Семей магистральдық желі бөлімшесі бойынша қысқа даярлық жұмыстары биыл ерте пысықталды

Аймақтар
17.01.2019, 14:20

 Семей магистральдық желі бөлімшесі бойынша қысқа даярлық жұмыстары биыл ерте пысықталған болатын. Бөлімше шаруашылығын қатал маусымға әзірлеу мақсатында №286 бұйрық аясында арнайы штаб құрылып, жүйелі жұмыс жүргізілгеннің арқасында теміржолшылар қысты қамсыз өткізуде. 

Магистральдық желі бөлімшесі бастығының орынбасары Дәурен Қабастың айтуынша, қазіргі күндері бірінші кезекте теміржолшылардың жұмыс орны, қызметтік-техникалық нысандардың жылылығына баса мән берілуде. Бұл ретте НЖС-6-ға қарасты 234 ғимарат толық даярланған қалпымен қысқа кірген болатын. Яғни, орындалу деңгейі 100 пайызды құрап отыр. Аталмыш бағытта әсіресе жол шаруашылығындағы нысандар талапқа сай етілген. Мәселен, Семей жол дистанциясына қарасты 39 нысан жаздың өзінде-ақ толық жөндеуден өткізіліп, керек-жарақпен мезгілінде қамтылды. Теміржолшылар жылыну үйшіктері де қайта жаңартылған. Сол тәрізді жұмыстар Аягөздегі ПЧ-42, Жаңа-Семейдегі ПЧ-40 бойынша да уақытында іске асырылған-ды. Сондай-ақ, мұндай жұмыстар вокзал шаруашылығы бойынша да тыңғылықты жүзеге асырылып, орындалу деңгейі 100 пайызды құрады. 

Штаб мүшелері мән берген негізгі шара жылу қазандықтарының қысқа әзірлігі болды. Бұл ретте бөлімшеге тиесілі Шаған, Семей, Серебрянкадағы жылу беру орындары қазіргі таңда қалыпты жұмыс істеп тұр. Техникалық көмірдің мол қоры жасақталған. Отыннан тапшылық жоқ. Айлап аяз қысқанның өзінде де қатты отын қоры толығымен жетеді деп межеленуде.

Аталмыш шаралар аясында теміржолшылардың өз күштерімен орындаған бір шаруасы жылу трассаларын жөндеу еді. Биылғы жылғы белгіленген жоспар 0,225 шақырым толық орындалып, қазіргі таңда ақаусыз жұмыс істеп тұр.

Сонымен қатар, табиғаттың қытымыр мінезіне төтеп беріп жұмыс жүргізулері үшін жолшылардың қажеттілігі түгенделіп, техникалық жабдықтар жаңаланды. Атап айтсақ, бағыттамалы бұрмаларды қар мен мұздан тазалау үшін қолданылатын үрлегіш-пневмообдувкалардан 366 бірлік жұмыс жасап тұр. Осы жұмыстар аясында жол дистанцияларына қарасты компрессор станциялары толығымен жөндеуден, қайта жабдықталудан өтіп, жолшылар игілігі үшін қызмет көрсетуде. Бұл жұмыстың өзіне тән жауапкершілігі бар. Сол себепті мамандардың барлығы да кезегімен Павлодар қаласында арнайы оқу курсынан өтіп, кәсіби біліктіліктерін шыңдап қайтыпты. Яғни, бәрінің арнайы сертификаты бар. Мұнымен қатар, жұмысшылардың барлығы жуырда ғана қатаң түрдегі аттестациялаудан өтіп, қысқы мезгілде жұмыс істеу талап-тәртібін меңгергендіктерін толық дәлелдеді.

Қыс мезгілі сынаққа толы Семей өңірінде жолшылар үшін жол техникаларының қажеттілігі орасан. Осы тұрғыда теміржол бойымен жүретін түрлі типті машиналардың 61 бірлігі қазіргі таңда желі бойында жұмыс жүргізуде. Оның сыртында қысқы маусымда пайдалану үшін қатарға қосылған 192 автокөлік те жергілікті теміржолшылардың игілігінде. Бұл ретте басшылық тарап бірінші кезекте жолшыларға кең көңіл бөлінгенін айтады. Олардың игілігінде бүгінде 88 техника бар. Ал келесі кезекте қажеттілікке орай ШЧ мен ЭЧ үшін қосымша техникалар берілген.  

