Атырау жүк тасымалы бөлімшесінде 2018 жылдың қорытынды есебі тыңдалды

Аймақтар
30.01.2019, 17:26

Атырау жүк тасымалы бөлімшесінде 2018 жылдың қорытынды есебін тыңдау жиыны өтіп, оған жүк тасымалы мен магистральдық желі бөлімшесі, өлкедегі барлық құрылымдық мекемелер, станция басшылары, басқа да жауапты мамандар қатысты.  

Жиынды ашқан бөлімше басшысы Мағауия Оразқұлов, былтырғы жылы өндірістік көрсеткіштер жаман болмағанын, сонымен қатар бірқатар кемшіліктер де орын алғанын жасырмады. Сондықтан, сын түзелмей – мін түзелмейтінін еске салып, көпшілікті жетістікке қанағат, ал кемшіліктен қорытынды шығара білуге шақырды.

Жыл қорытындысы бойынша баяндама жасаған бөлімшенің бас инженері Бауыржан Картанның айтуынша, өткен жылы жоспарға сай пайдаланым жұмыстарының негізгі 16 көрсеткішінің 14-і орындалған. Кем түскен 2 көрсеткіш – пайдаланым жүк айналымы 9329,4 млн т-кмнетто болып, 98,4 пайызды құраса, пойыздардың техникалық қозғалыс жылдамдығы 50,38 км/сағ болып, 99,8 пайызды құраған. Яғни, Басқарма жоспарына сәйкес пайдаланым жүк айналымы 150,6 млн т-кмнеттоға кеміген немесе 1,6%. Техникалық жылдамдық 0,08 км/сағ, 0,2 пайыз кем.

Жүк тиеу бойынша Құлсары, Ақжайық станциялары көш бастаса, жүк түсіруде Атырау, Құлсары, Ақжайық, Ганюшкино станциялары алда. Жүк тиеу көлемінің бұрынғыдан кему себебі, негізгі жүк жөнелтуші «Теңізшевройл», «Батыс Транс Групп» ЖШС тарапынан мұнай өнімдерін жіберу азайып кеткен. Яғни, зауыттың күкірт түйіршіктейтін қондырғысында жоспарланбаған жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жұмыс тоқтаған. Сондай-ақ, «Теңізшевройл» кәсіпорнында жөндеу, Атырау мұнай өңдеу зауытындағы мұнайды терең өңдеу кешенінде қосу-реттеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты мазут, газойль сынды мұнай өнімдері зауыттан аз тиелген. Аталған мерзімде транзитті тасымал көлемі де азайғаны байқалады. Қиғаш түйіспесінен, Сағыз бен Құлсары түйіспесінен пойыздар кем алынған. Ал пойыздар қозғалысының техникалық жылдамдығының кемуі жылдамдықты азайтуға берілген ескертумен байланысты. Биыл Мақат-Атырау учаскесінде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуіне және Мақат-Құлсары учаскесінде шпалдар ақауы болуына орай жылдамдықты азайту орын алған.

Өткен жылдың 12 айында бөлімше бойынша қозғалыс қауіпсіздігін бұзудың 5 оқиғасы тіркелген. Үлкен апат орын алмағанымен, вагонның доңғалағы рельстен шығып кету, автокөлікпен соғысу, сонымен қатар сырт адамдардың өздерінің кесірінен адам басып кету фактілері орын алған. «Қалай дегенмен де мұның бәрі жұмысқа деген салғырттықтың әсерінен болады. Әркім өз ісіне жауапкершілікпен қарауы тиіс. Әйтпесе мұндай оқиғалардың қайталанбауына ешкім кепілдік бермейді» деді М.Оразқұлов ол мәселе жөнінде.

Озық технологияларды өндіріске енгізу қолға алынып жатқаны да сөз болды. Қазіргі сәтте, мысалы, «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ клиенттердің клиентке бағдарлануын жақсарту, тұтынушылармен өзара әрекеттесудің сапалы жаңа деңгейіне жету үшін автоматтандырылған басқару жүйесін пайдаланады, Атырау бөлімшесінде 16 станция осындай жаңашыл АСУ ДКР жүйесіне қосылған. Электр энергиясын және дизельді отынды тұтынуды есепке алу, бақылау және талдауда бизнес процестерді кешенді автоматтандыру үшін локомотивтер «Энергиямен жабдықтау пакеті» автоматтандырылған басқару жүйесін (АСУ ЭДТ) пайдаланады. Бөлімшеде локомотивтер (барлығы – 56, оның ішінде 21 маневрлік, 15 жолаушылар, 20 жүк локомотиві) автоматтандырылған басқару жүйесімен жабдықталған. Пойыздың жұмысын жедел басқару және басқару аймақтарындағы жедел жағдайды көрсету үшін, жекелеген бағыттар және тұтастай алғанда орындалған пойыздар қозғалысы кестесінің автоматтандырылған жүйесі (ГИД Урал) де енгізілген. Былтыр бұл жүйе Атырау-Исатай учаскесінде болса, биыл басқа учаскелерге де енгізу жоспарланып отыр. Бөлімшеде еңбек қауіпсіздігі мен еңбек жағдайын жақсарту кешенді жоспарына сәйкес, 8 шара белгіленіп, түгел орындалған. Оған 8011.6 мың теңге қарастырылып, орындалуы 79504,2 мың теңге, яғни 101,9 пайызды қамтыған.

