Билік партиясының Қызылордадағы өкілдері мүмкіндігі шектеулі теміржолшыға қолдау көрсетпек

Аймақтар
21.01.2019, 18:18

 «ҚТЖ» Ұлттық компаниясының салалық мекемелерінде теміржолшылардың әлеуметтік жағдайын арттыру мақсатында бірнеше жоба қолға алынып жүзеге асырылуда.  

Қызылорда ЖТ бөлімшесінде де аталған әлеуметтік жобалар ойдағыдай іске асырылуда. Мәселен, дистанцияларда әйел затының денсаулыққа қауіпті жерлерде жұмыс жасауы азайтылып, оларға арнайы қосымша ақы төленіп, мүмкіндік болса ауыр жұмыстарды жасауына шектеу қойылған. Сонымен қатар денсаулығында кінәраты бар теміржолшылардың жұмыс жасауына мүмкіндіктер жасалып, оларға арнайы жеңілдіктер қарастырылған және де бұл жағдайлар үнемі назарда ұсталуда.  

Қызылорда электрмен жабдықтау дистанциясы теміржолшыларының әлеуметтік тұрғыдан қолдау деңгейін бақылау үшін «Нұр Отан» партиясының «Теміржол» филиалы төрағасының бірінші орынбасары Базара Танбаева мекемеге арнайы келіп, кездесу өткізді.

Кездесуде еңбек адамының белсенділігін арттыру, оларды қоғамның мүшесі екендігін сезіндіру мақсатын ұстанған партия өкілі, әрбір қызметкердің жұмыс орнына барып, қызметтерімен танысып, жұмыс беруші тарапынан жұмыс жасауға жасалған ыңғайлы жағдайларын көріп, әлеуметтік қолдау білдірді.

– Қызылорда электрмен жабдықтау дистанциясында мүгедектігіне байланысты 4 қызметкер есепте тұр. Оларға мекеме басшылығы тарапынан ұдайы қолдау көрсетілуде. Партияның «Кедергісіз келешек» жобасы аясында денсаулығы сыр берген жандардың еңсесін тіктеп, өзгелер секілді жұмыс жасауға қолайлы жағдай жасаған басшыларға алғыс айтамыз, – деді «Теміржол» филиалы төрағасының бірінші орынбасары Базара Танбаева.

Кездесу барысында өздерінің кәсіби міндетін адал атқарып, абыройлы қызмет жасап, дистанцияның дамуына қосқан үлестері үшін 4 қызметкерге «Теміржол» партия филиалы төрағасының алғыс хаты табысталды.

Сабырхан СЕЙІЛБЕКҰЛЫ, Қызылорда

Суретті түсірген автор


Қауіпсіздік
03.07.2024
Өткелде мұқият болыңыз
Жаңалықтар
03.07.2024
Қазақстан мен Қытай арасындағы жүк тасымалы 22%-ға артты
Жаңалықтар
02.07.2024
Қазақстан-Қытай Іскерлік кеңесі аясында бірқатар стратегиялық құжатқа қол қойылды
Жаңалықтар
02.07.2024
Марат Қарабаев елордада ҚХР Көлік министрімен кездесті
Жүк тасымалы
02.07.2024
Қазақстан-Қытай теміржолы дамып келеді
Жаңалықтар
02.07.2024
ҚТЖ мен CRRC келісімі шеңберінде алғашқы маневрлік локомотивтер Алтынкөл станциясына толық жеткізілді
Спорт
02.07.2024
Маңғыстаулық теміржолшы ММА-дан Азия чемпионы атанды
Инфрақұрылым
02.07.2024
Семейде инфрақұрылым жаңаруда
Жаңалықтар
02.07.2024
Әлемде теміржол көлігі анағұрлым экологиялық таза көлік түрі
Жолаушылар тасымалы
02.07.2024
Қазақстанда инва-купелердің саны артып келеді
Әлеумет
02.07.2024
Жемқорлықты жою жолдары талқыланды
Жаңалықтар / Мұрағат
02.07.2024
«Қазақстан теміржолшысы» газеті, №55 02 шілде 2024 жыл
Темір жол тарихы
01.07.2024
Жамбыл локомотив пайдалану депосы ғасырлық мерейтойын атап өтеді
Жаңалықтар
01.07.2024
Астана вокзалдары күшейтілген жұмыс режиміне көшті
Аймақтар
01.07.2024
Жолшыларға жайлы ғимарат берілді (Фото)
Станция тынысы
01.07.2024
Түркістанның гүлденуіне теміржолшылар үлкен үлес қосып отыр
Жаңалықтар
01.07.2024
Теміржолшы ғимаратты өрттен сақтап қалды
Спорт
01.07.2024
Қазақстан темір жолының 120 жылдығына орай турнир өтті
Спорт
01.07.2024
Шымкентте шахматтан турнир өтті
Жаңалықтар
01.07.2024
Жол бойындағы шөптер шабылып жатыр