.2026
Жапонияда панорамалық терезелері бар пойыз-мейрамхана пайда болады
Инфрақұрылым
09.04.2026
Биыл Зубовск кентіндегі теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары аяқталады
Жаңалықтар
09.04.2026
ҚТЖ экологиялық міндеттемелері аясында Алматы облысында 100 мыңнан астам ағаш отырғызады