Ақтөбелік жас теміржолшы Аслан Жанұзақов пойыз апатының алдын алды

Аймақтар
19.12.2018, 11:19

Ақтөбе жүк тасымалы бөлімшесіне қарасты Жем станциясының жас маманы Аслан Жанұзақовтың қырағылығы кімге болса үлгі. Ол түнгі ауысымда жүріп, станцияға кіреберіс теміржолда рельстің сынығын байқап қалып, қауіптің алдын алды. Осылай жылжымалы құрамдарға төнген апаттың жолын қиған 26 жастағы жас маман Аслан Жанұзақов Жем станциясында сигнал беруші болып еңбек етеді.    

«Сол күні де әдеттегідей түнгі кезекшілікте болдым. Сағат 21:00 уақытында Жаңажолдан Жем станциясына жүк тиелген вагон құрамы келді. Тежегіш башмактарды орналастыра бастадым. Оңтүстігінен сегізін, солтүстігіне бесеуін орналастырдым. Олардың түгелдіктерін, орналасуын тексеріп шықтым. Сол кезде Жаңажолдан келген тепловоз тоқтады. Айналып 14-ші жолға түсті. Оңтүстік жағына орналасқан тежегіштердің төртеуін алып кері қайтқанымда 12-ші жолдан көзіме оқыс нәрсе шалынғандай болды, өтіп барып қейін қайттым, қарасам ақаулы рельс жерді қазып тастапты. Бірден кезекшілікке хабар бердім. Тепловоз кесіліп қалған жерде кідіріп, қатқан жерді терең қылып қазып тастаған. Бөлініп қалған рельс астының қазылып қалуы өте қауіпті. Тепловоз жолдан шығып кетуі әбден мүмкін. Сол себепті бұл бірден жоғарыдағы мамандарға хабарланып, қалпына келтіру жұмыстары дереу жүргізілді», – деді ол оқиға туралы сұрағанымызда Аслан.

Осы Жем станциясында туып-өскен жігіт 2011-2016 жылдар аралығында теміржолда жұмыс істеп, Ақтөбе қаласындағы көлік және коммуникация колледжін бітіреді. Сосын басқа саланы да көрмек болып кәсібін ауыстырады. Бірақ, басқа жұмысқа «жерсінбейді», қайтадан үйренген теміржолға кеткісі келген де тұрған.

 – Биылғы жылдың ақпан айынан бастап Жем станциясында сигнал берушімін. Алғашында 1-2 ай оператор болып жүріп, сосын штатқа сигналшы болып ауыстым. Қауіпсіздікке қызмет ететін жұмысым өзіне ұнайды, – дейді қырағылығының арқасында ақау тапқан Аслан.

Ардақ ЕРУБАЕВА, Жем станциясы


Қауіпсіздік
03.07.2024
Өткелде мұқият болыңыз
Жаңалықтар
03.07.2024
Қазақстан мен Қытай арасындағы жүк тасымалы 22%-ға артты
Жаңалықтар
02.07.2024
Қазақстан-Қытай Іскерлік кеңесі аясында бірқатар стратегиялық құжатқа қол қойылды
Жаңалықтар
02.07.2024
Марат Қарабаев елордада ҚХР Көлік министрімен кездесті
Жүк тасымалы
02.07.2024
Қазақстан-Қытай теміржолы дамып келеді
Жаңалықтар
02.07.2024
ҚТЖ мен CRRC келісімі шеңберінде алғашқы маневрлік локомотивтер Алтынкөл станциясына толық жеткізілді
Спорт
02.07.2024
Маңғыстаулық теміржолшы ММА-дан Азия чемпионы атанды
Инфрақұрылым
02.07.2024
Семейде инфрақұрылым жаңаруда
Жаңалықтар
02.07.2024
Әлемде теміржол көлігі анағұрлым экологиялық таза көлік түрі
Жолаушылар тасымалы
02.07.2024
Қазақстанда инва-купелердің саны артып келеді
Әлеумет
02.07.2024
Жемқорлықты жою жолдары талқыланды
Жаңалықтар / Мұрағат
02.07.2024
«Қазақстан теміржолшысы» газеті, №55 02 шілде 2024 жыл
Темір жол тарихы
01.07.2024
Жамбыл локомотив пайдалану депосы ғасырлық мерейтойын атап өтеді
Жаңалықтар
01.07.2024
Астана вокзалдары күшейтілген жұмыс режиміне көшті
Аймақтар
01.07.2024
Жолшыларға жайлы ғимарат берілді (Фото)
Станция тынысы
01.07.2024
Түркістанның гүлденуіне теміржолшылар үлкен үлес қосып отыр
Жаңалықтар
01.07.2024
Теміржолшы ғимаратты өрттен сақтап қалды
Спорт
01.07.2024
Қазақстан темір жолының 120 жылдығына орай турнир өтті
Спорт
01.07.2024
Шымкентте шахматтан турнир өтті
Жаңалықтар
01.07.2024
Жол бойындағы шөптер шабылып жатыр