Маңғыстаулық вагон қараушылар «Бүйір рамасын бақылау» акциясына белсене кірісіп кетті

Аймақтар
14.01.2019, 13:56

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ барлық филиалдарында 15 желтоқсаннан бастап «Бүйір рамасын бақылау» төрт айлығы бастау алғаны белгілі. Мақсат – жүк вагондары арбасында құйма бөлшектері сынығын дер кезінде анықтап, апаттың алдын алу және пойыздар қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету.  

Айлықты өз деңгейінде өткізуге Маңғыстау вагон пайдалану депосының бүкіл ұжымы жұмыла кіріскен. Вагоншылардың жұмыс көрсеткіштеріне көз жүгіртсек, 2017-2018 жылдары оннан астам адам «Қозғалыс қауіпсіздігі үшін» төсбелгілерін кеуделеріне қадады. Депоның вагон қараушылары арасында өз міндеттерін үлкен жауапкершілікпен атқарып, жылжымалы құрамның жолдан шығып кетуіне себеп болатын күрделі ақауларды анықтағандардың аз емес екенін осыдан-ақ байқауға болады. Олардың көбісі – соңғы кезде жиі кездесетін бүйірлік рама ақауын анықтағандар. Мәселен, өткен жылы вагоншылар Ж.Тұрғанбаев букстық тораптың бұзылуын, К.Орынбаев бүйірлік раманың сынығын, Ы.Сатыбалдиев, А.Есбосынов, Б.Дүйсембаев, С.Көпейсінов букстың жылжуын анықтады. Ал, Б.Битанов букстың шашылуын, Ж.Исанов, Б.Тыныштықов, И.Елусинов, Н.Сариев бүйірлік раманың жарығын тапты.

Маңғыстау вагон пайдалану депосының техникалық қызмет көрсету пунктінің вагон қараушысы Берік Дүйсембаев 2017 жылы бүйірлік рамадан аса ірі көлемді, өте қауіпті жарық тапқан еді. Ол одан кейін де, яғни өткен жылдың наурыз, тамыз айларында екі бірдей қауіпті ақауды, жұп доңғалағы дискісінің жарығын және жұп доңғалағының букстық торабының 20 мм-ге жылжуын көрсетіп берді. Осылайша, ол өз ісінің мықты маманы, қырағы вагон қараушы екендігін талай рет дәлелдеді.

Депо директорының орынбасары Майлыбай Камалов вагон шаруашылығындағы ақаулықтардың көбінесе құйылмалы детальдардан келетіндігін айтты. Сондай-ақ ол бұл айлықтың қатаң жүргізілуі вагон депосында басты назарда тұрғандығын жеткізіп: «Қазір ауа райының күрт өзгермелі кезі. Аяз көтеріліп, жел ысқырады. Детальдар қысылады, әр түрлі деформацияларға ұшырайды. Сол үшін сол детальдарға басты назар аудару – шарт. Вагондарға жүк тиеледі, жолға күш түседі дегендей. Мәселен, осы айлық басталғалы бүйірлік рамадан бір ақау, жарықша табылды. Оны Бейнеу станциясындағы техникалық қызмет көрсету пунктінің вагон қараушысы Аманат Сұлтанов дер кезінде анықтады. Вагон Бейнеуде ағытылды», – деді.

Әсел ТАҢАТАРОВА,

Маңғыстау


Қауіпсіздік
03.07.2024
Өткелде мұқият болыңыз
Жаңалықтар
03.07.2024
Қазақстан мен Қытай арасындағы жүк тасымалы 22%-ға артты
Жаңалықтар
02.07.2024
Қазақстан-Қытай Іскерлік кеңесі аясында бірқатар стратегиялық құжатқа қол қойылды
Жаңалықтар
02.07.2024
Марат Қарабаев елордада ҚХР Көлік министрімен кездесті
Жүк тасымалы
02.07.2024
Қазақстан-Қытай теміржолы дамып келеді
Жаңалықтар
02.07.2024
ҚТЖ мен CRRC келісімі шеңберінде алғашқы маневрлік локомотивтер Алтынкөл станциясына толық жеткізілді
Спорт
02.07.2024
Маңғыстаулық теміржолшы ММА-дан Азия чемпионы атанды
Инфрақұрылым
02.07.2024
Семейде инфрақұрылым жаңаруда
Жаңалықтар
02.07.2024
Әлемде теміржол көлігі анағұрлым экологиялық таза көлік түрі
Жолаушылар тасымалы
02.07.2024
Қазақстанда инва-купелердің саны артып келеді
Әлеумет
02.07.2024
Жемқорлықты жою жолдары талқыланды
Жаңалықтар / Мұрағат
02.07.2024
«Қазақстан теміржолшысы» газеті, №55 02 шілде 2024 жыл
Темір жол тарихы
01.07.2024
Жамбыл локомотив пайдалану депосы ғасырлық мерейтойын атап өтеді
Жаңалықтар
01.07.2024
Астана вокзалдары күшейтілген жұмыс режиміне көшті
Аймақтар
01.07.2024
Жолшыларға жайлы ғимарат берілді (Фото)
Станция тынысы
01.07.2024
Түркістанның гүлденуіне теміржолшылар үлкен үлес қосып отыр
Жаңалықтар
01.07.2024
Теміржолшы ғимаратты өрттен сақтап қалды
Спорт
01.07.2024
Қазақстан темір жолының 120 жылдығына орай турнир өтті
Спорт
01.07.2024
Шымкентте шахматтан турнир өтті
Жаңалықтар
01.07.2024
Жол бойындағы шөптер шабылып жатыр