Атырау теміржолшыларына өндірістік қауіпсіздік мәдениетін бағалау нәтижесі жөнінде семинар өтті

Аймақтар
29.01.2019, 16:19

Жуырда «ҚТЖ» ҰК» АҚ Өндірістік қауіпсіздік және экология департаменті менеджерлерінің қатысуымен Атырау темір жолы бөлімшесінде 23-25 қаңтар аралығында «Өндірістік қауіпсіздік мәдениетін бағалау нәтижесі бойынша өндірістік қауіпсіздікті басқару жүйесін одан әрі жетілдіру үшін әдістемелік көмек көрсету» тақырыбында үшкүндік семинар өтті. 

Қай өндіріс ошағы болсын, еңбек қауіпсіздігі бірінші орында тұрады. Әсіресе, қауіпті аймақ саналатын темір жол үшін бұл аса маңызды. Атының өзі айтып тұрғандай, қауіпсіздік мәселесін қаузаған тренингтің алғашқы екі күні теориялық сабақтар бойынша, ал соңғы күні практикалық түрдегі жаттығулар өтті. Оған Атырау жүк тасымалы бөлімшесі мен магистральдық желі бөлімшесіне қарасты өңірде еңбек етуші барлық құрылымдық бөлімше басшылары мен бас инженерлері, станция басшылары, қауіпсіздік жөніндегі жауапты мамандар бар, 50 шақты адам қатысты.  

Теориялық сабақта оқиғаны тіркеу бойынша 1-ші дәрежелі тергеу жүргізу, нөлдік травматизм, қауіпсіздік мәдениеті, заң талаптарының реестрін жүргізу бойынша ұсынымдар, қауіптілікті бағалау және оны басқару, оқиғаның шығу тегін табу, «Алтын ережелер» қауіпсіздігі бойынша жеке жоспарын дайындау тақырыптарында әңгімелер талқыланып, екіжақты диалог ретінде өтті. Семинар-тренингке қатысушылар астаналық менеджерлер Орынова Гүлзипа мен Жатқанбаева Алтынайға көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, оларға тұшымды жауап ала білді.  

Семинардың үшінші күні практикалық сабақ түрінде өтіп, қатысушылар әуелі Атырау вагон депосына барды. Онда вагонның ақаулы доңғалақтарын түсіріп, жөндеп, қайта салу процесін қадағалап, жұмысшылар жұмысына баға берілді. Сол секілді Атырау станциясының басындағы жол жөндеу бригадасымен кездесіп, олардың жұмыс барысын қадағалады, сол жерде нақты ұсынымдар берілді. Ал дөңес басында вагон құрастырушылардың, дөңес операторларының жұмысымен танысты. Сол секілді байланыс, электрмен қамту, басқа да мекемелерде болып, нақты жұмыс жағдайындағы қауіпсіздік мәселелері қаралды.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ Өндірістік қауіпсіздік және экология департаменті менеджері Г.Орынованың айтуынша, бұл кестеге сай өткізіліп жатқан семинар, жылына кем дегенде 4 рет өткізіледі. Мұндағы мақсат – кемшілік тауып, жазалау емес, керісінше, сол кемшіліктің алдын алу, болдырмау жағын күйттеу, яғни қауіпсіздік мәдениетін сақтауға үйрету. «Сол мақсатта теориялық сабақта да, практикалық түрде де қауіпсіздіктің алдын алу жағына басымдық бердік. Әлемде қарапайым ғана қауіпсіздікті сақтамағаннан жылына өндіріс орында 3 млн астам адам қазаға ұшырайды екен. Ал темір жол – өте қауіпті жұмыс орны. Сондықтан біз жұмысшыларға аса сақ болуды, үйде оларды отбасы, бала-шағасы күтіп отырғанын үнемі ескертеміз», – дейді ол.

«Мұндай семинар-тренингтердің өтіп тұрғандығы аса маңызды. Құрылымдық бөлімше басшылары мен бас инженерлерінің түгелдей қатысуы да олардың осындай қауапсіздік жөніндегі сабақтарға мұқтаж екенін білдірді. Теориялық та, практикалық та сабақтар шынайы түрде өтті. Ол үшін астаналық мамандарға рахмет айтамыз. Ал біз өзіміздің білімімізді толықтырып, жауапкершілігімізді арттыра түстік» дейді Атырау жүк тасымалы бөлімшесінің бас инженері Бауыржан Картан.

Теориялық сабақта және мамандармен бірге өндірісті аралау барысында байқағанымыз, ешкімге қатты сөз айтылып жатқан жоқ, басым бағытта түсіндіру, кеңес беру бағытындағы әңгімелер айтылуда. Мұны жұмысшылар да жылы қабылдап жатыр. Бірақ басшыларға қатаң талап қойылуда. Өйткені олар қарамағындағы әр адамға жауап береді.

«Астаналық мамандардың нақты жұмыс орнымызға келіп бізбен тілдесіп, тренинг өткізіп, ақыл-кеңестерін беруін мен өте жақсы қабылдадым. Жалпы, семинар-тренингтің пайдасы зор болғаны анық», – дейді Атырау жол дистанциясының жол шебері Сұңғат Талғатұлы.  

Қосұйым Мұқашев, Атырау 

Суреттерді түсірген автор


Қауіпсіздік
03.07.2024
Өткелде мұқият болыңыз
Жаңалықтар
03.07.2024
Қазақстан мен Қытай арасындағы жүк тасымалы 22%-ға артты
Жаңалықтар
02.07.2024
Қазақстан-Қытай Іскерлік кеңесі аясында бірқатар стратегиялық құжатқа қол қойылды
Жаңалықтар
02.07.2024
Марат Қарабаев елордада ҚХР Көлік министрімен кездесті
Жүк тасымалы
02.07.2024
Қазақстан-Қытай теміржолы дамып келеді
Жаңалықтар
02.07.2024
ҚТЖ мен CRRC келісімі шеңберінде алғашқы маневрлік локомотивтер Алтынкөл станциясына толық жеткізілді
Спорт
02.07.2024
Маңғыстаулық теміржолшы ММА-дан Азия чемпионы атанды
Инфрақұрылым
02.07.2024
Семейде инфрақұрылым жаңаруда
Жаңалықтар
02.07.2024
Әлемде теміржол көлігі анағұрлым экологиялық таза көлік түрі
Жолаушылар тасымалы
02.07.2024
Қазақстанда инва-купелердің саны артып келеді
Әлеумет
02.07.2024
Жемқорлықты жою жолдары талқыланды
Жаңалықтар / Мұрағат
02.07.2024
«Қазақстан теміржолшысы» газеті, №55 02 шілде 2024 жыл
Темір жол тарихы
01.07.2024
Жамбыл локомотив пайдалану депосы ғасырлық мерейтойын атап өтеді
Жаңалықтар
01.07.2024
Астана вокзалдары күшейтілген жұмыс режиміне көшті
Аймақтар
01.07.2024
Жолшыларға жайлы ғимарат берілді (Фото)
Станция тынысы
01.07.2024
Түркістанның гүлденуіне теміржолшылар үлкен үлес қосып отыр
Жаңалықтар
01.07.2024
Теміржолшы ғимаратты өрттен сақтап қалды
Спорт
01.07.2024
Қазақстан темір жолының 120 жылдығына орай турнир өтті
Спорт
01.07.2024
Шымкентте шахматтан турнир өтті
Жаңалықтар
01.07.2024
Жол бойындағы шөптер шабылып жатыр