Жиын барысында магистральдық желі бөлімшесі, бірқатар станция мен дистанция басшыларының да есебі тыңдалды. Атырау магистральдық желі бөлішесі бастығының орынбасары Жаннат Жартыбаев та жасалған жұмыстарға тоқталды. Өткен жылы күрделі жөндеу бойынша Атырау және Құлсары жол дистанциялары бойынша 29,26 км жол жөндеуден өткен, жоспардың орындалуы – жүз пайыз. Олар Теңдік пен 496 разъезд, Таскескен-Қарабатан, 460 разьезд бен Бейнеу станциясы аралығы. Ал орташа жөндеу бойынша 27 км жоспарланып, орындалған. Яғни, Сағыз, Кенбай, Атырау-Махамбет, Аққыстау-Бақсай, Опорная-465 разъед. Учаскелік бөліктері арлығында жарамсыз шпалдар ауыстырылған. Бірақ темірбетон шпалдар мен рельс сапасына сын айтылды. Жамансор, 279, 420, 414 разъездер және Шоқпартоғай, Бәйтерек, Толтыр станцияларына жаңадан темірбетонды белдеумен 7 бағыттағыш бұрмалар төселген. Жолшылардың бір жұмысы – ақау табу. Бөлімшеде 41 ақаутапқыш құрылғы бар. Өткен 12 айда ультрадыбысты ақау табу құрылғыларымен әр учаскелердегі 257 дана жедел ауыстыруға жататын ақаулы рельстер табылып, ауыстырылған. Ол қозғалыс қауіпсіздігін сақтауға мүмкіндік береді.

 «Жұмыс бағыты қалыпты, қозғалыс тұрақты десек те, қауіпсіздікте кемшіліктер бар. Теміржолшының жұмыста жүріп жарақат алуы, байқаусыз вагон астына түсіп қалуы жақсы емес. Әуелі өзімізді түзейік. Құрылымдық бөлімше басшылары тарапынан бақылау төмен. Дизель отынын ұрлау, металл сынықтарын қолды ету, басқа да жағымсыз фактілер тыйылмай отыр. Локомотивтер дизельді үнемдеуді естен шығарып алады. Мақат станциясында маневрлік тепловоздар орнына үлкен локомотивтер бос вагонды сүйреп жүреді. Ол жұмысты жүйелі ұйымдастырмағандықтан деп білемін. Барлық мәселе жауапкершілікте. Сондықтан әр іске асқан жауапкершілікпен қарап, үнемдей білуді үйренейік» деп қорытты жиынды бөлімше басшысы М.Оразқұлов.

Қосұйым Мұқашев, Атырау

Суретті түсірген автор


Қауіпсіздік
03.07.2024
Өткелде мұқият болыңыз
Жаңалықтар
03.07.2024
Қазақстан мен Қытай арасындағы жүк тасымалы 22%-ға артты
Жаңалықтар
02.07.2024
Қазақстан-Қытай Іскерлік кеңесі аясында бірқатар стратегиялық құжатқа қол қойылды
Жаңалықтар
02.07.2024
Марат Қарабаев елордада ҚХР Көлік министрімен кездесті
Жүк тасымалы
02.07.2024
Қазақстан-Қытай теміржолы дамып келеді
Жаңалықтар
02.07.2024
ҚТЖ мен CRRC келісімі шеңберінде алғашқы маневрлік локомотивтер Алтынкөл станциясына толық жеткізілді
Спорт
02.07.2024
Маңғыстаулық теміржолшы ММА-дан Азия чемпионы атанды
Инфрақұрылым
02.07.2024
Семейде инфрақұрылым жаңаруда
Жаңалықтар
02.07.2024
Әлемде теміржол көлігі анағұрлым экологиялық таза көлік түрі
Жолаушылар тасымалы
02.07.2024
Қазақстанда инва-купелердің саны артып келеді
Әлеумет
02.07.2024
Жемқорлықты жою жолдары талқыланды
Жаңалықтар / Мұрағат
02.07.2024
«Қазақстан теміржолшысы» газеті, №55 02 шілде 2024 жыл
Темір жол тарихы
01.07.2024
Жамбыл локомотив пайдалану депосы ғасырлық мерейтойын атап өтеді
Жаңалықтар
01.07.2024
Астана вокзалдары күшейтілген жұмыс режиміне көшті
Аймақтар
01.07.2024
Жолшыларға жайлы ғимарат берілді (Фото)
Станция тынысы
01.07.2024
Түркістанның гүлденуіне теміржолшылар үлкен үлес қосып отыр
Жаңалықтар
01.07.2024
Теміржолшы ғимаратты өрттен сақтап қалды
Спорт
01.07.2024
Қазақстан темір жолының 120 жылдығына орай турнир өтті
Спорт
01.07.2024
Шымкентте шахматтан турнир өтті
Жаңалықтар
01.07.2024
Жол бойындағы шөптер шабылып жатыр