– «Теміржолшыны қыста сына!» деген сөз бар. Нағыз кәсіби мамандар үшін сыналатын да, шыңдалатын да кезең осы қысқы мезгіл. Сондықтан да, қызметкерлер үшін мейлінше қолайлы жағдай жасалды. Әсіресе, қысты алғаш қарсы алатын жас мамандарға ерекше көңіл бөлінді. Олардың жанына тәжірибелі мамандар бекітілген. Сондай-ақ, арнайы оқу-жаттығудан да өтті. Биылғы жылы Семей магистральдық желі бөлімшесі бойынша олардың саны 74 теміржолшыны құрап отыр, – дейді НЖС-6 бойынша жол бөлімінің бастығы Қайыргелді Ахметжанов.

Мамандардың айтуынша, желтоқсандағы алғашқы аязбен мол түскен қарды тазарту теміржолшылар үшін аздап қарбалас әкелгенмен, жалпы жағдай тұрақты, пойыздар тоқтап қалған немесе кешіккен жайттар орын алған емес. Алаңдатарлық жағдай туындаған жоқ. Қозғалыс барысы кедергісіз. «Қыс шанаңды жаз сайла!» демекші, мұның барлығы жаз бойғы жүргізілген қатал маусымға даярлық шараларының оңды нәтижесі екеніне сенімді семейлік теміржолшылар.

Қуаныш Қожаев, Семей


Қауіпсіздік
03.07.2024
Өткелде мұқият болыңыз
Жаңалықтар
03.07.2024
Қазақстан мен Қытай арасындағы жүк тасымалы 22%-ға артты
Жаңалықтар
02.07.2024
Қазақстан-Қытай Іскерлік кеңесі аясында бірқатар стратегиялық құжатқа қол қойылды
Жаңалықтар
02.07.2024
Марат Қарабаев елордада ҚХР Көлік министрімен кездесті
Жүк тасымалы
02.07.2024
Қазақстан-Қытай теміржолы дамып келеді
Жаңалықтар
02.07.2024
ҚТЖ мен CRRC келісімі шеңберінде алғашқы маневрлік локомотивтер Алтынкөл станциясына толық жеткізілді
Спорт
02.07.2024
Маңғыстаулық теміржолшы ММА-дан Азия чемпионы атанды
Инфрақұрылым
02.07.2024
Семейде инфрақұрылым жаңаруда
Жаңалықтар
02.07.2024
Әлемде теміржол көлігі анағұрлым экологиялық таза көлік түрі
Жолаушылар тасымалы
02.07.2024
Қазақстанда инва-купелердің саны артып келеді
Әлеумет
02.07.2024
Жемқорлықты жою жолдары талқыланды
Жаңалықтар / Мұрағат
02.07.2024
«Қазақстан теміржолшысы» газеті, №55 02 шілде 2024 жыл
Темір жол тарихы
01.07.2024
Жамбыл локомотив пайдалану депосы ғасырлық мерейтойын атап өтеді
Жаңалықтар
01.07.2024
Астана вокзалдары күшейтілген жұмыс режиміне көшті
Аймақтар
01.07.2024
Жолшыларға жайлы ғимарат берілді (Фото)
Станция тынысы
01.07.2024
Түркістанның гүлденуіне теміржолшылар үлкен үлес қосып отыр
Жаңалықтар
01.07.2024
Теміржолшы ғимаратты өрттен сақтап қалды
Спорт
01.07.2024
Қазақстан темір жолының 120 жылдығына орай турнир өтті
Спорт
01.07.2024
Шымкентте шахматтан турнир өтті
Жаңалықтар
01.07.2024
Жол бойындағы шөптер шабылып жатыр