70 жастағы ақтөбелік ардагер теміржолшы: "Тоқсаннан асқан анам қолымда, мен бақыттымын"

Аймақтар
27.11.2018, 13:26

 Зейнеттегі теміржолшыны бір топ әріптестері құттықтап барды. Ақтөбе жүк тасымалы бөлімшесінде қырық жылға жуық еңбек еткен Бақыт Отарбайқызы 70 жасқа толып жатыр. Қарапайым жұмысшыдан инженер, бөлім басшысына дейін көтерілген теміржолшы саналы ғұмырында темір жол саласында еңбек еткен.  

Осыған орай «ҚТЖ» ҰК» АҚ Орталық ардагерлер кеңесінің төрағасы Болатбек Дүйсемалиев ақтөбелік ардагерге арнайы құттықтау жолдапты. «Құрметті Бақыт Отарбайқызы, Қазақстан темір жолы ұлттық компаниясының орталық ардагерлер кеңесі атынан сізді туған күніңізбен құттықтаймыз. Егеменді елімізде темір жол көлігі саласының дамуына қосқан елеулі үлесіңіз және жас ұрпақты тәрбиелеудегі келелі тәлімгерлік қызметіңіз үшін зор алғыс білдіреміз. Сізге зор денсаулық ұзақ ғұмыр, отбасыңызға бақ-береке тілейміз», – делінген Астанадағы орталық ардагерлер кеңесінен жолданған құттықтау хатында. 

Оған қоса Ақтөбе жүк тасымалы мен магистральдық желі басшыларының жылы лебіздерін жеткізген өңірдегі темір жол бөлімшесі бойынша кәсіподақ комитетінің төрағасы Бошық Қуатов пен Ақтөбе магистральдық желілік бөлімшесінің кәсіподақ комитетінің төрағасы Пірімжан Сағатов бастаған топ ардагердің шаңырағына арнайы бас сұқты.

Бақыт Отарбайқызы 1973 жылы Ташкенттегі темір жол институтын бітіріп, еңбек жолын Атырау станциясында бастайды. Атыраудағы Гурьев техникумында 5 жыл дәріс беріп, болашақ теміржолшыларды дайындауға да үлес қосқан екен. 1978 жылы Ақтөбе қаласына қоныс аударып, жол басқармасында, бөлімшеде түрлі қызмет атқарады. Темір жол саласында бас-аяғы 37 жыл еңбек етіп, зейнетке шыққан соң да оқу орны басшылығының шақыруымен бес жыл темір жол колледжінде ұстаздық еткен.

Төрт ағайынды отбасында тәрбиеленген зейнеткер бүгінде перзенттік борышын өтеп, 91 жастағы анасын күтіп отыр екен. «Мен бақытты адаммын. Қасымда тоқсаннан асқан анам бар. Анамның қасында отырып қартайғанымызды сезбейміз. Мен өміріме ризамын. Өзім қалаған мамандықпен жұмыс жасадым. Бала кезде ұстаз болуды армандайтынмын. Теміржолшы да, ұстаз да болдым. Жұмыс дедік, қызмет дедік, кезінде анамызға қарайтын уақыт болмады, бүгінде міне соның орнын толтырып, перзенттік борышымды өтеп жатқан жайым бар», – деп күлді мерейтой иесі тілектес болған барлық әріптестеріне алғысын жеткізіп.

Ардақ САТТАРҚЫЗЫ, Ақтөбе


Қауіпсіздік
03.07.2024
Өткелде мұқият болыңыз
Жаңалықтар
03.07.2024
Қазақстан мен Қытай арасындағы жүк тасымалы 22%-ға артты
Жаңалықтар
02.07.2024
Қазақстан-Қытай Іскерлік кеңесі аясында бірқатар стратегиялық құжатқа қол қойылды
Жаңалықтар
02.07.2024
Марат Қарабаев елордада ҚХР Көлік министрімен кездесті
Жүк тасымалы
02.07.2024
Қазақстан-Қытай теміржолы дамып келеді
Жаңалықтар
02.07.2024
ҚТЖ мен CRRC келісімі шеңберінде алғашқы маневрлік локомотивтер Алтынкөл станциясына толық жеткізілді
Спорт
02.07.2024
Маңғыстаулық теміржолшы ММА-дан Азия чемпионы атанды
Инфрақұрылым
02.07.2024
Семейде инфрақұрылым жаңаруда
Жаңалықтар
02.07.2024
Әлемде теміржол көлігі анағұрлым экологиялық таза көлік түрі
Жолаушылар тасымалы
02.07.2024
Қазақстанда инва-купелердің саны артып келеді
Әлеумет
02.07.2024
Жемқорлықты жою жолдары талқыланды
Жаңалықтар / Мұрағат
02.07.2024
«Қазақстан теміржолшысы» газеті, №55 02 шілде 2024 жыл
Темір жол тарихы
01.07.2024
Жамбыл локомотив пайдалану депосы ғасырлық мерейтойын атап өтеді
Жаңалықтар
01.07.2024
Астана вокзалдары күшейтілген жұмыс режиміне көшті
Аймақтар
01.07.2024
Жолшыларға жайлы ғимарат берілді (Фото)
Станция тынысы
01.07.2024
Түркістанның гүлденуіне теміржолшылар үлкен үлес қосып отыр
Жаңалықтар
01.07.2024
Теміржолшы ғимаратты өрттен сақтап қалды
Спорт
01.07.2024
Қазақстан темір жолының 120 жылдығына орай турнир өтті
Спорт
01.07.2024
Шымкентте шахматтан турнир өтті
Жаңалықтар
01.07.2024
Жол бойындағы шөптер шабылып жатыр