«Тастанды пойыздар» мәселесі өткір тұр

Аймақтар
11.12.2018, 11:16

Бүгінде ұлттық компанияның барлық бөлімшелері үшін маңыздылығы жоғары болып тұрған вагон айналымы – Семей теміржолы үшін біршама шешімін тапқан мәселе. Еліміздің аса ірі транзиттік аймағы болғандықтан да, аталмыш жайт өңір теміржолшылары үшін қашан да бірінші кезекте тұрады.  

Сондықтан да, жыл басында жергілікті вагон айналымы мен вагондарды өңдеу ісінде кешенді жоспар жасалынып, жүк станциялары басшыларына тың міндеттер жүктелген болатын. Аталмыш шара бөлімше басшысының бірінші орынбасары, қозғалыс саласында ұзақ жыл еңбек өтілі бар Ғабит Есқожановтың тікелей қадағалауына алынған. 

Бүгінде Семей ЖТ бөлімшесі бойынша вагон паркінің жұмыс өнімділігі біршама ұлғайды. Оған оң ықпалын тигізген себептер қатары көп. Мысалы, бір жүк тиеу операциясы уақытының азаюы, техникалық станцияларға аялдаған вагондардың уақытынан артық кідірмеуі, жылжымалы құрамдарды жасақтауға бөлінетін уақыттың үнемделуі сынды шаралардың өзі қозғалыс шаруашылығын ширата түскен. Соның есебінен вагон өнімділігінің ортатәуліктік көрсеткіші соңғы 10 айдың ішінде 7315 мың тонна/км неттоны құрап отыр. Міне, осының нәтижесінде бөлімше бойынша вагон айналымы жоспарланған кестеге сай жүріп жатыр.

Ал тораптық станциялардағы жұмыс паркінің артуына бірінші кезекте Дегелең станциясына ағылған жартылай ашық вагондар мен Ресей теміржолына тиесілі вагондар санының артуы ықпал етуде. Аталмыш жайт әсіресе қысқы мезгілде жиілейді екен. Осы орайда туындайтын күрмеулі мәселе «тастанды пойыздар» болып тұр. Мәселен, жыл басында, яғни, қаңтар айында іргелес Ресейден ағылған вагондар Қаражыра кенішінде көмір болмауы себепті бөлімшенің станциялық жолдарында тұрып қалған болатын. «Тастанды пойыздардың» қалыптасуына тек тиелетін жүктердің уақытша болмауы ғана емес, түйіспелі станцияларда жүк тиеуге салынған конвенциялық тыйымдар да себеп болуда. Ал, мұндай тыйым салуға себеп, көмір немесе Жаңғызтөбе станциясындағы түсті металл өндірісі ошақтарындағы апаттық ақаулар, баяу тиеу жұмыстары себеп болады.

Алайда, теміржолшыларды алаңдататын басты мәселе транзиттік пойыздардың локомотивтерді күтіп, бөгелуі болып тұр. Мұндай жайт станция басында «кептеліс» туғызып, жергілікті вагон айналымына кедергі келтірері белгілі. Бөлімше теміржолшылары осы бағытта жыл бойына белсенді жұмыс жүргізді. Аталмыш мәселелер «оңтүстік тармақ» бойынша да орын алған-ды. Атап айтсақ, бөлімшеаралық Жүзағаш станциясында Алматы жол бөлімшесі қабылдамаған бірқатар пойыздар белгіленген уақытынан кідіртілген болатын.

Дегенмен, жүк тасымалындағы мұндай кедергілер алдын ала жоспарланған кешенді шаралармен және де рейстік модельдің тың тәсілдері нәтижесінде мезгілінде шешімін табуда. Соның нәтижесінде болар, қазіргі уақытта жүк тиеу ісінде вагон жетіспеушілігі жоқ. Мұнымен қоса, соңғы 10 айдың көрсеткіші бойынша статистикалық жүктеме – 100,9 пайызға, жергілікті вагон айналымы – 101,2 пайызға, ал локомотивтердің тәуліктік өнімділігі 101,4 пайызға артығымен орындалып отыр.  

Қозғалыс шаруашылығы мамандарының айтуынша, бұған қанағаттануға болмайды. Сонымен қатар, телімдік және техникалық жылдамдықты арттыру, пойыздың орташа салмағын арттыру қажеттілігі туындап отыр. Бұл көрсеткіштер 100,4 пайызға орындалғанымен, өндіріс саласы әлі де қарқын алуы үшін жұмыс барысын мейлінше ширата түсу қажет. Оған тағы бір қосалқы себеп, ағымдағы жылы бөлімше бойынша 291 контейнерлік пойыздар тәулігіне 766,5 км жылдамдықпен өткізіліп жіберілген. Ал, бұл жоспардан 0,2 пайызға ғана кем, яғни, аз ғана төмен көрсеткіш болып саналады екен.

Қорыта айтсақ, семейлік қозғалыс шаруашылығының теміржолшылары алдағы қысқа біршама жоғары жетістікпен кіріп отыр. Вагондар уақытында жиналып алынатындықтан жетіспеушілік жоқ. Сонымен қатар, вагондарды өңдеу мен жылжымалы құрамдарды жасақтап жолға шығару ісінде де кедергілер жоқ. Бұл ретте, тыңнан қолға алынған рейстік модельдің «берік тармақ» түрі тиімділігі зор екендігін дәлелдеді. Соның негізінде транзиттік пойыздардың өңделетін уақыты 10 минутқа үнемделіп, станцияның өз басындағы, яғни, жергілікті жылжымалы құрамдарды жасақтау орта есеппен 50 минутқа дейін азайтуға қол жеткізілді. Мұның барлығы бірінші кезекте станциялық жолдарда «тастанды пойыздардың» қалыптаспауы мен вагон айналымының белгіленген жоспарлар аясында орындалуына зор ықпал етуде.

Қуаныш Қожаев, Семей


Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты
Жолаушылар тасымалы
28.09.2026
Пойызға қандай заттарды алып кіруге болмайды?
Инфрақұрылым
28.09.2026
Бозшакөл станциясында бағыттамалық бұрмалардың жаңа конструкциясы қолданылды
Әлемде
28.09.2026
InnoTrans көрмесінде Luna түнгі пойызының тұжырымдамасы таныстырылды
Сұхбат
28.09.2026
Қазақстанда теміржол өнімдерін өндіру жеті есе өсті
Аймақтар
26.09.2026
Жезқазғанда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды