Локомотив шаруашылығы: Парк жаңарып келеді

Аймақтар
11.12.2018, 11:08

Шымкент Жүк тасымалы бөлімшесінде жылжымалы құрам бөлімінің құрылғанына биыл үш жыл толды. Аталған бөлімнің функциясына локомотив паркі мен локомотив бригадаларының жұмысын үйлестіру кіреді.  

Айта кетейік, бөлімшеде барлығы 36 жүк локомотиві, 29 жолаушы электровозы, 23 тепловоз Т33А және 31 маневр тепловозы бар. Локомотив бригадаларында 2000-нан астам машинистер еңбек етеді.     

Қазіргі таңда Шымкент бөлімшесі бойынша локомотивтер паркін екі топқа бөлуге болады. Ескі парк және жаңа парк. Электровоздарға келсек, бұрынғы 1970-80 жылдары шыққан ВЛ80С сынды ескі локомотивтердің орнын бірте-бірте 2013 жылдан бастап пайдалануға беріле бастаған KZ8А электровозы басуда. Жаңадан шыққан бұл электровоздардың артықшылығы басым, сондықтан жүк тасымалына кеңінен қолданылуда. KZ8А – жаңа технологиямен толықтай жабдықталған, оның барлық параметрлері мен жағдайы локомотив бригадасына сай жасалған.

Қазіргі таңда бұл электровоздармен қатар Астанадағы локомотив құрастыру зауытынан шыққан отандық Эволюшн сериялы ТЭ33А-1 тепловоздары да кеңінен қолданыста, негізгінен Арыс-Түркістан телімінде жүк тасымалына пайдаланылуда. Ал электровоздар Арыс-Жамбыл телімінде тасымал қызметін атқаруда. Қазіргі локомотив бригадалары локомотивтердің сипатына сай, екеуін де жүргізе беруге құқы бар екен.

– Бүгінде аймақтағы жүк тасымалында ВЛ80С сериялы – 30 , KZ8А сериялы 6 электровоз қолданыста. Ал ТЭ33А-1 сериялы 22 Эволюшн тепловозы жүк және жолаушы тасымалына бөлінген. Біздің міндетіміз – осы локомотивтердің жұмысын үйрестіріп, жол жүру ережелерінің сақталуымен қатар станцияларда локомотив бригадаларының уақтылы ауысуы мен локомотивтердің бос тұрып қалмауын қадағалау. Қысқасы, қолда бар локомотив құралдарының тиімді де өнімді жұмыс істеуіне мүдделіміз, – дейді жылжымалы құрам бөлімінің басшысы Ерғазы Кенжебеков.

Бөлім басшысының айтуынша, соңғы үлгідегі технология бойынша әр локомотив қай жерде жүр, қандай жұмыс атқарып жатыр, соның бәрін көріп-біліп, қашықтықтан бақылап отырады. Бұл өте тиімді. Бұдан бөлек, электронды маршрут, машинист бөлімдерінің жұмысын да үйлестіріп отыру да АСУ бағдарламасының көмегімен оңтайландырылған.

– Локомотивке деген талап өте жоғары. Локомотив сағат бойынша төленетіндіктен ол жолда көп тұрып қалмау керек, барлық локомотивтер қозғалыста жүруі тиіс. Бүгінгі таңда, мысалы, маневрлік қозғалыстағы ТЭМ 2 СКД-6 тепловоздарының күтімі бойынша, уақтылы жөндеу жұмыстарынан өтуі, локомотив бригадалардың бөлінген сағатын, бос жүру уақытын азайту бойынша жұмыстар атқарылып жатыр.  

Магистральдық локомотивтер қызметін бір жағы Жамбыл теліміне дейін, Түркістан жағы Қызылордаға дейін бақылаймыз.

Өндіріс болғаннан кейін күрделі жағдайлар болмайды емес, болып тұрады. Сондықтан соңғы үлгідегі жаңа техника мен технология жетістіктеріне иек арту – уақыт талабы. Жаңа техника болғандықтан жолаушылар қозғалысындағы соңғы үлгідегі локомотивтер «Клуб У» қондырғысымен жабдықталуы да жылжымалы құрам жұмысын анағұрлым жеңілдетіп оңтайландыра түседі, – деді Ерғазы Маратбекұлы.

Қысқасы, Шымкент бөлімшесі бойынша локомотив паркі біртіндеп жаңарып жатыр. Бұл, бүгінгідей, Түркістан облысы орталығы болып, соған орай қосымша жаңа маршруттар ашылып жатқан кезде өте маңызды болып отыр. Айталық, облыс орталығының көшірілуіне байланысты Түркістанға қарай 2 маршрут ашылды. Біреуі №175 Алматы-Түркістан, екіншісі №176 Астана-Түркістан бағыттары.

Еліміз бойынша үшінші ірі мегаполис Шымкент қаласының да аумағы кеңейіп жатқаны, урбанистикалық, логистикалық шешімдер біртіндеп тұрмысымызға дендеп енуі, т.т. бетбұрыстар болашақта аймақта қозғалыстың артып, оның ішінде теміржол қатынасының дамитынын көрсетеді. Бұл тұрғыда оңтүстік бөлімшенің локомотивтер паркін бірте-бірте жаңартып жатқаны құба-құп болмақ.

Жансая СЫДЫҚБАЙ, Шымкент 

Суретті түсірген автор


ҚТЖ келбеті
07.03.2026
Ерлік емей, немене?!
ҚТЖ келбеті
07.03.2026
Таңдауы емес, тағдыры...
Жаңалықтар
06.03.2026
ҚТЖ және SPSI Cloud Port Development агрологистика саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда
Жаңалықтар
06.03.2026
Теміржолшы аруларға тарту: ҚТЖ-да 8 наурыз мерекесі ерекше форматта өтті
Жаңалықтар
06.03.2026
Көлік министрлігі Huawei компаниясымен ынтымақтастықты нығайтуда
Жаңалықтар
06.03.2026
Олжас Бектенов Көкшетау теміржол вокзалын жаңғырту барысын тексерді
Жолаушылар тасымалы
06.03.2026
ҚТЖ пойыздарында мыңнан астам әйел жолаушыны 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Аймақтар
06.03.2026
Теміржолшылар коалиция мүшелерімен кездесті
Аймақтар
06.03.2026
Біздің ұжымдық блогер
ҚТЖ келбеті
06.03.2026
Әлемдік рекордтарды бағындырған теміржолшы
Жаңалықтар
06.03.2026
Еңбегі еленген теміржолшы
Жаңалықтар / Мұрағат
06.03.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №17-18 06 наурыз 2026 жыл
Жаңалықтар
05.03.2026
ҚТЖ және Көлік прокуратурасы теміржол мәселелері бойынша жоспарлы отырыс өткізді
Аймақтар
05.03.2026
Айкүннің таңдауы
Аймақтар
05.03.2026
Жүрек қалауы – теміржол
Жаңалықтар
05.03.2026
ҚТЖ Бас көлік прокуратурасы тарапынан жүргізілген тексеріске түсініктеме берді
ҚТЖ келбеті
05.03.2026
Вокзал дикторының хоббиі
Аймақтар
05.03.2026
Әйел – әр шаңырақтың ажары
Әлеумет
05.03.2026
«Нұрлы жол» вокзалында конституциялық реформалар мен алдағы референдум талқыланды
Қауіпсіздік
05.03.2026
Теміржол вокзалында балалар қауіпсіздігіне арналған түсіндіру жұмыстары жүргізілді